Мақала
Ақын, жазушы Ырысбек Дәбеймен шығармашылық кездесу
"Көзімнің қарасы" мәдени-танымдық клубына қонаққа келген ақын, жазушы Ырысбек Дәбей оқырмандармен бірге "Мөлтіл" кітабына енген шығармаларына талдау жасады.
Бөлім: Көзімнің қарасы
Датасы: 25.11.2016
Авторы: Берікбол Батан
Мақала
Ақын, жазушы Ырысбек Дәбеймен шығармашылық кездесу
"Көзімнің қарасы" мәдени-танымдық клубына қонаққа келген ақын, жазушы Ырысбек Дәбей оқырмандармен бірге "Мөлтіл" кітабына енген шығармаларына талдау жасады.
Бөлім: Көзімнің қарасы
Датасы: 25.11.2016
Авторы: Берікбол Батан
Ақын, жазушы Ырысбек Дәбеймен шығармашылық кездесу

Мезгілсіз басталған қыстың қытымыр суығына қарамастан «Көзімнің қарасы» клубы өзінің кезекті кездесуін өткізді. Қонағымыз ақын, жазушы Ырысбек Дәбей.

Ол 1979 жылы Алтай аймағында дүниеге келген. «Шық тұнған жолдар» атты өлеңдер, «Әкелеріміз айтатын әңгіме» атты эсселер жинағының авторы. Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін ақынның «Шық тұнған жолдар» атты өлең жинағы жарық көргенде кездесу өткізген болатынбыз. Осы жолы прозалық шығармаларының жинағы  «Мөлтіл» кітабына куәгер болып отырмыз. Кездесу барысында туындылардың қалай жазылғаны жайында, бүгінгі күнгі ақын, жазушылардың жаңашыл бағыттары туралы сөз қозғалды. Сонымен қатар, студенттер мен оқырмандар тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауап қайтарып, екі жақты еркін пікірлер алмасты. Кітаптағы көлемді туындысы «Қарға тамған көз жасы» хикаятының жазылу процесіндегі қызықтар мен өзіндік қиыншылықтарында тілге тиек етті. Алғашқы салмақты прозалық туындысы туралы оқырмандардың ойын сұрады. Әзірге дəстүрлі классикалық туындыларға  қалам тартып, болашақта одан да күрделі шығармаларға бет бұратынын жеткізді. Соңғы жылдарда Виктор Франклдың логотерапиясын оқып, жан-жақты зерттеп жүрген Ырысбек Дәбей, өз шығармашылығына да логикалық ой толғамдарының әсерін тигізгенін айтты. Расында «Бүйрек пен Талон», «Бейбақ» атты әңгімелері В.Франклдың мысалдарына саятын логикалық астарлы шығармалар екені оқырманға бірден байқалады. Балалық шақтың естеліктерінен алынған «Самұрықтың зары», «Құрал қонған қыс», «Тау басындағы қардың дəмі» әңгімелерінен бірден Оралхан Бөкейдің әлеміне тап болғандай күй кешесіз. Себебі, Алтай даласының өз-ерекшелігі екі авторда да, суретке түсіріп алғандай нақ көрінеді. Жинақтағы барлық шығармалар өзінің бала кезінен бергі бастан кешкен шынайы оқиғаларынан тізбектелген. Кездесуге келушілердің арасында клуб мүшелерінен бөлек Əл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика жəне филология факультеттерінің студенттері де болды. Кездесу соңында студенттер өз-ара пікір алмасып, алдағы уақытта шығармашылық орта құратындарын жоспарлап,  Ырысбек Дəбеймен суретке түсіп, алғыстарын білдіріп тарады.