22 ақпан күні Т. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер Академиясы, "Кино тарихы мен теориясы" кафедрасы, "Өнертану" факультеті, "Kinoman” киноклубының ұйымдастырумен өткен іс-шарада «Ана туралы аңыз» фильмі көрсетілді. Кино және театр актрисасы Әмина Өмірзақова қайталанбас ерекше ана бейнесін ел есінде қалдырған еді. Көрермен көңіліне бүгін тағы бір ерекше сезім ұялатқан бұл фильм режиссер Александр Карповтың бастауымен 1963 жылы жарыққа шықты.
Фильм 1941-1945 жылдардағы Дүниежүзілік екінші соғысты суреттейді. Сүйікті ұлы Асанды күткен ана бейнесі өмірдің шынайы көрінісін бейнелейді. Ананың жалғыз ұлына деген махаббаты, күн сайын күтіп жүрген ананы көрген уақытта көрермен жүрегін елжіретеді. Осылайша, ана бейнесі арқылы соғыс қасіретін көрсетті.
Естеріңізге сала кетейік, Әмина Өмірзақованың 100 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл іс-шара 20 ақпаннан, наурыз айының 2-ші жұлдызына дейін жалғасады. Алда өтетін іс-шара көретіндеріңіз:
27 ақпан күні «Мама Роза» (реж.: А.Чатаева, 1991 ж.) фильмі, 1 наурыз – «Тақиялы періште» (реж.: Ш.Айманов,1968 ж.) және 5 наурыз – Кино және театр ұстаздары мен майталмандарының қатысуымен дөңгелек үстел өтеді.
ескерту: көрнекі фото гугл ашық ақпарат көзінен алынды.