Әлішер Сүлейменовтың кинокартинасы прокатқа шығады

«A"Star Film» және «Bayterek production» компаниялары түсірген «Облако на крыше» көркем фильмі жалпыұлттық прокатқа биыл сәуірдің 26-ынан бастап шығады.
Әлішер Сүлейменовтың кинокартинасы прокатқа шығады

Аталмыш фильмге Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы техникалық қолдау көрсетті.  Фильмнің сценарий авторы әрі қоюшы-режиссері – актер, режиссер, композитор Әлішер Сүлейменов.

Фильм авторларының айтуы бойынша бұл картина Қазақстандағы алғашқы қалалық сага-фэнтези. Туынды мәңгілікке жауласып келе жатқан Жақсылық пен Жамандықтың күресін қалалық жастардың түнгі өмірі мен күнделікті тіршілігі арқылы баяндайды.

«Фильм көптің бірі боп жүрген жігіттің өмірін өз ойындарының ойыншығы еткен Періште мен Әзізіл туралы. Екеуі келісімге келіп, сыртынан бақылау жасап, Тимур есімді жігіттің өміріне араласады. Біз шынайы өмірде қаншалықты ертегінің орын алатынын және ертегіде шынайы өмірдің барын көрсеткіміз келді. Жалпы айтқанда, фильм үлкендерге арналған ертегі», - дейді Әлішер Сүлейменов.

Барлық түсірілімдер Алматы қаласында өткен. Түсірілім локациялары ретінде қаланың түнгі клубы мен биік ғимараттың шатыры алынған. Кейіннен сахналар арнайы эффектілер мен компьютерлік графика арқылы қажетті қалыпқа келтірілген.

Фильмдегі басты рөл жас актер, режиссер және сценарист Диас Әзімжанға бұйырған. Ол Нью-Йорк киноакадемиясын бітіріп, «кино және тв режиссурасы» атты мамандығы бойынша магистр атанған. Айта кетелік, бұл оның толықметрлі кинодағы алғашқы рөлі.

Диас Әзімжан режиссер ретінде үш қысқамтеражды фильм түсіріп, мынадай кинофестивальдердің лауреаты атанған: Direct Monthly Film Festival, I Республикалық “Байқоңыр” кинофестивалі, “Los Angeles CineFest”, “Barcelona Planet film festival”,  “Indie Wise virtual film festival”.

Сондай-ақ, фильмге Вахид Изимов, Камилла Нугманова, Қазына Абдырахман, Мадина және Медина Тәліпбек, Үсенжан және Асанжан Сұлтановтар және басқалар.

Фильм туралы: Қыз бен жігіт кейпіндегі Періште мен Әзіәзіл, қаладағы биік бір ғимараттың үстінен төмен қарап, кетіп бара жатқан Тимур есімді жігітке таңдаулары түсіп, текетіреске түседіОйында ештеңе жоқ жігіт түңгі клуб әкімшісі болып табылатын досының туған күнін тойлау үшін клубқа қарай беттейді…

Өндірісі: A"Star Film, Bayterek production, Kazakhfilm

Сценарий авторы: Әлі Шер Сүлеймен

Қоюшы-режиссер: Әлі Шер Сүлеймен

Қоюшы-оператор: Ескендір Нарымбетов

Қоюшы-суретші: Ринат Шашубаев

Композиторлар: Асқар Шафи, Стас Ионов

Продюсер: Ариэль Әсенова

Хронометражы: 80 минут

Жанры: фэнтези

Шығарылған күні: 2018

Анықтамалық ақпарат:

Әлішер Сүлейменов - Актёр, Режиссёр, Сценарист, Композитор

Фильмографиясы: (кинодағы рөлдері) «Жертва для Императора», «Канун», «Лейтенант С», «Балалық шағымның Дон Кихоты», «Третья сторона медали», «Құлагер».

Фильмографиясы: (қоюшы-режиисер және сценарист) «Облако на крыше», «Луна любит Солнце», «Птица», «Мой милый/Айналайын».

дереккөз: www.kazakhfilmstudios.kz