Көкшетауда алғаш рет "Te-Art-Kөкше" Халықаралық театр фестивалі өтуде

Көкшетау қаласында Ресей ынтымақтастығы өкілдігі мен Ақмола облысының орыс қауымының қолдауымен "Те-Art-Көкше" Халықаралық театр фестивалі өтуде.
Көкшетауда алғаш рет "Te-Art-Kөкше" Халықаралық театр фестивалі өтуде

30 қазан мен 3 қараша аралығында Көкшетау қаласынжа Ресей ынтымақтастығы өкілдігі мен Ақмола облысының әкімдігінің қолдауымен "Те-Art-Көкше" Халықаралық театр фестивалі өтуде. Алыс-жақын елдерден келген 13 театр өздерінің үздік қойылымдарын ұсынып, сахна додасында өзара бақ сынасуда. Қатысушылар қатарында Қазақстан, Ресей, Украина  елдерінің үздік театрлары бар.

оң жақта: Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Бейбіт Бахтыгереев

Халықаралық фестиваль Ақмола облыстық орыс драма театрының жетекшілігімен ұймдастырылуда. Бұл айтулы шараны өткізудегі басты мақсат – театр кеңістігіндегі өзге елдермен ынтымақтастықты күшейту мен мәдени және рухани байланыстардың одан әрі нығая түсуіне ықпал ету. Сондай-ақ, өкілді мәдени форумның бастамашысы және ұйымдастырушысы Ақмола облыстық орыс драма театрының директоры Бейбіт Бахытғыреевтің айтуынша, "Te-art-Көкше" фестивалі халықаралық мәдени байланыстарды нығайтумен қатар, шығармашылық тәжірибе алмасуға бағытталған.

Әділ қазылардың спектакльдерді талқылау сәті

Фестивальге қазылық ету тізгіні өнертану кандидаты, профессор, театр сыншысы Сәния Қабдиева, өнертану кандидаты, Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театрының көркемдік жетекшісі, театр сыншысы Еркін Жуасбек, Германиядан келген театртанушы әрі сыншы Нина Мазур, грузиялық театртанушы, өнертану докторы Лаша Чхартишвили, театр сыншысы, "Кипрдегі бес кеш" Халықаралық театр фестивалінің арт директоры Армине Оганесян секілді Халықаралық театр сыншылары қауымдастығының мүшелеріне берілген.

Театрлар үздік 4 номинацияға таласатын болады.Олар:

  • «Үздік әйел бейнесі»
  • «Үздік ер адам бейнесі»
  • «Үздік спектакль»
  • «Үздік сценография»

"Бейбарс" спектаклі. Ақмола облыстық орыс драма театры

Халықаралық сахна бәйгесіне Қазақстан театрлары белсенді бой көрсетпек. Атап айтар болсақ, Ақмола облысы орыс драма театры, Н.Жантөрин ат. Маңғыстау облыстық музыкалы драма театры, Жамбыл облыстық орыс драма театры, Алматы мемлекеттік қуыршақ театры, К.Станиславский ат. Қарағанды мемлекеттік орыс драма театры, Ф.Достоевский атындағы Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театры, М.Горький атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театрлары өз репертуарындағы үздік спектакльмен қатысып жатыр.

Қатысушы театрлар Облыстық орыс драма театры, Ш.Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония, "Достар", "Көкшетау" Мәдениет сарайларының сахнасында өнер көрсетпек. Фестиваль аясында өнер иелері арасында тәжірибе алмасу мақсатында шеберлік сыныптары өткізілді.

 

Сізге қызық болуы мүмкін: