«Сахнагер-2019» Ұлттық театр сыйлығы ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі қолдауымен Қазақстан Театрлар Ассоциациясының ұйымдастыруымен үшінші рет өткізіліп отыр.
Театр өнеріне адал қызмет етіп, өркендеуіне қосқан өлшеусіз үлесі үшін «Сахналық ғұмыр» сыйлығы Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі Рымкеш Омархановаға және Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Гүлжамал Қазақбаеваға табысталды.
"Театр өнерінің дамуына қосқан үлесі үшін" аталымымен бар ғұмырын театр өнерін дамытуға арнаған Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Олег Ли, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ғайникамал Байқошқарова, Қазақстанның Еңбек сіңірген артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Сердеш Қажымұратов, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Мақзұм Бақытжанов марапатталды.
Театр саласында топ жарған үздіктер келесідей номинациялар бойынша анықталды:
«Үздік режиссер» – Н.Жантөрин атындағы музыкалық драма театрының режиссері Гүлсина Миргалиева.
«Үздік актер» – Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының артисі Нүркен Өтеулов;
«Үздік актриса» – М.Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының артисі Назгүл Қарабалина;
«Үздік опера солисі» – Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының солисі Нұржан Бажекенов;
«Үздік балет артисі» – «Астана-Опера» мемлекеттік опера және балет театрының артисі Айгерім Бекетаева;
«Үздік хореограф» – «Астана-Балет» театрының балетмейстері Айгүл Тати;
«Үздік қуыршақ театрының актері» – Нұр-Сұлтан Қуыршақ театрының артисі Досымхан Бейсенбаев;
«Үздік драматург» – Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры Роза Мұқанова;
«Үздік менеджер» – Алматы мемлекеттік қуыршақ театрының директоры Талғат Есеналиев;
«Үздік театр сыншысы» – Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының доценті Анар Еркебай;
«Екінші пландағы үздік актер» – Мемлекеттік республикалық академиялық Корей музыкалық комедия театрының артисі Алишер Махпиров;
«Екінші пландағы үздік актриса» – Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының артисі Динара Абикеева;
«Үздік қуыршақ жасау шебері» – «Алақай» қуыршақ театрының директоры Әсия Құрманалиева;
«Үздік костюм суретшісі» – Жастар театрының бас суретшісі Ерлан Тұяқов;
«Үздік сценограф-суретші» – М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының сценограф-суретшісі Сергей Мельцер;
«Үздік грим суретшісі» – М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының грим суретшісі Дарьяш Қасымова;
«Үздік дыбыс режиссері» – Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан Облыстық қазақ драма театрының дыбыс беру цехының меңгерушісі Ержан Қажымов;
«Үздік жарық қоюшы-суретші» – Мемлекеттік Республикалық академиялық Неміс драма театрының жарық қоюшысы Дмитрий Драгой.
Болашағынан зор үміт күттіретін өз тобынан оза шапқан жас буынға «Үміт» сыйлығы табыс етілді. Олжас Жақыпбек (Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының актері), Шехназа Қызыханова (Нұр-Сұлтан қаласы Жастар театрының актрисасы), Мадина Өсербаева (С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы), Әсел Сайлауова (М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы), Шағуан Үмбетқалиев (Ғ.Мүсірепов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері), Александр Шитов (Н.Сац атындағы орыс мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері), Арайлым Байырбекова (Алматы Мемлекеттік қуыршақ театрының актрисасы), Әнуарбек Ақсұлтан (Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының актері), Әсел Асылбекова (Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық музыкалық драма театрының актрисасы), Антон Дударев (Мемлекеттік Республикалық академиялық Неміс драма театрының артисі), Өмірзақ Айдаров (Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай драма театрының актері), Ульяна Штильман (М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актрисасы), Мейрам Хабибуллин (Т.Ахтанов атындағы Ақтөбе облыстық драма театрының режиссері), Ақтолқын Тулеуова (Н.Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ музыкалық драма театрының актрисасы), Төленді Альгожин (І.Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрының актері), Дарья Чувакина (Ф.Достоевский атындағы Семей орыс драма театрының актрисасы), Нұркен Орынбек (Ж.Шанин атындағы Шымкент академиялық қазақ драма театрының актрисасы), Наргыз Шадыева (Х.Бөкеева атындағы Батыс Қазақстан Облыстық қазақ драма театрының актрисасы), Владислав Букаткин (М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрының актері), Нұрбек Съезхан (Махамбет атындағы Атырау облыстық қазақ драма театрының актері), Қарлыға Сыбанова (Шығыс Қазақстан облыстық «Дариға-ай» жастар театрының актрисасы), Айбек Иманқұлов (Н.Жантөрин атындағы Маңғыстау облыстық музыкалық драма театрының актері), Расул Усманов, Нұржан Бейсбеков (С.Қожамқұлов атындағы Жезқазған қазақ музыкалық драма театрының актері), Азамат Алматов (Арқалық қазақ жасөспірімдер театрының актері), Шалқар Мүкен (Б.Римова атындағы Алматы облыстық қазақ драма театрының актері), Турсунжан Илиев (Қ.Қожамьяров атындағы мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының актері), Александра Букреева (Ақмола облыстық орыс драма театрының актрисасы), Әли Бидахмет (Номад театрының актері), Мәден Асхат («Наз» Мемлекеттік би театры) лайық деп танылды.
Бүгінгі марапатқа ие болған сахна саңлақтарын құттықтай отырып, сарқылмас шабыт, толағай табыс тілейміз!!!