Мақала
Телесериал және көрермен психологиясы
Көрермен өзінің қорғансыздығын, өлімнің жақындығын және басқа да экзистенциялық мәселелерді еске түсіргенін қаламайды. Сериалдық өмір осы негіздік үрейді тұтандыру үшін емес, өшіру үшін арналған.
Бөлім: Кино
Датасы: 27.04.2017
Авторы: Ержан Жұмабеков
Мақала
Телесериал және көрермен психологиясы
Көрермен өзінің қорғансыздығын, өлімнің жақындығын және басқа да экзистенциялық мәселелерді еске түсіргенін қаламайды. Сериалдық өмір осы негіздік үрейді тұтандыру үшін емес, өшіру үшін арналған.
Бөлім: Кино
Датасы: 27.04.2017
Авторы: Ержан Жұмабеков
Телесериал және көрермен психологиясы

Ержан ЖҰМАБЕК

Кинотанушы


Қазіргі заман көрермендерінің сериалды қалай қабылдайтыны жайлы көп тәсілді айтуға болады. Бірақ ең басты метафора ретінде «сабынды операның» тұрақты көрермендері өзге баламалы әлемде өздігінше өмір сүретінін фокус-груптың көпжылдық тәжірибесінде растайды. Телевизиялық «толқын» күнделікті тіршіліктен ажыраудың бірден-бір маңызды бөлшегі болып табылады. Қазіргі заман көрермендері қоршаған ортаның шындығынан қайда, қандай әлемге кеткісі келеді? Бұл сұраққа көбінесе «жақсы нәрсені, ертегіні қалау, демалу тілегі т.б.» деген сияқты жауапты береді. Осыған байланысты Толкиен суреттеген гипотеза да осы «кетудің» бағытын анықтай түседі: «К волшебным историям, которые предлагают нам помощь фантазии, восстановления, побега, утешения – поддержку, в которой дети, как правило, нуждаются меньше, чем взрослые».

«Ертегі» деп көрермендер сиқырлы немесе мистикалық мазмұндағы емес, үлгілі, «шынайы өмірдің» түзу бұрылыстарын, «армандардың іске асуын», күнделікті өмірде көп іске аса бермейтін романтикалық, сезімтал тілектердің сериалда орындалуын айтады.

Ресейлік «Искусство кино» журналының журналистері көрермендердің сериалды әлемін жете түсіну мақсатында арнайы фокус-групп тәсілімен зерттеу жүргізді. Сериалдың кешкі көрсетілімі кезінде көрермендер одан мынадай нәрселерді көргісі келеді:

  • интерьердің, табиғаттың, киімнің сұлулығы, олармен кейіпкерлердің қатынасы; олардың заманға сайлылығы, байлығы, тартымдылығы;
  • мейірімділік, позитивті екпіннің басым болуы, кейіпкерлер жағымды сезімдерге ие болуы;
  • махаббат және лирикалық көңіл күйдің болуы. Сюжетте жұбайлық, романтикалық, ата-аналық т.б. махаббат түрлерін күшті, кең түрде көрсету;
  • кейіпкерлер ара қатынасындағы ашық психологизм және олардың мінез ашықтығы;
  • сюжеттердің шынайылығы, аздаған ойдан шығарылған оқиғалар, қақтығыстар мен кейіпкерлердің түрлері. Онда табиғи өмір кезеңдерінің орын алуы – жанұясындағы өмір, жеке өмірінің қалыптасуы, үйлену, отбасылық қатынас, балалардың тууылуы, ата-аналармен байланысы, кәрілік;
  • құндылықтар мен құрылымдар, көрерменмен жақындастыратын және бөлетін дүниелер. Сюжет, кейіпкерлер, олардың іс-әрекеттері көрермендерге түсінікті, таныс және жақын болу керек;
  • оқиғаның «ертегіше болуы», өмірлік, романтикалық, сезімтал тілектердің орындалуы.

