"Қазақ жаңа толқыны" кітап-жинағы жарыққа шықты

"Қазақ жаңа толқыны" кітап-жинағы жарыққа шықты
"Қазақ жаңа толқыны" кітап-жинағының мұқабасы

26-ақпан күні Алматы қаласында Tselinny Publishing баспа бағдарламасы аясында кинотанушы Гүлнар Әбікееваның жинағы шықты. «Қазақ жаңа толқыны» жинағының жарық көруіне арналған баспасөз конференциясына Г.Әбікеева, Р. Нұғманов, С.Құрманбеков, М.Мусин және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезов қатысты. Шара кезінде жинаққа мақаласы мен рецензиясы енген зерттеушілермен онлайн-конференция өтті. Олардың қатарында Филлип Че, Рашми Дорайсвами, Евгения Звонкина, Виталий Шеметски және қазақстандық авторлар Инна Смаилова, Камила Габдрашитова бар.

«Қазақ жаңа толқыны» кітабы – халықаралық сыншылардың мұқият іріктелген рецензиясының жиынтығы. Кітапқа режиссерлармен сұхбат, архив басылымдарынан үзінді және сипатталған картиналарға қатысты бірқатар аннотация да енді. «Қазақ жаңа толқыны» феноменін бағалауға болатын формуланың жоқ екені жинақты одан бетер қызық етеді. Өйткені мұндай жұмысты істеу үшін автор өнер, мәдениеттану, тарих және әлеуметтану сияқты барлық жан-жақты көзқарасты ескеруі керек.

Жұмыс ауқымын жергілікті орта ғана емес, әлемдік институттар, соның ішінде шетел зерттеушілері – Б.Боймерс, К.Джонс, Р.Дорайсвами және ресейлік киносыншылар – А.Плахов, А.Шемякин, Н.Зархи, А.Тимофеевский, Т.Москвина, П.Шепотинник те бағалайды.