Орталық Азия елдерінің мәдени менеджментте айтарлықтай тәжірибесі бар, алайда бұл елдердің көршілері аймақтың мәдени жобалары туралы көп білмейді; мәдени сала өкілдерін біріктіретін бірыңғай трансаймақтық платформа жоқ. Орталық Азия арт-менеджерлерін біріктіру мәселелердің бір бөлігін шешуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда осы аймақтағымәдениет және өнер саласының қызметкерлері жұмылғыштықты шектеп, мәдени мақсаттағы тауарлар мен қызметтерді кең айырбастау мүмкіндігін қамтамасыз етпейтін нақты мәселелерге тап болады. Форумның негізгі мақсаты аймақтық деңгейде үйлестіру механизмдерін, сондай-ақ Орталық Азия арт-менеджерлерінің арасында білім мен ақпарат алмасу механизмдерін жасау болып табылады.
Форум жұмысына Мәдениет Министрлігінің өкілдері, ҮЕҰ және Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан арт менеджерлері, сонымен қатар ЮНЕСКО, Гёте Институты (Германия), Азия-Еуропалық Қор (Сингапур) және Моңғолиядан келген халықаралық сарапшылар атсалысты. Форумда серіктестікті жолға қою мақсатында бүкіл аймақтан театр, мұражай, галерея, фестиваль өкілдері болып табылатын 80 мәдени жоба жетекшілері жиналды. Сессия және пікірталастағы жұмыстар шығармашылықты қолдау және дамыту, мәдени мақсаттағы тауарлар мен қызметтердің теңдестірілген ағынын қамтамасыз ету, шығармашылық қызметкерлердің сапарларын арттыру, Орталық Азияда аймақтық серіктестікті белсендендіру және сектораралық және еларалық мәдени жобалар жасау сұрақтарына арналған.
Форумда сондай-ақ мәдени мақсаттағы өнімдерді өндіру және тарату, халықаралық нарыққа кіру және қаржыландырудың қолжетімділігін жеңілдету, мәдениет экожүйесінде жергілікті және аймақтық нарықта қолайлы жағдайлар жасау, шығармашылық қызметкерлердің сапарларын қолдау және аймақтағы мәдениетаралық серіктестікті көтермелеу жолымен мәдени және креативті индустрияны нығайтуды қарастыратын өз болмысын білдірудің мәдени формаларын қорғау және көтермелеу Конвенциясы қарастырылды.
Форум ҚР Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен өткізілетінін атап өтеміз. Қордың мәдениет жөніндегі Кеңесі жоба авторының сайыс аясында шығармашылық жобаларға грант беру бастамасын қолдады. Грант сайыс негізінде беріледі, өтінімдерді өнер саласындағы сарапшылардан тұратын арнайы комиссия бағалайды, грант беру туралы шешімді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының басшылығы қабылдайды. Грант берудің негізгі өлшемшарттары – шығармашылық бастамалардың жаңалығы, түпнұсқалығы, Қазақстанда өнердің сәйкес түрінің дамуына ықпалы.