Қастеев музейінде «Танго ырғағымен» музыкалық вернисажы өтеді

2018 жылы 4 қазанда Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Танго ырғағымен» музыкалық вернисажына шақырады. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты Талғат Полатов (аккордеон) Сати, Абрэу, Эллингтон, Пьяццолла, Галяьно және т.б. шығармаларын орындайды.
Қастеев музейінде «Танго ырғағымен» музыкалық вернисажы өтеді

Талғат Полатов Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын профессор А.М. Гайсиннің класы бойынша аяқтады. Республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты. Көп жылдар бойы Құрманғазы атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ халық аспаптары оркестрінде «Сырнай» тобының концертмейстрі болып еңбек етті. Осы оркестр құрамында Қазақстан, Ресей, АҚШ, Франция, Германия, Қытай және т.б. елдердің қалаларындағы Kennedy Center (Вашингтон, США),    «Карнеги холл»  (Нью-Йорк, США), «Концертхаус» ( Вена, Австрия), «Staats Oper unter den  Linden» (Берлин, Германия) сынды әлемге әйгілі басқа да көптеген концерт залдарында гастрольдік турларда концерт қойды. Осы ұжымдағы көп жылдық және жемісті еңбегі үшін ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Аккордеон – көптеген елдерде халық аспабы болып есептеледі. Оны Германия, Франция, Сербия және Балқан түбегі елдерінде төл аспабымыз деп қарайды. Ал Ресейде бұл аспапты олардың жақсы көретіні сонша, оған аты аңызға айналған орыстың Баян жыршысының атын берген. Мұхиттың арғы бетіндегі АҚШ-та аккордеон кеңінен тараған. Және бұл елде тұтастай тек аккордеонға ғана арналған бірнеше музей бар. Аргентинада аккордеонмен ұқсастығы көп бандеон аспабынсыз бірде-бір халықтық концерт өтпейді, Латын Америкасында пайда болып, әлемдік құрметке ие болған танго жанры осынау назды да жылы әрі қоңыр әуезді тембрмен байланыстырылады.

Ә. Қастеев атындағы музейдегі концертте аккордеон жаңаша, тосын әуезде үн қатады – еліктіріп, елітіп, сезім толқынын тудырады.  Бағдарлама репертуары кең – Франция мен Латын Америкасының әйгілі әуендері де, Испанияның джаз стандарттары мен қызба әуендері де, Пьяццолланың терең ойлы шығармаларымен бірге оның танго стиліндегі шығармалары да орындалады.

Концертке Құрманғазы атындағы Қазақ академиялық оркестрінің концертмейстерлері, қазақ халық аспаптарында орындаушылар Әсел Рахымжан (прима-қобыз), Ритта Оразғалиева (альт-қобыз) және Айжан Атушева (виолончель) қатысады. Олардың барлығы да – түрлі республикалық және халықаралық деңгейдегі конкурстардың лауреаттары. Оркестрмен бірге Еуропаның, Азия мен Американың көптеген қалаларында гастрольдік сапарда болды. Талғат Полатовпен бірге олар Брамс пен Джекинстің және басқа да композиторлардың шығармаларын орындайды.

Кешті жүршізушілер – Ә. Қастеев атындағы музейдің баспасөз қызметінің жетекшісі, жоба жетекшісі Клара Исабаева мен республикалық және халықаралық конкурстардың лауреаты талғат Полатов.

Анықтама телефондары – 394-57-18, 8-775-371-48-20.

Билеттің құны – 2500 теңге. Оған: 1) музейді аралау – 17.00 ден 18.00-ге дейін; 2) кофе-брейк –  18.30-да; 3) концерт – «Танго ырғағымен» концерті – 19.00. кіреді.

Куратор – Клара Исабаева