Ә. Қастеев атындағы өнер музейі Ольга Шаньгинаның көрмесі өтеді

2017 жылдың 26 қазан күні сағат 16.00-де Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі Ольга Шаньгинаның «Бейнелер шытырманы» атты кескіндемелік көрмесін ұсынады. Экспозицияда 70 астам туындылар ұсынылған.
Ә. Қастеев атындағы өнер музейі Ольга Шаньгинаның көрмесі өтеді
Экзотикалық рецепт. "Се ля ви" топтамасынан, к,мб.

Ольга Шаньгинаның кескіндемесі – бұл құпия мен тылсымға толы ерекше мағыналы шындық. Ол – сезімтал, нәзік, өз кемеліне жеткен әйелдің мінсіз әлемі. Оның сұлулығы мен нәзіктігі табиғаттың шынайылығымен үйлесімділікте үндестік тапқан. Ольганың кейіпкерлері үшін ешқандай шектеу жоқ – олар жаратушысының қалауымен уақыт пен кеңістікте еркін әрі жеңіл қозғалады, өздерін жерде де, аспан мен суда да бірдей ыңғайлы сезінеді. Табиғи апаттар мен қуаттарды дараландырып, суретші ағаш, түн, қыс, өзендерге әйелге тән дара нәзіктік  береді. Су апатының сақтаушылары балықтар мен маржандардың қоршауында, арманшыл әрі ойға батқан, біртіндеп теңіз апатымен жоқ болып тас мүсіндерге айналған, тыныштықта тынған күйінде көрініс табады. Биік ағаштан сымбатты, айбарлы әйелдің мүсінін болжауға болады, ал қар басқан бұтаның тоғайы аппақ қыздың бейнесін береді. Натюрморт аясындағы түтін ағынынан құралған әйел келбеті күмән тудырады, бұл шындық немесе қиял ойыны. Бейнеленген оқиғаның нақты орны мен уақытын анықтау мүмкін емес – армандар мұндай шектеулерді білмейді.

Метаморфоздар рөлдердің өзгеруіне әкеледі – шынайы кейіпкерлер мифтер мен аңыздар кейіпкерлеріне ұқсас, ал ойдан шығарылған кейіпкерлер жеке қасиеттерге ие болады және шынайы сезімдерді бастан өткізеді. Қымбат тастар мен сәнді қауырсындары бар патшайымның жамылғысы қыстың қар жамылғысына айналады. Шығыс сәлдесі мен көмескі жамылғыдағы ежелгі Саломея өз сұлулығымен масаттанады, ол шығарма композициясында басы «жасырылған» Иоанн Шоқындырушының өліміне жанама себепкер болады. Тұтастай алғанда, Ольга өз туындыларында көрерменге шешуді ұсынатын өзіндік жұмбақ сөздерді қолданбайды. Жұмбақтың кілті аңыздың тақырыбы немесе сюжеті болып табылады. Оптикалық елестер көрерменді өзіне баурайды, жаңалықтар ашуға шақырады. Сол кезде, батып бара жатқан күннің сәулелеріндегі алтын төбелер жирен мысықтың иілген арқасына айналады, бұлттар ұшып бара жатқан табынға айналады, ал шахмат жылқысы ойынның нәтижесін анықтау сәтінде тірілетіні анықталады. Шығармаларда суретшінің көзқарасы мен қолы ұстап қалатын қызықты сәйкестік сәттері бар.

Әдеттегідей, Шаньгинаның кескіндемелі әлемін жайлаған сүйікті нышандары балықтар мен мысықтар болып табылады. Кейде олар күтпеген кейіпте, ландшафттың бір бөлігі немесе сәнқойдың таңырқайтын бас киімі ретінде көрініс табады.

"Қыз қуу", к.мб. 2016

Ольга – детальдар жасаудың шебері. Көзге көрінетін формалардың көмегімен дене түйсігі арқылы сезінуді білдіруге талпынады. Беттік сипаттар − маталардың тығыздығы немесе мөлдірлігі, жылтыраған тастардың тазалығы, металл мен әйнектің суық жарқырауы, гүлдердің нәзіктігі, жемістің шырынды мәйегі, анардың жарқыраған түйіршіктері. Сұлулық пен үйлесімділікті іздеуде маңызды емес жеңіл-желпілік болуы мүмкін емес.

Топтамалар өз жалғасын таныс нысандар мен кейіпкерлер бірігуінде табады. “C’est la vie” («Се ля ви») натюрморттар топтамасын «жансыз табиғат» жанрына жатқызу қиын, мұнда заттар өздерінің иелерінің, сондай-ақ, өмірбаяндық көрінісі болып табылады. «Алтын ымырт немесе жирен мысық» топтамасында шынайы кейіпкер алынған. Ольганың шығармаларында отбасының толыққанды мүшесі жирен мысық Семен, Құдай сияқты, кенептегі көркемдік әрі мағыналы барлық кеңістікті алатын  монументалды тіршілік иесі мәртебесіне ие.

Әрбір жеке шығарма, көрменің бүкіл кеңістігі сияқты күрделі, қызықты «Бейнелер шытырманын» тудырады, ол Ольга Шаньгинаның табынушылары мен шығармашылығын алғаш рет тамашалаған көрермендерді өзіне баурайды.  Көрме 2017 жылдың 19 қарашасына дейін жалғасады. 

Көрменің кураторы - Катерина Резникова, өнертану кандидаты.