"Толғау" синтездік жобасының тұсаукесері өтеді

2018 жылдың 16 қарашасында сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде Лейла Ахмет-Османның гобелендерінің және Нұрдос Әлиасқаровтың зергерлік туындыларының экспозициясы, сондай-ақ «Роксонаки» этно-рок тобының музыкалық шығармаларымен толықтырылатын әр түрлі шығармашылық шеберлерін біріктіретін «TOЛҒАУ» синтездік жобасының тұсаукесері өтеді.
"Толғау" синтездік жобасының тұсаукесері өтеді

«ТОЛҒАУ (TOLGAU)» соны мәдени жобасы көркем шығармашылықтың бейнелеу, қолданбалы және музыкалық − әр түрлі түрлерінің бірігуінен құралады. Бейнелеу өнері  суретші Лейла Ахмет-Османның туындыларымен ұсынылған − оның авторлық гобелендері заманауи дизайнның көркемдік әдістері арқылы ежелгі әдет-ғұрып нышандары түсіндірілген авторлық көркемдік нысандар болып табылады. Қолданбалы өнер бөлімі әр түрлі техникалық-технологиялық әдістерді біріктірген ұлттық стильдегі Нұрдос Әлиасқаровтың асқан шеберлікпен орындалған көркемдік зергерлік шығармаларымен ұсынылған. Және, соңында, жобаның музыкалық құрамдас бөлігін «ROKSONAKI» тобы, оның негізін салушы Руслан Қара мен музыкант Ғалымжан Секеев ұсынады.

Стилистиканың әр алуандығы мен көркемдік тілдеріндегі айырмашылыққа қарамастан, барлық авторларды ұлттық бастауларға, руханилық пен дәстүрді құрметтеуге негізделген ортақ көзқарас біріктіреді. Сүйіспеншілік, ізгілік, жасампаздық, өзімен-өзі және әлеммен жарасымдық сияқты қарапайым және шексіз маңызды нәрселердің тұрақты құндылығы туралы толғану, бір-бірімен және көрерменмен шығармашылық ойлау мен сұхбаттасудың тәсіліне айналады. Сол себепті көрменің атауы «ТОЛҒАУ» деп алынған, оның аудармасы «ойлануға шақыру» дегенді білдіреді.

ТОЛҒАУ жаһандану және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамыған дәуірінде өмір сүретін қазіргі заманғы урбанистік қоғамдағы дәстүрлі қазақ  мәдениеті мен өнерінің рөліне ортақ көзқарастағы адамдарды біріктіреді.

«TOЛҒАУ» − бір көрменің немесе концерттің біржолғы мәдени жобасы емес. Біз оны болашақта сана мен рухтың қайта жаңғыруы туралы идеяларды қозғайтын қозғалыс ретінде көреміз. Біз шығармашылық жандарға, әріптестерімізге және идеяларымыз, ойларымыз бен іс-әрекеттеріміз үндес барлық адамдарға ашықпыз. Біз бірге мұрамызды сақтап, оны жас ұрпаққа беру үшін дәстүрлерге, мәдениетке және өнерге жаңа көзқарас қалыптастыра аламыз».

«Біздің идеяларымыз, егер қаласаңыз біздің музыкамыз, біз ойлаған және жеткізгіміз келетін дүниелер, мәдениетімізге, өнерімізге және біздің балаларымыздың болашағына бей-жай қарамайтын адамдардың жүректерінде жауабын табады деп үміттенеміз».

Лейла Ахмет Осман

Суретші, Lucky Turtle брендінің негізін қалаушы, Америка мен Қазақстан арасындағы ерікті елші. Білімі – Республикалық көркемсурет колледжі (1992), Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА (1998), Сиетл қ. Креативті Өнер Академиясы  (Seattle, WA, USA, 2010). 2011 жылы "L.A.O. arts and design" брендін жасады (Seattle, WA, USA). 2012 жылы "Триеналледе" диплом алды, гобелендердің халықаралық көрмесі (Мәскеу, Ресей). 2012 жылы "Lucky Turtle" жаңа брендін жарыққа шығарды (Seattle, WA, USA. Aлматы, Қазақстан).

Нұрдос Әлиасқаров

1984 ж. т.  Білімі − ҚазҰӨА колледжі (2003 ж.), Абай ат. АМУ граф.-сур. (2007). Аймақтық және халықаралық көрмелердің қатысушысы. Жеке көрмелері: ҚР Президентінің қатысуымен “Haileybury Astana” Ағылшын мектебінің ашылуына арналған көрме (2011), Сингапурдағы жеке көрмесі (2015). 2008 жылдан бастап «Nurdos jewelry» авторлық шеберханасын құрды.

«ROKSONAKI» – 1990 жылы Руслан Қарамен құрылған ерекше әрі озық музыкалық топ. Музыкалық шығармашылығы түркі шаман дәстүрінің қазақтың «музыкалық және поэтикалық мұрасымен» синтез жасалуы арқылы құралады. Топ 1991 жылғы «Азия дауысы» Халықаралық байқауының Бірінші Сыйлығының иегері. Бұл ерекше топтың шығармашылығын орта азиялық рок деп атайды, себебі олар қазақтың халық әуендерін дәстүрлі және халық аспаптарын араластыру арқылы заманауи орындау бойынша орындайды.