Алматыда екінші рет Батырхан Шөкенов атындағы музыкалық байқау өтеді

Батырхан Шукенов атындағы ІІ Республикалық жез үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындаушылардың байқауы Алматыда 9 және 13 қараша аралығында өтеді. Байқауда алты номинация болады: труба, валторна, тромбон, туба, ұрмалы аспаптар және джаз ансамблі. Іс –шара Батырхан Шукенов атындағы қор және Болат Утемуратов қорының қолдауымен ұйымдастыруда.
Алматыда екінші рет Батырхан Шөкенов атындағы музыкалық байқау өтеді

Қазылар алқасы: Марко Пьеробон (труба, Италия) –халықаралық байқаулар лауреаты, Еуропаға танымал оркестрлердің жеке орындаушысы, Италиялық Yamaha фирмасының ресми әртісі; Фабрис Миллишер(тромбон, Франция) – Париж Жоғарғы консерваториясының түлегі, ARD халықаралық музыкалық байқауының және  академиялық музыка салысындағы Victoires de la musique сыйлығының иегері, Еуропаға танымал оркестрлердің жеке орындаушысы; Феликс Клизер (валторна, Германия) – әлемге әйгілі музыкант, ECHO Klassik және Леонард Бернстайн сыйлығының иегері, Еуропалық оркестрлердің жеке орындаушысы; Илья Мелихов (ұрмалы аспап, Ресей) –халықаралық Musica Classica байқауының лауреаты, М. Плетневтың басқаруындағы Ресей ұлттық оркестрінің солисті, Гнесиндер атындағы РМА-ның ұрмалы аспаптар кафедрасының доценті; Жания Аубакирова (Қазақстан) – ҚР халық әртісі, Болат Өтемұратов Қорының қамқоршылар кеңесінің мүшесі; сондай-ақ, Бауржан Шөкенов (Қазақстан) – қоғам қайраткері, Батырхан Шөкенов атындағы Қордың қамқоршылар кеңесінің мүшесі.

«Ұйымдар мен қоғамның алғашқы байқауға білдірген мол қызығушылығы нәтижесінде, Батырхан Шөкенов пен Болата Утемуратов қоры бұл іс-шараны жыл сайын өткізіп отыруға шешім қабылдады, бірақ биылғы жылы әр түрлі топтағы аспаптар қатысатын болады. Бұл жолы жеңімпаз атану үшін жез аспаптар мен ұрмалы аспап орындаушылары, сондай-ақ джаз ансамбльдері бақ сынайтын болады. Бұл жылғы қатысушылардың да шеберлігі жоғары деңгейде болуын күтеміз» - деп атап өтті Бауржан Шөкенов.

 

«Батырхан Шөкенов атындағы қормен былтырдан бастап бірге жұмыс жасап келеміз,- дейді Болат Өтемұратов қорының директоры, Марат Айтмағанбетов, - Екі жылдың ішінде біздің Қордан әріптестеріміздің жобаларына  бөлінген қаржы 119млн.теңгені құрайды. Біз Батырдың әндерінің ноталарын қазақша бастыруға, барлық әндер жинағын шығаруға, музыкалық жоғары оқу орындары мен мектептердегі 2018-2019 жылдары таңдап алынған білім алушыларға шәкірт ақы тағайындауға, жез үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындаушылардың байқауын ұйымдастыруға қолдау білдірдік. Байқау биылғы жылы екінші рет өткізілуде, іс-шара мол сұранысқа ие болғандықтан, еліміздің музыкалық күнтізбесінде лайықты дәрежеде орын алады деген сенімдеміз».

Музыканттарды іріктеу онлайн режимінде өтті - байқауға қатысу үшін орындаушылар аспапта ойнаған  бейне жазбаларын жіберді. Қатысу үшін, 32 жасқа дейінгі кәсіби орындаушылар, сондай-ақ кіші және жоғары  дәрежелі музыкалық оқу орындарының студенттері шақырылды.

Байқаудың бағдарламасы төрт күнге жоспарланған, конкурстық іріктеуден басқа ашылу және жабылу салтанатының концерттік бағдарламасын қамтиды. Алғашқы күні, 9 - қарашада, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік Филормониясының Үлкен залының сахнасында байқауға қатысушылардың өнер көрсету тәртібі анықталады.

Екінші айналымда, 10 және 11 қараша күндері қатысушылар жеке орындауда өнер көрсетуге тиіс. Бұл кезеңнің алғышарттарының бірі - қазақстандық композиторлар шығармашылығынан орындау. «Джаз ансамблі» номинациясының екінші айналымы 12 қарашада өтеді.

Ақырғы мәреде, қатысушылар ҚР МАСО (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Академиялық Симфониялық оркестрі) сүйемелдеуімен Рахмадиев, Арутюнян, Римский-Корсаков және басқа да композиторлардың номинацияға сай ірі пішіндегі концерттерін орындауға тиісті.

Батырхан Шукенов атындағы жез үрмелі және ұрмалы аспаптарда орындаушылардың екінші республикалық байқауының жеңімпаздарының есімдері 13 қарашада жарияланады. Әр номинацияда І, ІІ, ІІІ дәрежелі жүлделер, сондай-ақ Дипломанттардың дипломдары мен атақтары табысталып, «Үздік концертмейстер» анықталатын болады. Байқаудың жалпы жүлде қоры 5 250 000 теңгеден асады

Байқауды және концерттерді келіп тамашалауға мүмкіндігі болмайтындар үшін, «Казахтелеком» компаниясының қолдауымен batyr.foundation сайтында онлайн трансляция ұйымдастырылған.