Сонымен қатар, сериал көрермендері үшін мынадай жайттар міндетті түрде болуы қажет:

  • оқиғаның түрленуі;
  • актерлер ойынының шынайылығы, кейіпкерлердің тартымдылығы;
  • күшті және мөлдір қақтығыс;
  • сериалдың салмақты, жұмсақ екпінде болуы;
  • сериалдың ортақ сапасы – «мейірімділік, ойлылық, көлемділік, картинканың бояулылығы.

«Әйелдер» сериалындағы мынадай жағдайлар көрермендік қызығушылықты бәсеңдетеді:

  • заңсыздықты және адамның қорғансыздығын, кейіпкелердің арасындағы жауыздықты дәріптейтін;
  • көңіл-күйлік ауыр кадрлардың көп болуы;
  • сюжеттің тым байламдылығы;
  • сериалдың махаббат тақырыбынан криминалды, детективті қақтығыстырға, жекеменшік мүлік, ақша, бизнес тақырыбына жиі ауысып отыруы;
  • суықтық, жалпы кеңістік пен сериал кейіпкерлерінің көңіл-күй, сезімдердің жетіспеушілігі;
  • ер адам образдарының айқын болмауы;
  • көріністердің ауытқуы;
  • сюжеттердің және кейіпкерлердің молдығы, олардың бір-бірімен байланыспауы.

Сериалдың мақсаты шарт бойынша көрермендерді көрсетілімге тарту, оның назарын экранға аудару болып табылады. Оны іске асырудың тағы бір белгілері:

  • кейіпкерлердің сезімдері, олардың ашық, түнек көңіл-күйлері «ірі планмен» берілуі тиіс;
  • негізгі көріністер саспенс дәрежесінде көрсетілуі керек;
  • қақтығыс сюжеттер жоғары шиеленіске дейін бару керек;
  • мінездердің қозғалысы мен кейіпкерлер образының қарапайымдылығы.

Осы айтылған қасиеттердің барлығы сериалдың табысты болуы үшін қажет-ақ, алайда жеткіліксіз. Ол үшін көрсетілетін сериалдың идеалары мен құндылықтары көптеген көрермендер өмір сүретін кеңістік пен саналы, көбінесе санадан тыс бөліп тұратын «мифтермен» және сол ұжымдық бейнелердің мазмұнымен сәйкес болуы қажет. Осы ұжымдық бейнелер әлемнің шын мәнінде қандай екенін емес, олардан бөлек қандай болу керек екенін армандайды. Басқа сөзбен айтқанда көрермендердің жұмбақ үміттерін іске асыру үшін белгілі ертегінің құрылымын құрып қояды. Осылай сериалдың «мифологиялық сапасы» қалыптасып, оның «телевизиялық сапасының» жоғарылығына қарамастан табысты немесе елеусіз болатыны анықталады. Екі әлем – сериал мен көрерменнің әлемдері бір-бірімен қабысқанда ғана табыстың кілтіне айналады.

Көрерменді жоғалтпау максатында бір сериясын тәмәмдаған тұста оқиғаны аяқсыз, шиеленістіріп қалдыру телехикая режиссерларының ұстанған басты мақсаты. Әр сериясы шиеленіскен түрде күрт үзіліп қалған тұста көрерменнің психологиясы күйзеліске ұшырайды. Жеңіл желпі түрде және жан дүниесімен қабылдайтын көрермен аудиториясы болады. Әсіресе мұндай құбылыс жасөспірімдердің шыдамсыздығына әкеліп соғып, психологиялық өзгеру себептерінің бірі болып, көрерменнің қоғамдағы ролін әлсіретеді. Сериалдардың жалғасына дейін күні бойы сол телехикаялардың кейіпкерлерінің болашақ тағдырын, өмірін ойлап, қоршаған ортадан алшақтана бастайды.

