Көрмеге суретшінің 56 кескіндемелік жұмысы қойылды. Оның
шығармашылығында қазіргі Орта Азия өмірінің тұрмысы мен мәдениетінің колориті
мен ерекшеліктері айқын көрініс тапқан. Тарих пен қазіргі кез, күнделікті ахуал
мен оның философиялық түйінделуі, натюрморт та ғажайып өріле кеткен адамдардың
еңбек үстіндегі немесе демалып отырған сәтін бейнелейтін тұрмыстық көріністер
де, ежелгі шығыс қалаларының пейзаждары да осы арадан табылады.
Т. Миррахимов ұзақ шығармашылық жолында табиғаттың
сұлулығын әбден түсінді. Автордың кенептері мен этюдтерінің сапасын соншалықты жанрлары
мен мотивтері емес, олардың кескіндемелік бітімі – түсі – қоюлығы әрі фактуралылығы,
суық пен ымырттан жарық пен аптап беруге дейін пластикалық вариациялылығы
анықтайды. Дәруіштердің шапанының етегімен келген, дабыл мен тамбуриннің дыбысынан
сусыған алтын түстес құмдар, тәуап етушілер мен керуендердің жайылған тақтары
бояудың тығыз, ыстық матасына балқып кеткендей. Суретшінің кескіндемелерінде Талғаттың
отаны – ежелгі ұйғыр жері, Ыстық көл жағалауы мен Нарын тауы, жай әрі күрделі,
табиғи әрі қолдан жасалған. Көзге көрінгеннің бәрі өз сұлулығында және сондай
нанғысыз эмоционалдық күйде әрі шығармашылық шабыт үстінде.
Көптеген таңбалар – пейзаждар өркениеттің торабын
белгілейді, мұнда тұрғыны көп Стамбул іңір құшағына енген, ал Тұрпан мен Қашқардың,
керісінше, күнге қақталып, ыстықтан қалғып-мүлгіген көрінісі Түрік
жағалауларына жылжыған қараңғылық тәрізді тыныштық орнатады. Оның заттық
ландшафты туристік даңғылдардың жылтыраған жалтылдақтарына байланысты емес.
Суретші үшін субъективтік әсерге бөленушілік басым. Оның қылқаламы Сұлтан Ахмет
мешітінің зәулім биігіне тиер-тимес күйде, үй төбелерінің лап ете қалып,
жағалаулардың қою қара бояуына жайлап бата түсуіне еріксіз алып келеді.
Миррахимовтың пейзаждарындағы Болгарияның жинақы қалалары
– ағартылған қабырғалары дақ шашыратылып, қызыл шатырмен қапталған ұйқыдағы
жасыл ойпаңдар. Мұнда кескіндеме дымқыл
суықты беретін нығызырақ әрі фактурасы да айқын кескіндеме. Қалалық Еуропаның
орталығы саналатын Люксембургтің өзіне шақыратын ояу тынысты ырғақтары айқын,
динамикалы етіп үлгіленген. Миррахимовтың
кескіндемелерінде, сөз жоқ, табиғат үстем, себебі табиғат әрі табиғи,
әрі қолдан жасалған. Ал адам – табиғаттың кішкентай бір бөлігі ғана. Оның
табиғат атрибуттарын арқалай жүріп, өзін жеке тұлға ретінде ақырын пайда болуы
да, жоғалуып кетуі де және қайтадан пайда болуы да мүмкін. Суретшінің сюжетті
картиналарында адам оның айналасындағы заттар сияқты қасиетінен айырылған.
