«Бастау» өз бағдарламасын жариялады

«Бастау» негізгі байқау бағдарламасына, жеке секцияларға, сондай-ақ конкурстан тыс көрсетілетін жобаларға қатысушыларды жариялады.
«Бастау» өз бағдарламасын жариялады

Алдыңғы фестивальдердегідей, «Бастаудың» негізгі бағдарламасы толық метражды картиналардан - BASTAU DEBUTS және қысқа метражды фильмдерден - BASTAU SHORTS, сондай - ақ деректі жұмыстардан - BASTAU DOCS тұрады.

BASTAU DEBUTS байқауына 10 фильм қатысады:

  1. «Астероид» режиссер Мехди Хосейнванд Аалипур, Иран.
  2. «Соседи» режиссер Мано Халил, Швейцария.
  3. «Бара бара» режиссер Гаурав Мадан, Үндістан.
  4. «200 метров» режиссер Амин Найфех Палестина, Иордания, Катар, Италия, Швеция.
  5. «Потанцуй со мной» режиссер Никандр Федоров, Якутия.
  6. «Кто спит в серебристо-сером» режиссер Ляо Зихао, Қытай.
  7. «Белый кит» режиссер Татьяна Федоровская, Ресей.
  8. «Haildriver» режиссер Музамер Рахман, Малайзия.
  9. «Супернова» режиссер Бартош Крухлик, Польша.
  10. «Отау» режиссер Әлішер Жәдігеров, Қазақстан

BASTAU SHORTS қысқа метражды фильмдер байқауына 25 көркем және 16 анимациялық фильм қатысады. Bastau DOCS халықаралық деректі кино байқауында 7 толық метражды және 10 қысқа метражды фильмдер ұсынылған.

Естеріңізге сала кетейік, фестиваль Дәурен Қамшыбаевтың байқаудан тыс көрсетілетін дебюттік картинасы – «Зере» фильмінің ұлттық премьерасымен ашылады. Бұған дейін бұл фильм тек Бразилиядағы São Paulo International Film Festival халықаралық кинофестиваліне қатысқан. Картинада басты рөлдерде танымал жұлдыздар Берік Айтжанов, Мұрат Бисенбин, Адина Бажан және Ольга Ландина ойнайды.

Сондай – ақ, конкурстан тыс Айжан Қасымбектің «От» картинасы көрсетіледі. Фильмнің әлемдік премьерасы жақында ғана Пусандағы (Оңтүстік Корея) халықаралық кинофестивальде өтті. Сонымен қатар, биыл фильм Германиядағы Film Festival Cottbus және Сингапурдағы Singapore International Film Festival кинофестивальдеріне қатысты. Ал басты рөлді сомдаған Төлепберген Байсақалов Сочидегі X Russian British Sochi international film festival & Awards 2021 кинофестивалінде және Лос-Анджелестегі Asian World Film Festival кинофестивалінде екі бірдей марапатты жеңіп алды.

Сонымен қатар, байқаудан тыс Әділхан Ержановтың «Оңбағандар» атты жаңа фильмі және Александр Каменскийдің «Еуразия патшайымдары» деректі лентасы көрсетіледі.

Фестивальдің жеке секциялары - BASTAU FOCUS-та Ауғанстаннан 3 фильм ұсынылған. Олар режиссер Рамин Расулидің «Прошлой ночью собаки не спали» (Inter religions Award МКФ Фаджр 2021 «Үздік фильмі») картинасы, Граназ Муссавидің «Когда воют гранаты» (APSA-да «Үздің жастар фильмі» номинациясы) және Навида Махмудидің «Утонуть в святой воде» (Пусан ХКФ 2020 «ОКНО В АЗИАТСКОЕ КИНО» бағдарламасында Ким Джи Сок жүлдесін жеңген) фильмдері.

AROUND THE WORLD секциясында ірі халықаралық кинофестивальдердің жүлдегерлері – Сергей Лозницаның «Бабий яр. Контекст» деректі фильмі, Виктор Косаковскийдің "Гундасы" және Татьяна Федоровскаяның «Мамины шпильки» фильмдері көрсетіледі.

BASTAU CENTRAL ASIA-да Орталық Азияның 5 жаңа фильмі ұсынылды. Қырғызстаннан екі картина - Эмиль Атагелдиевтің «Озеро» фильмі және Дастан Жапарулу мен Бақыт Мұқулдың «Эденге жолы», Өзбекстаннан 2 фильм - Рашид Маликовтың «Неволясы» және Мансур Абдухаликовтың «Теңіз» атты фильмі және Тәжікстаннан Руми Шоазимовтың «Провинциальные мечтатели» атты жүмысы көрсетіледі.

Фестивальді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің, Алматы қаласы әкімдігінің, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Тұран Университетінің, Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының және Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының қолдауымен «Tanaris Production» кинокомпаниясы ұйымдастырады.

Ашылу салтанаты 30 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында өтеді. Фестивальдің негізгі алаңы - Chaplin Cinemas кинотеатрлар желісі.

«Бастау» IX Халықаралық студенттік және дебюттік фильмдер кинофестивалінің кестесін –  https://bastauiff.com/  сайтынан көре аласыздар.