Табысты сериал сонымен қатар сол уақыттың мәдени және қоғамдық жайттарымен сәйкес болып отыруы шарт. Сәйкес болғанда да тікелей емес, көрсетілім кезінде теледидар алдында отырған көрерменнің жеке басының құндылықтарына, қабылдау түйсігіне ешқандай қауіп төндірместей, олардың  символикалық қауіпсіз кеңістігінде қалуын жалғастырардай атмосфера қажет. Көрермен өзінің қорғансыздығын, өлімнің жақындығын және басқа да экзистенциялық мәселелерді еске түсіргенін қаламайды. Сериалдық өмір осы негіздік үрейді тұтандыру үшін емес, өшіру үшін арналған.

Егер сериал «арманның орындалуы» шегінен шығып кетсе, көрермендерді мәселелерімен қосып шынайылықтан алып кетудің орнына рухани тыныштығын бұзып, қоғамның және жеке басының шешілмес мәселелерін еске түсіріп, сұрақтарына қанағаттанарлық жауап бермесе көрермендерде негіздік үрей сезімі алға шығады. Ал негіздік үрей «ғажайып қауіпсіздік» сезімін бұзады. Адамдар шынайылықтан бас тарту мен белгілердің жамылғысының астында өмір сүреді. «Ғажайып қауіпсіздік» дегеніміз – образ, белгі, жолдама – осының бәрі тұтынылып, рухани тыныштық сыйлайды, әлеммен біркелкі қашықтықты нықтайды.

Көптеген сериал сюжеттерінің арасында көбінесе мына үш метасюжет жиі қолданылады: «Золушка» (қайғы, қасіреттен кейін өз бақытын керемет ханзадамен табатын кейіпкер қыз), «Робин Гуд» (әлеуметтік әділетсіздікті заңсыз байлықты тартып алу жолымен қалпына келтіретін кейіпкер), «Богатые тоже плачут» (ауқатты өмірдің өзіндік мәселелері бар екендігін дәлелдейтін). Бірақ осы үш метасюжет негізінде жақсы сценариймен жазылған елдің өмірі және сондай қалыптағы сценариймен жазылған өзіндік жеке өмір көрермендердің зерігуін басады деп айтуға болмайды. Алайда дәл осылардың айналымы жеңіл және көпшіліктің сұранысына сәйкес келіп, қоғамдық иллюзияның құрылымын бір уақытта және қайталап құра алады.

Бүкіл ақпарат құралдарының ішінде телеведение ақпаратты бүкіл елге 100%-ға дейін толық тарата алатын болғандықтан, әр елдің 70%-дан жоғары халқы теледидар тамашалайтыны белгілі. Сондықтан кейбір мемлекеттерде әлеуметті қорғаушы мамандар сериалдың адам психологиясы мен қоғамға әкелетін кейбір зияндарын алға тартып, оны қазіргі заманның басты күрделі  мәселелерінің бірі ретінде қозғайды. Олар көрермендердің өздерінің сұрғылт, қарапайым өмірін түрлі-түсті, шытырман оқиғалы, қақтығысты, жасанды, ойдан шығарылған «сериалдар әлеміне» ауыстыруын шектен шыққан пассивтікке және алкоголь мен наркодәрілермен шамалас тәуелділікке алып келеді деп тұжырым жасайды.

Сонда да көрермендерді талғамсыз деп айтуға болмайды, олар экранға қарап отырып ертегі көріп отырғанын біледі, нақ сол «ертегіні» көргісі келеді және «ертегілер» мен шынайы өмірді саналы түрде ажырата алады. Бұл құбылыстың бір себебі - экономикалық, саяси, рухани толқыныстар мен күйзелістердің ортасындағы қорқыныштардың, өлім, ауру, аштық сезімдерінің алдында қорғансыздығы адамдарды шешілмес мәселелерден, қорқынышты сезімдерден құтылудың бірден бір жол зиянсыз жалған өмірге кетуді қажет етеді.

