«Серікбол Қондыбай. РУХ ЖАУЫНГЕРІ»
деректі, видео, HD, хр. 26 мин
Маңғыстау облысы әкімдігінің тапсырысы бойынша
© ҚАЗАН студиясы, 2018
Сценарий авторы: Зира Наурызбаева
Режиссер: Әсия Байғожина
Операторлар: Ренат Қосай, Александр Рубанов, Нұрсәт Әкімхан
Композитор : Әліби Мәмбетов
Монтаж: Азамат Алтыбасов
Редактор: Мереке Қасен
Графика: Руслан Аристов
Дыбыс режиссеры: Андрей Влазнев
Директор: Любовь Радионова
«Уа, Тәңірім! Қазақтың табысынан бұрын намысын қайтарып бере көр! Тәңірім, Қазақты және Қазақстанды жарылқа!» - осы сөздермен Серікбол Қондыбай өзінің көзі барда жарық көрген ең соңғы еңбегін – «Арғықазақ мифологиясы» төрт томдығын бастайды.
«Осы кітаптардың авторы – таза мағынасындағы ғалым емес, тек қазақта мифологияны зерттеуге қажетті нендей дүниелердің (мысалдардың, тақырыптардың, идеялардың) бар екендігін бір кітапқа жинақтап, түгендеп, есебін алуды, олармен көпшілікті таныстыруды мақсат қылған, инвентаризация жүргізуші «завхоз» ғана. Мен тек Ұлы мұраның ұлы нобайын ғана көрсете алдым...» - деп кітаптың қолжазбасында өзі туралы ол осылай бұғыңқы жазған еді.
Әрекеті жаңашыл және шынында да революциялық болды, замандастары ғалымды кемеңгер деп ал оның өмірін ерлік деп білді.
Ол Қазақстанның батысындағы Шетпе ауылында қарапайым география мұғалімі болды. Бірақ 25 жасында апаттың кесірінен мүгедектікке ұшыраса да ұлы ғалым бола алды. Ол одан кейін тағы 9 жыл өмір сүрді және сол 9 жылы ғылыми көрегендікке толы жылдар болды.
Серікбол Қондыбай қазақ мифологиясына арнап 16 том кітап жазып кетті, олар бүгін орыс және ағылшын тілдеріне аударылып жатыр. Оның туған жері Шетпе ауылында еліміздегі бірінші және бірегей мифология мұражайы ашылды. Қондыбайдың ғылыми оқылымдары дәстүрге айналып Ақтау, Алматы, Астана, Қызылорда қалаларында өткізіледі. Ақтаудың мектептерінің біріне оның аты берілді.
Фильм – әкімдіктің тапсырысы бойынша – Серікбол Қондыбайдың өмірі мен шығармашылығына кіріспе түрінде жасалды. Сценарийді жазған - әйгілі мәдениеттанушы, редактор, Қондыбайдың бірнеше кітаптарын орыс тіліне аударып шыққан Зира Наурызбаева. Фильм режіссеры – Әсия Байғожина (көрермендер оны «Хроника необъявленной демонстрации», «Елімай», «Сенім жолында» фильмдер арқылы таниды) картинаны Серікбол Қондыбайдың 50 жылдығының қарсаңында өте қысқа мерзімде түсіріп шықты. Операторлардың - Александр Рубанов пен Ренат Қосайдың - өз мамандығының майталмандары, алдыңғы қатарынан болғандығы сеп болды. Бұл фильмге сазгер Әліби Мәмбетов арнайы музыка шығарды. Фильм бірінші рет осы жылдың жазында көрнекті ғалым жерлестеріне арналған Ақтауда өткізілген Халықаралық конференциясының аясында көрсетілді.
Фильмнің осы премьерасына Серікболдың үлкен апайы Балсұлу Қондыбай Ақтаудан келеді. Ол кісі анасы екеуі Серіболдың өз бейімділігіне сенімін арттыру үшін «Маңғыстау географиясы» атты бірінші кітабын басылып шығуына жағдай жасаған және алдағы уақытта інісінің барлық жазбаларының басып шығаруына уәде берген. Фильмде апайы мен Зира Наурызбаевамен қатар мәдениеттанушы Мұрат Әуез, тарихшылар Марат Сембин және Талас Омарбеков, географ Лариса Веселова, тіл зерттеушілер Нұргелді Уәлі және Қайрат Жанабаев, драматург Әннәс Бағдат, өлкетанушы Мұрат Ақмырзаев, Серікболдың курстастары Қайрат Қортықов, Рыскүл Құдайбергенова, Бекжан Садықов, Салават Дүйсенбаев сұхбат беріп қатысты.