Көрме бейнелеу және қолданбалы өнер бөлімін дәстүрлі түрде қамтиды. Жас суретшілердің «Энергия. Жастық шақ. Өнер» атты байқауы Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Украинаның әр түрлі аймақтарының шеберлерінің сан алуан бағыттар мен техникалық тәсілдерде орындалған 60-астам туындыларын Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ көрме кеңістігінде біріктіруге мүмкіндік береді.
Байқауға қатысуға 80 астам суретші өтініш берді, оның 50-і іріктеуден өтті. Жыл бойы олар бүтін бір сауалдар шоғырына жауап табу үшін ізденеді. Заманауи суретшінің арманы не? Қазіргі заманғы әлеуметтік мәселелер жөнінде не ойлайды? Қоғамға қандай үндеу тастайды?
Байқаудың мақсаты – көркемдік деңгейі жоғары, мазмұны жағынан маңызды әрі өзекті туындыларды жарыққа шығару. Сондай-ақ, Қазақстанның заманауи өнерін және оның әлемдік көркемдік кеңістікке интеграциялануына қолдау көрсету. Байқау мен көрме бейнелеу өнеріне қызығушылық танытатын аудиторияның назарынан тыс қалмай, жаңа есімдерді ашып, жастардың шығармашылығына дем беріп, еліміздің бейнелеу өнерінің жас шеберлерінің кәсіби көркемдік деңгейін көтеретіні сөзсіз. Байқаудың қазылар алқасының құрамына Республиканың өнер мен мәдениет саласындағы жетекші қайраткерлері енді.
ЖасSTAR фестивалінің қонақтары байқау жеңімпаздарымен 19 қазан күні көрменің ашылуында, ал жас суретшілердің шығармаларымен кез-келген уақытта, Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейіне келу арқылы таныса алады. Көрме 27 қарашаға дейін жалғасады.