Мақала
Ақанаевтар әулеті
Жарату − өмір сүру дегенді білдіреді
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 03.12.2017
Авторы: Кульжазира Мукажанова
Мақала
Ақанаевтар әулеті
Жарату − өмір сүру дегенді білдіреді
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 03.12.2017
Авторы: Кульжазира Мукажанова
Ақанаевтар әулеті

Көрме 13 шығармашылық тұлғалардан тұратын бір отбасы мүшелерінің кескіндеме, графика, фотожұмыстарының 70 астам шығармаларын ұсынады. Еліміздегі белгілі суретшілер әулетіне Амандос Ақанаев жетекшілік етеді. Экспозицияға, оның жұмыстарынан бөлек Руслан, Ботагөз, Ескендір, Аспарух, Мырза-Әли Мұхит және Александра Ақанаевтар, сонымен қатар, Лаура Оразбекова, Нэлли Бубэ, Дарина Бацких, Вадим Мищенко және Рада мен Глеб Антощенко-Оленевтердің шығармалары қойылды. Осылайша, дәстүрлердің сабақтастығына куә отбасының үш ұрпағының шығармашылығы ұсынылады. Бұл ретте, Амандостың пайымдауынша, олардың әулеті – осы шақтың құбылысы ғана емес. «Ата-анам Әтібек пен Бибіхан б.з.д. III ғасырда көне мемлекет құрған үйсін халқынан шыққан. Менің анам Бибіхан тамаша халық шебері болған». Нэлли Бубенің анасы да кесте тігіп, тоқыма тоқыған шебер болған. Бұл әулеттің көркемдік қайнар көзі ғасырлар қойнауынан бастау алады. Әрбір жаңа ұрпақтан өзіндік тұлғалар шығады.

Ақанаев Амандос Әтібекұлы − Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Көркемсурет академиясының толық мүшесі.

А.Ақанаев «Сәукеле» 1992

Көрмеде суретшінің Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі қорындағы туындылары ұсынылады. Олар 1970-ші жылдан бастау алған кескіндемешінің шығармашылық жолының алғашқы кезеңін бейнелейтін туындылардан құралған: «Жоқтау» 1975, «Ажалсыздық туралы поэма. Триптих» 1985 және басқалар. Бұл өмірдің күрделі шиеленісін толығымен білдіру үшін, бейнелілік өрнегін қолданып адамдарды ортақ эмоционалды ортада біріктіретін Ренато Гуттузоның шығармашылығына әуестенген жылдар еді. Кейіннен, оның шығармашылығындағы формалды ізденістер жаңа бағыт алды. Ол қондырғылы кескіндеме аясында рельефтік сурет технологиясын жасайды. Көркем матаға металл, тоқыма, ағаш және басқа да материалдарды органикалық түрде енгізе отырып, композициялық шешімнің табиғилығына қол жеткізеді. Амандостың метатілі түс, фактура, металл ойынымен өмірдің мәні шиеленістіреді. Оның шығармалары – көшпенді Азия мәдениетінің орасан зор көркемдік шежіресі. Көрмеде жақында бастаған Қазақстанның көрнекті тұлғаларының портреттер топтамасының бірі – «Болат Аюхановтың портреті» ұсынылған. Колористік гаммасы әдеттегідей өте нәзік және дәл қойылған.

А.Ақанаев «Көшпенділер-III» 1989

Бубэ Нэлли. ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері.

Амандоспен бір жылда Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдады. Оның шығармашылық жолы кітап, иллюстрациялармен байланыста болды. 1990-шы жылдардың ортасында ол майлы бояу кескіндемесіне бетбұрады. Және осы кезде оның дарындылығы арта түсті. Көшпенділердің тарихы мен өміріне деген қызығушылығынан «Ұлы жібек жолы» атты үлкен панорама топтамасы пайда болады. «Киелі кітап әңгімелері» топтамасы – адамның рухани әлемді ұғынуы. Өмірдің барлық соқпағы «Шығыс базары», «Наурыз» шығармасында көрініс тапты. Суретшіні мәңгілік тақырыптар толғандырады: руханилық, адамгершілік, дәстүрлер. Бубэ қысқа айтуға күшті эмоционалды дыбысталу арқылы қол жеткізеді.

