Бүгінгі жастар киносының бағыттары, көркемдік деңгейі және жаңа тенденциялар:
Іс-шараның мақсаты:
- Жас режиссерлерді қолдау;
- Фильмдерін насихаттау;
- Көркемдік деңгейін бағалау, даму бағытын және жаңа тенденцияларды анықтау.
Қарастырылған негізгі мәселелер:
- Халықаралық және Республикалық кинофестивальдерде жүлделі болған фильмдердің көркемдік және тақырыптық ерекшеліктерін саралау;
- Соңғы жылдары жоғарғы көрсеткішке ие болған жас режиссерлер фильмдерінің отандық кино саласында маңыздылығын айқындау;
- Республикалық деңгейдегі кинофестивальдердің шығармашылық жұмысына шолу.
Талдауға ұсынылған фильмдер:
- «Өліара», реж. Елзат Ескендір
- «Жесткий тип», реж. Баймұрат Жұманов
- «Пәтер», реж. Ербол Бораншы
- «Куб», реж. Максим Кодаров
- «Картоп жегіштер», реж. Шарипа Оразбаева
- «Мама», реж. Бегалы Шібікеев
- «Саз-махаббат», реж. Айгүл Ақсамбиева
- «Таң сәулесінің шапағаты», реж. Дархан Төлегенов
- «Маршрут», реж. Дархан Төлегенов
- «Еркек», реж. Берік Шаханов
- «Аялдама», Диас Кулмаков
- «Шакал», реж. Айсұлтан Сейітов
- «Қаттырақ қағыңыз!», реж. Малик Зеңгер
- «Майлыбайдағы оқиға», реж. Самғар Рахым
Қатысушылар:
- Молдияр Ергебеков – кинотанушы, PhD, СДУ қауымдастырылған профессоры. (модератор).
- Баубек Нөгербек – кинотанушы, PhD, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының доценті.
- Ержан Жұмабеков – кинотанушы, докторант, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік университетінің оқытушысы.
- Дана Әмірбекова – кинотанушы, докторант, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер инистутының ғылыми қызметкері.
- Айнұр Иса – Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, баспасөз қызметінің жетекшісі.
- Айгүл Ақсамбиева – кинорежиссер.
- Серік Әбішев – кинорежиссер, кинопродюсер, докторант.
- Асхат Кучинчиреков – кинорежиссер, актер.