Көрермен мен сериал шындық қылып қабылдау, қабылдамау секілді түсініктерден тұратын жазылмаған шартты келісім қабылдайды. Қазіргі заманда телевизиялық шындық түрлі қырларынан байқалады. Әсіресе ол «жоғарыда отыратын» кейіпкерлердің мүліктік дәрежесінде көрінеді. Мысалы кейіпкердің жүрген ортасына сәйкес тұратын үйі, киетін киімі, мінетін көлігі шынайы өмірдегіден гөрі қымбат, сәнді болуы тиіс. Көрермен кейіпкердің шын өмірде ондай бола алмайтынын түсінгенмен де, одан артық «шындықты» қаламайды.

Қазіргі заман сериалдарында мемлекеттік қоғамдағы әлеуметтік құрылымына сәйкес кейіпкерлердің құрамының өзгерістерін байқауға болады. Олар: «жоғарғылар» - олигархтар, банкирлер, табысты кәсіпкерлер, өнер адамдары, криминалды беделділер, «төмендегілер» - қайыршылар, жезөкшелер, наркомандар, «жанындағылар» - тыңшылар, полицейлер, шекарашылар, ұшқыштар. Осы мамандықтағы кейіпкерлер көрермен үшін сериалдағы «нағыз шындық» ретінде қабылданады. Осындай оқиғалар қарапайым көрерменге ақша, билік, байлық секілді қазіргі замандағы қоғамдық идеалға символикалық жағынан жақындасуға және оқиғаларға талдау, бақылау жасап отыратың құдіретті сезінуге мүмкіндік береді.

Бір жағынан телесериалдың кәсіби кинематография саласында да белгілі орын алып жатқанын әлемнің алпауыт киномамандары бас қосатын халықаралық кинофестивальдарда айшықты еленетінен байқауға болады. Мәселен, солардың ішінде телевизиялық жұмыстың жанр, мини-сериалдың, мини-сериалды актерлары мен екінші пландағы актерлардың үздігін марапаттайтын шетелдік прессаларының Голливудтық ассосациясы ұсынатын америкалық «Золотой глобус» киносыйлығы бар. Және ғылыми фантастика, фэнтэзи және ужас фильмдерінің Академиясының ұсынатын американдық «Сатурн» киносыйлығы телеберілімге арналған үздік телесериал, кабельдік телеведениеге арналған үздік телесериалды, классикалық телесериалды басып шығарған үздік DVD  шығарылымдарын және «Эмми» секілді тағы басқа көптеген халықаралық кинофестивалдер үздік телесериалдар мен олардың актерларын анықтайды.

Бүгінгі таңда  қоғамдағы технологиялық жетістіктердің арқасында көрермен көптеген мәліметтерді визуалды өнер түрлерінен алары белгілі.  Әсіресе кино, телесериалдар өндірісінен. Бұл өнер түрлері видеороликтердің және арнайы мақсаттағы жарнамалардың прокаты үшін өте тиімді болып отыр.  Жарнама өнер кеңістігінде, арнайы тап өкілдеріне өзге мақсатта әсер етушу  күш болып еніп кеттті. Кино, телеэкрандағы сахналық кеңістік жарнамалық кеңістікке айналды. Мұнда көрерменге жаңа мобильді телефон, сусын, автомобиль т.б. өнімдердің маркалаларын жарнамалайды. Яғни, тауардың өтімділігі мен түпкір шалғай елді мекендегі тұтынушыларының санын арттыру үшін, көремендердің психологиясына тікелей әсер етуші күш  сериал өндірісі арқылы оңай шешімін тауып отыр.

Соңғы уақыттары бүкіл әлеммен байланыс орнатып, ақпарат алу заманауи адам үшін ешқандай қиындық тудырмайды. Мәселен, көрермен қазір сүйікті сериалын көру үшін минут, сағат, күн санап теледидар алдында күтіп отырмайды. Ақпараттар легі жан-жақтан толассыз келіп жатқан заманда көрермен қалаған сериалын DVD дискі, сандық телевизия, ғаламтор секілді оңайтылған техникалық жолмен көруге мүмкіндігі мол.