Ботакөз Ақанаева. «Сәукеле»

Ботагөз Ақанаева. Оның шығармашылығында көптеген көрмелер, олардың ішінде шетелдіктері де бар. Әр түрлі жанрларда үлкен шығармалар салғанды ұнатады – тақырыптық композициялар, портрет, натюрморт. Негіз ретінде төзімді болып келетін ағашты пайдаланады. Рельеф, коллаж, нақыштама, металл, қоланы пайдаланады, композицияға бөтелкелер, карталар, терезе жақтауларын қосады. Суретші өз кейіпкерлеріне өзі ойлап тапқан киімдерді кигізіп, оларды қымбат тастармен, зергерлік бұйымдар, майда моншақ пен алтын зермен көмкереді. Оның қиялы қажымайды. Ботагөз әлемнің өз бейнесін қалыптастырады, «дұрыс» композицияларға сай келмейтін, өзіндік өмір сүретін және өзін кейде өзгеше, ыстық, сәндік-қолданбалы түспен, кейде пішіндердің деформациясы мен материалдық негізді бұзатын кеңістікпен танытады.

Ақанаев Руслан. Жан-жақты, дарынды суретші. Кескіндеме, графика және мүсін өнері саласына қызығушылық танытады. Оның стимпанк стилінде орындалған Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің кіре берісінде тұрған ғажайып Дон-Кихот алғашқы мүсіні келушілердің назарын ерекше формасы мен материалымен өзіне баурайды. «Шығу тегі туралы аңыз» триптихінде жартасқа салынған суреттер киіз кілемді еске түсіретін түрлі-түсті құрақтарға толы кенептің кеңістігіне табиғи енеді. Өмірдің байырғы философиясы, болмыстың нәзік үйлесімі суретші шығармашылығының толғандыратын тақырыбы болып табылады.

Мұхит Мырза-Әли-Ақанай «Скифтердің қайта жандануы сериясынан» 2013-2014

Ақанаевтардың жас ұрпағы – Мұхит, Рада, Глеб, Аспарух, Александра – жаңаша ойлайды, олар қондырғылы кескіндемеде өздерін еркін сезінбейді, сол үшін көшеге шығады. Табиғат оларды ататегінен дарынды етіп жаратты. Олардың ортақ атасы бар – Амандос Ақанаев. Сонымен бірге, Мұхиттың атасы − Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті аудармашы, ақын Қадір Мырза-Әли. Рада мен Глебтің атасы – атақты қазақстандық график В.И. Антощенко-Оленев. Отбасының бай көркем дәстүрлері олардың шығармашылық әлеуетінің, сондай-ақ, алдағы өсуінің кепілі.

А.Ақанаев «Лаура Оразбекованың портреті»

Оразбекова Лаура (1949-2017). Өнертанушы, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, өнертану кандидаты. 1996 жылы оның бастамасымен құрылған AICA (ЮНЕСКО жанындағы көркемсурет сыншыларының халықаралық қауымдастығы) Ұлттық секциясының Қазақстандағы тұңғыш президенті. Амандос Ақанаев пен Лаура Оразбекова негізін қалаған ҚР Көркемсурет академиясы қоғамдық қорының тұңғыш президенті. Көркемсурет академиясының ресми құрылған уақыты 2006 жылдың 13 наурызы. Қазақстандағы өнер мәселелерін кәсіби түрде қамтитын «Shahar-Культура» журналының кураторы болды. Оразбекова Л.С еліміздің мәдени мұраларын сақтау мәселелері толғандыратын дара тұлға, терең білімді, кең мүдделі қайраткер болды.

Ескендір Ақанаев «Ойын»

Көрме Оразбекова Л.С. еске алуға арналады.

Көрме жетекшісі Мұқажанова Күлжазира