Курстық фильмдер онлайн байқауының жеңімпаздары анықталды

2020 жылдың 22-30 сәуір аралығында Қазақ ұлттық өнер университетінде Курстық фильмдердің онлайн байқауы және жобалар питчингі өтті.
Курстық фильмдер онлайн байқауының жеңімпаздары анықталды

Бұл байқаудың басты мақсаты студенттер фильмдерін әлеуетті жұмыс берушілерге таныстыру, жас кинематографисттердің продюсерлермен байланыс орнатуына мүмкіндік жасау. Сондай-ақ, байқаудан үздік шыққан фильмдер (және тек олар емес) Халықаралық «Ұшқын» студенттік кино кинофестиваліне іріктелінетін болады. Осы себеппен, биылғы курстық фильмдер байқауы Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы, «Ел арна» телеарнасы, «RedMark», «FilmFilmFіlm», «Аметист Продакшн» компаниялары, «Salem Social Media», «Freedom Production International» ұйымымен серіктестік жасады.

Үздік шыққан фильмдер нәтижесі төмендегідей.

Киносыншылар таңдауы бойынша

«Үздік көркемдік-бейнелік шешімі үшін» –  «Анамның аты Бақыт» фильмі (Ш.Сержан);

«Кино тілінің тәуелсіздігі үшін» –  «Айлық күні» фильмі (Ә.Әменов);

«Тақырыпты ашудағы поэтикалық иірімдері үшін» – «Однажды в парке» фильмі (Ә.Нұрмұхамбетов);

«Ұлттық өзекті мәселені көрсеткені үшін» – «Қонақтар» фильмі (Н.Базарбаева);

«Метафоралық бейнелерді ұтымды қолданғаны үшін»  – «Ластик» (Ә.Мукушев) фильмі марапатталды.

 

Профессорлық-оқытушылық құрамның таңдауы:

Үздік дыбыс режиссерінің жұмысы – «Антайтлед» (Чингиз Изетов)

Үздік монтаж режиссерінің жұмысы – «Антайтлед»

Үздік қоюшы-режиссерінің жұмысы – «Обет» (Нурасыл Жокен)

Үздік сценарий – «Метель» (Есім Адлет)

Әдебиет шығармасын сәтті экрандаған үшін – «Қонақтар» (Назерке Базарбаева)

Үздік қоюшы-операторлық жұмыс – «Однажды в городе N» (Камила Макат)

Деректі кинодағы үздік режиссерлік жүмыс – «Айгерім» (Санжар Амансугуров)

Телевизиялық жобадағы үздік режиссерлік жұмыс – «Наставники» (Яврослава Курдюкова)

Анимациялық кинодағы үздік режиссерлік жұмыс – «Ластик» (Әліби Мукушев)

Көркемсуретті кинодағы үздік режиссерлік жұмыс – «Анамның аты Бақыт» (Сержан Шұғыла)

ҚазҰӨУ студенттерінің таңдауы – «Қонақтар» (Назерке Базарбаева) үздік деп танылды.

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы  «Анамның аты Бақыт» фильмінің режиссері Шұғыла Сержанға 50.000 теңге ұсына отырып,  ҰККМО жобаларының біреуінде тағылымдамадан өтуге шақырады. Жобалар питчингі бойынша Әмір Әменовтың «Аружанның алғашқы махаббаты» жобасына ҰККМО-да өтетін питчингке шақыру сертификаты және 30.000 теңге табысталды.

«RedMark» компаниясы Арай Каримова («Обет»), Курдюкова Ярослава («Наставники»), Әліби Мукушев («Ластик») сынды жас киногерлерге серіктестік ұсынды. Сондай-ақ, Шұғыла Сержанның «Күтудің мәні» жобасын толықтай техникалық қамтамасыз ететін болады.

«FilmFilmFIlm» компаниясы Анимациялық кино режиссерінің студенті Елдана Аймұхамбетованың «Воля к жизни» болашақ фильміне 50.000 теңге табыстады.

«Freedom Production International» ұйымы Санжар Амансугуровтың «Айгерім» деректі фильмін таңдап, жас режиссерге аталмыш продакшнде тағылымдамадан өтуге шақырды.

«DNK» Корпорациясы «Метель» фильмінің режиссері Әділет Есімге және «Аружанның алғашқы махаббаты» жобасының авторы Әмір Әменовке hard диск табыстады.

«Ел арна» телеарнасы «Поцелуй в курилке» фильмінің режиссері Малика Байжановаға телеканалда тәжірибеден өтуге жолдама бере отырып, телеарна эфирінде фильмді көрсетуге мүмкіндік берді.

«Аметист Продакшн» компаниясы Шұғыла Сержан «Анамның аты Бақыт» фильмін марапаттады.

«Salem Social Media» студиясының таңдауы бойынша «Однажды в городе N» фильмі үздік деп танылды. Жобалар питчингінен Алмас Жүсіповтің «Внутри» жобасын таңдады. Екі жеңімпазды «Salem Social Media» тағылымдамадан өтуге шақырды.

Жеңімпаздарды құттықтай отырып, алдағы жұмыстарына сәттілік тілейміз!