Алматыда "Мерейтой палитрасы" атты көрме ашылады

2019 жылдың 11 қазаны сағат 10.00-де Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен бірлесе отырып «Ұлы дала қыры: заманауи кезеңдегі шығармашылық тәжірибелер мен көркем білім беру» атты халықаралық Арт – форум аясында Өнер, мәдениет және спорт институтының (КСФ) 50-жылдық мерейтойына арналған профессор-оқытушы құрамының шығармашылық жұмыстарынан «Мерейтой палитрасы» атты көрме ашады.
Алматыда "Мерейтой палитрасы" атты көрме ашылады

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Өнер, мәдениет және спорт институты Көркемсурет-графика факультеті ретінде танылған, 50 жыл ішінде Институт мәдениет, өнер салаларында жоғары білікті кадрларды дайындаған қара шаңыраққа айналды.

Көркемсурет факультеттің тарихы сонау 1963 жылдан бастау алды. Оның алғашқы түлектері бүкіл республика бойынша көркемдік білім беру саласында бірқатар кафедралардың  ашылуына өз үлестерін қосты. Сондықтан Көркемсурет факультетін «Қара шаңырақ» деп атаса да орынды.

Көркемсурет кафедрасы өзінің түлектерімен мақтанады. Бүгінде олар белгілі мәдениет және өнер қайраткерлері, аты танымал суретшілер, графиктер, кескіндемешілер, мүсіншілер мен педагогтар. Атап айтқанда: Ерболат Төлепбай, Мұратбек Нұрлыбаев, Владимир Власюк, Шоқан Төлеш, Аркен Зульфикар, Вячеслав Люйко, Батима Заурбекова, Нелли Бубэ, Тоққожа Қожағұлов, Алексей Бегов және т.б. Бұл тек атақты есімдердің бір бөлігі ғана.

Бүгінгі таңда, институтта профессорлар, ғылым докторлары мен кандидаттар, доценттер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушылары, спорт шеберлері, ҚР Суретшілер одағының мүшелері, ҚР Дизайнерлер одағының мүшелері және басқа да шығармашылық бірлестіктер жұмыс жасап, сонымен қатар олар Қазақстан және алыс шетелдерде студенттерімен, шәкіртттерімен көрмелер ұйымдастырып, концерттер мен фестивальдарда белсенділік танытып жүр.

«Мерейтойлық палитра» экспозициясы отандық көркемдік білімнің заманауи негізін қалаушы тұлғалардың шығармашылық әлеуетін, тынымсыз ізденістер мен көркемдік эксперименттердің нәтижелерін, қазақстандық суретшілер мен педагогтардың тәжірибесі мен жетістіктерін көрсетуге арналған.

Шеберлердің әрқайсысының өзіне тән танымал және ерекше стилі бар. Сонымен бірге, барлық жұмыстар бір үлкен мерейтойлық палитрада бір мақсатқа біріктірілген - қазіргі Көркемсурет факультетінің барлық қырлары мен түстерін көрсетіп қана қоймай, өздерінің ойлары мен үміттерімен бөлісу.

Көрме 2019 жылдың 23 қазанына дейін жалғасады.

Анықтама телефоны: 264-46-50