Тамара Охикян ARTиШок театрында қонақта

Тбилиси қаласынан келген театр суретшісі және сценограф Тамара Охикян  «ДРАМКРУЖОК» жобасының аясында ARTиШок  театрында  кездесу өткізеді.
Тамара Охикян ARTиШок театрында қонақта

Тамара Охикян Бахрейнде  өткен «Альсаври» халықаралық театр фествалінің жеңімпазы (2018), Грузиядағы«Дуруджи» жоғары дәрежелі театр жүлдесінің иегері (2017), Грузияның театр сыншылары қауымдастығының нұсқасы бойынша «Жылдың үздік сценографы» атағының иегері.

Оның суретші, сценограф ретінде атсалысқан спектакльдері: «Ромео мен Джульетта», «Гамлет», «Макбет», «Шие бағы» т.б.

Кездесу  ARTиШок (Қонаев к-сі. 49)  театрының Кіші сахнасында 1 желтоқсан, 19:00 де болады. «ДРАМКРУЖОК» жобасының аясында өткізілетін іс-шараға кіру тегін.

Алдын-ала тіркеуден өту: +7 776 628 26 25 нөмірі бойынша.