Айгерім Мажитханқызы
өнертанушы
Бірінші көрме 5 наурыз күні «Көктем әуені» атауымен көркем тоқыма мамандығы ұйымдастырды. Екінші көрменің аталуы «Көктем шабыты», бұл көрмеде станокты графика, кескіндеме, мүсін мамандықтары үздік жұмыстарының үлгісін көрсетті.
«Көктем әуені». Көрменің мақсаты: Қазақ қолданбалы өнерін жандандырып, дамуына үлес қосу. Студенттердің бойындағы мамандығына деген қызушылығын арттырып, сапалы туынды жасауға шабыттандыру.
Көрмені ұйымдастырар алдында үлкен жұмыс жүргізілді. Көрменің ашылуына дейін студенттердің барлық жұмыстарына іріктеу жұмысымен қатар ең жақсы туындыға талдау өткізілді. Сараптамашы ретінде Астана қаласының суретшілер Одағының төрағасы Ермеков Тохтар Тишкулович шақырылды. Гобелен, киіз ден жасалған жұмыстарының сапасы мен композициясы қарастырылды. Сондықтан ең үздіктеріне арнайы "Шеберлік", "Үйлесімділік" номинациялары бойынша жүлделі орындар берілді.
Жүлделі орындар алғандар:
"Үйлесімділік" номинациясы:
1 орын – Тезекбаева Гүлайым "Таудың етегінде" атты гобелен жұмысы. Жетекшісі:Калимова–Кастеева Дария
2 орын – Хасанутдинова Сара, "Кешкі натюрморт" гобелен. Жетекшісі: Калимова-Кастеева Дария.
"Шеберлік" номинациясы
1 орын – Тезекбаева Гүлайым,"Өткеннен болашаққа" атты гобелен.Жетекшісі: Сәуле Мухамеджанова.
2 орын – Щербакова Камилла, "Қуанышты сәттер" атты гобелен. Жетекшісі: Калимова–Кастеева Дария.
3 орын - Аппазова Дина, "Ауыл кеші" атты киізден жасалған панно. Жетекшісі: Ботагоз Төлеш
Сонымен қатар, Гран при ретінде ең үздік жұмыс таңдалды. Оған "Үздік туынды" деген атау берілді. Осы жүлдені Хашимова Саида "Көктем" атты киізден жасалған туындысына алды. Жетекшісі: Ботагөз Төлеш.
«Көктем шабыты» атты көрменің ашылуы сәуір айының 17-сі күні өтті.
Көрмеде студенттердің курстық жұмыстары және дипломдық жұмыстары, сайыстарға қатысып жүлде алған туындылары да қойылды. Экспозиция құрылмай тұрып, іріктеуден өткізіліп, ең үздіктері көрермендер назарына ұсынылды. Көрме мамыр айының 17-сіне дейін болады. Мақалада бірнеше туындыға, әсіресе дипломдық жұмыстардың тақырыптарына және мазмұнына шолу жасалды. Дипломдық жұмыс – шеберліктін және студенттің ой санасының жетілуін, суретші ретінде қолыптаса білуін, колледжде меңгерген білімінің қорытындысының көрсеткіші. Сондықтан бірнеше жұмысқа тоқталып өткен жөн.
Көрмеге жұмыстарымен және оқушыларды дайындап қатысқан оқытушылар: Маханбетжанова Г.М., Избекенов А.А., Кастеева Д.М., Аманбаев М.С., Төлеш Б.Ш., Досмагамбетов Б., Асемқұл Б.С., Талапхан А., Табысбек Т., Нурбаев С.А., Аубакирова А.Д.
«Тіршілік қамы» - балықшылардың күн көрісі. Мен Балқаш көлі жайында айтпақшымын. Ол жерде өзім көрген балықшылардың өз жанұялары үшін барын салып балық аулап жатқанына куә болғанмын. Сондағы алған әсерім керемет. Жұмыстың мақсаты тек көріністі беру ғана емес, сонымен қатар қоршаған ортаны мен көңіл күй толғанысын бейнелеу болып табылады.
«Жырау» атты туындысында Алматов Алмасбек Нұрмаханұлын бейнеледі. Ол атақты жырау, оқытушы, фольклор зерттеушісі, ғалым, профессор. Дипломдық жұмысын орындау барысында Алматов Алмасбекпен жиі кездесіп, нобайлар салып, ізденіс жұмыстары жүргізілді. Жыраулардың ролі туралы кітаптар оқылып, композициялар шешімі бойынша жұмыс жасалды.
Автор «Құрақ көрпе» жұмысында отбасының құрылуын және ұлттық дәстүрдің жалғасуының маңыздылығын көрсетеді. Әр отбасы мүшесі құрақтың бір бөлшегі тәрізді, мата қиындыларын біріктіргенде көрпе құралғандай, отбасының мүшелері жиналғанда дәулет құрылады. Қазіргі заманға сәйкес интерьерде жас келіншектің құрақ құру жұмысымен айналысып отырғаны, заман өзгерсе де дәстүрдің сақталуы маңызды екенін жеткізуге тырысады. «Ана көрген тон пішеді» деп мақалда айтылғандай, отбасының үлкендері өз іс-әрекеттерімен жас ұрпаққа өнеге көрсетеді. Дәстүр мен ырым-салтын сақталуы – тәртіпті қамтамасыз етеді. Өйткені, қазақтардың дәстүрлерінде жасы үлкендерді сыйлау, кішіге қамқор, қонақжайлылық, ата-бабалардың өсиетін және рухын құрметтеу секілді үлкен ұғымдар сақталған. Бұл ұғымдар отбасының тірегі мықты болып құрылып, әрі қарайта дамуына әсер етеді.
«Күту сәті» атты дипломдық жұмыс. Вокзал әрдайым біреуді күтіп алу немесе шығарып салумен байланысты болады. Автор жиі жол жүретін болғандықтан, оқуға шығарып салып жатқан жақындарын вокзалда бейнелегісі келген.
«Саяхатшы» атты дипломдық жұмыс. Автордың ойынша нағыз саяхатшылар жолға жаяу аттанады. Олар үшін ең күрделі жол аймақтары мен тау қыраттары, өз күшінді сынап көру секілді сынақтан өту тәжірибелер. Студент ойын жақсы жеткізе білді деп ойлаймын, жұмысқа қарағанда бірден көз алдымызға көп жүріп, ел кезген джиһангездің бейнесі туындайды.
ҚазҰӨУ-нің мектеп оқушыларын және көркемсурет мектеп түлектерін сулы бояумен бейнелеуді үйретіп дайындайтын Маханбетжанова Г.М. Мектеп оқушыларының керемет сулы бояу тәсілімен бейнеленген туындылар көрмеде ерекше орын алды.
2015 жылы ҚазҰӨУ-нің колледжінде «Станокты графика» мамандығы ашылды. Студенттерді кітаптарға арналған иллюстрацияларды линегравюра тәсілінде салуды үйретеді. Қазір бұл мамандық бойынша: Аманбаев Манат, Табысбек Толқын студенттерді дайындап жүр.
Фотосуретте Аманбаев Манат Сагындыкович 2-курс студенті Ботабаеваға Наиримге станокпен қолдануды түсіндіріп тұр.
Графика мамандығында оқитын: Қонқаспай М., Дауренбеков Т., Ботабаева Н., Богомолов А. студенттердің жұмыстары көрмеге қойылды.