М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының 118-ші маусымының ашылуы

М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының 118-ші маусымының ашылуы

2018 жылдың 10-11 қазан күндері сағат 19.00-де М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры сахнасында (Желтоқсан, 13) «Рухани жанғыру» Мемлекеттік бағдарламасы аясында және 118-ші театр маусымының ашылуына орай М.Горькийдің «Последние» пьесасы негізінде сахналанған «ОТЕЦ» спектаклін ұсынамыз.

Театрға Максим Горький есімі 1959 жылы берілген және «Последние» шығармасы 1908 жылы жазылған болатын. Театрдың 110 жылдық тарихында аталған шығарма үш рет қойылған: 1940 жылы, 1955 жылы және 1980 жылы. Бүгінгі таңда, шығарма театрымызда өзінің жаңа қырынан таңылды және тақырыптың ауқымдылығы мен өзектілігі бүгінгі қоғамға құнды.

Еуропа сахнасының атақты майталманы Йонас Вайткустың сахналауындағы 4 көріністе орындалатын трагедиялық балаган - бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі, қазіргі заманғы қоғамда және нақты адам өміріндегі отбасылық ахуалды көтереді. Отбасылық құндылықтардың құлдырау ғасырында отбасы деген бізге, мемлекетке, адамзатқа не және оның тағдыры қандай? Отбасы деген –екі адамның одағы ғана ма? Отбасы деген –  адамның ойын, сезімі мен еркіндігін сөндіретін, күнделікті күйбелең тіршілік пе? Вайткус Горькийдің тілімен, осыны айшықтайды «Балалар – біздің ертеңгі төреші, біздің көзқарасымыз, ісіміздің сыншысы, жаңа өмір жолын қалыптастыруда ұлы істер жасауға келетін жандар. Барлық жасалған қылмыстар, ерікті және еріксіз, барлық істеген қателіктер мен жаңылысулар, ақымақтығымыз - барлығын өз соңымыздан осы жарық дүниеде қалатын ауыртпашылық, - балалардың жаны мен тәніне артылады».

Қойылым премьерасы жарқын режиссерлық әдістерге, фәлсапалық тапқырлыққа толы болады. Қойылым орыстың ұлы жазушысы, ойшылы Максим Горькийдің 150 жылдығына арналады.