Отан тақырыбы, табиғат тақырыбы жылдар – бойы тереңдей
беретін, барлығы да еркінірек сөзге, толғаныстарға, этюдтер мен картиналарға
айналатын жалғыз шығармашылық әлеует. Талғат Миррахимовтың 2009 жылы Ыстық
көлдің оңтүстік жағалауында жасалған натюрморттары мен көптеген пейзаждарының
ішіндегі жұмысы осының айғағы. Осы арада этюдтік формат пен кейбір мотивтердің
фрагменттігіне қарамастан туындылар картиналық тұтастыққа жеткен. Суретші
парықсыз көл айдынынан интуициямен кеткенде, тау көріністері басымдыққа ие
болады. Бұл пейзаждарындағы түстік палитраның сезілуі неғұрлым ертеректегі жұмыстарындағы
көркемдік тәсілдерінен әжептәуір жақсы. «Тереңге кетіп қалғандай», түс күрделене
түскен, реңктер мен қоңырқай түстердің арқасында формалар пайда болған.
Кенептердің беттерінде кейде ғана сазды
«қорған тасы» бүкіл кескіндемелік композицияны бекітетін таза түстер шығып
қалады.
Талғат
Миррахимовтің көптеген тұрмыстық композицияларында фрагменттік натюрморт әлемі
кездеседі. Бұлар қыздың қолындағы қауын, дәруіштің беліне қыстырған асқабақтан
жасалған құмырасы немесе сатушының аяғының астында жатқан мақта салынған өріліп
тоқылған себет... Сезіммен білінетін заттылыққа жақындауға, нысандардың өзара
тартылысының ерекше өрісін жасауға деген ықылас тұтас бір жемістерден құралған
натюрморттар топтамасын жасауға жетеледі. Әрбір натюрморттағы заттар жиынтығы –
таба нан, қауын, алмұрт, жүзім – бәрі өзгеріссіз қалған. Ашық түсті, жұмыр
формалар кейде құмыралардың ұзына бойымен («Құмаған бейнеленген натюрморт») немесе
матаның қатқыл қырларымен («Қауын бейнеленген натюрморт») толықтырылған. Бірақ
заттардың қайталануы көңілсіз комбинаторика болған жоқ. Себебі суретші әр кез
сайын өтпелі сұлулықты емес, жүзімнің балғындығын немесе қауынның сулы
шырындылығын аңғарып отырған. Заттардың пішіндік мәні, олардың бастапқы табиғи
жаратылысы маңызды болып шығып отырады. Сондықтан конус-алмұрттар табақтың
шеңберленген жазықтығын, жүзім сабағы қауынның кесілген сферасын ұстап тұр.
Біздің ойымызша, егер суретші пейзаждарында кескіндемелік мақсаттарды көбінесе
жарқыратып шығаратын болса, натюрморт ол үшін форманы аңғаруға қозғау салады.
Талғат Миррахимов ҚХР Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданында Құлжа қаласында
дүниеге келді. Бірақ бала кезінде әке-шешесімен бірге Қырғызстанға көшіп келіп,
С.А. Чуйков атындағы Фрунзе көркемсурет училищесін тәмамдады. 1971 жылдан
Қырғызстан, Қазақстан, Ресей, Өзбекстанда, сондай-ақ, алыс шет елдер – Бельгия,
Болгария, Германия, Иран, Люксембург, Түркия, Францияда өткен көптеген
көрмелерге қатысты. ХШЖК қола медалімен, Ташкенттегі «Азия-Арт» Халықаралық
көрмесінде алтын медальмен марапатталды. Г. Айтиев атындағы сыйлықтың, өнер
саласында Орта Азия ұйғырларының мәдениетіне қосқан үлесі мен жеткен
жетістіктері үшін тәуелсіз «Ильхам» сыйлығының лауреаты. Құрметті атақтарға ие
болды. Қырғызстан үкіметі Мирразимовтың көркемдік қызметін жоғары бағалап,
көптеген ордендермен, медальдармен марапаттады, «Қырғыз Республикасының еңбек
сіңірген өнер қайраткері» атағын берді.
Анна Воронина,
өнертанушы, халықаралық өнертанушылар
мен сыншылар қауымдастығының мүшесі
Бішкек