Көзімнің қарасы
Көзімнің қарасы – жастардың өнер мен мәдениет саласы бойынша іс-шаралар ұйымдастыратын еркін пікір алмасу клубы. Клуб алғаш 2015-жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы студенттерінің атсалысуымен құрылып, көптеген шығармашылық кездесулер ұйымдастырды. Бүгінгі күнде клуб Oner Portal аясында жеке жоба ретінде өз жұмысын жаңа форматта жалғастыруда.