Пон Чжун Хоның "Паразиті" алты сағаттық телехикая болып шығады

Осы айдың басында Пон Чжун Хо өзінің Алтын пальма бұтағын иеленген "Паразиттер" фильмін HBO арнасының шектеулі сериялар шығарылымына бейімдемек.
Пон Чжун Хоның "Паразиті" алты сағаттық телехикая болып шығады

Телевизиялық бейімдеу, фильмде жасырынған немесе жауапсыз қалған сұрақтарға толығымен жауап бермек.

Осы айдың басында Пон Чжун Хо өзінің  Алтын пальма бұтағын иеленген "Паразиттер" фильмін HBO арнасыныың  шектеулі сериялар шығарылымына бейімдемек.

Жуырда Оңтүстік Кореялық режиссер фильмнің жаңа форматы жайында өзі толығырақ ақпарат берді.

«Бұл негізгі идеялардың барлығы сценарийді жазып бастаған кезден бері бар еді », - деді Пон The Wrap басылымына. «Мен бұл идеялардың барлығын екі сағаттық фильмге қоса алмадым, сондықтан олардың барлығы менің iPad-ымда сақталған және менің мақсатым - алты сағатқа созылатын фильм жасау».

«Мысалға айтатын болсақ бастапқыдағы үй қызметкері Мун Гванның жертөле жайында білетіндігі оның әлгі архитектормен қандай қарым-қатынаста болғаны жайлы сұрақ тудырады. Фильмдегі осы секілді айтылмай қалған жауаптардың барлығы менде сақтаулы»

Айта кететін болсақ "Паразиттер" - жұмысшылар отбасының өз жағдайын жақсарту үшін алаяқтықпен ауқатты әулетті пайдалануы жайлы, таптық мәселенің айналасында құрылған, қоғамдық сатира. Және де бұл фильм Оскар сыйлығына алты номинация бойынша үміткер алғашқы Корейлік туынды.