Бұл концерт тек Алматы қаласы үшін емес, сонымен қатар барлық республикаға маңызды мәдени шара болып табылады. Аталған мерейтойлық салтанатқа Қазақстан республикасының ұлттық өнерінің мақтанышы болған колледж түлектері, сондай-ақ эстрада жұлдыздары шақырылды.
Петр Ильич Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі 1932 жылы ашылған Республикадағы тұңғыш музыкалық оқу орыны. Колледждің негізін қалаушылардың арасында жазушы Сағыр Қаманов, академик Ахмет Жұбанов, Иван Круглихиннің алатын орындары ерекше. Колледждің алғашқы оқытушылары қатарында Евгений Брусиловский, Латиф Хамиди, Борис Ерзакович болды.
[video width="640" height="352" mp4="https://www.oner.kz/content/uploads/2017/12/Birzhan.mp4"][/video]
Чайковский атындағы колледждің негізінде Абай атындағы опера және балет театры (1934), Құрманғазы атындағы мемлекеттік қазақ халық аспаптарының оркестрі (1934), Жамбыл атындағы мемлекеттік филармония (1935), Қазақ ұлттық консерваториясы (1944) қатарлы өнер ұжымдары мен оқу орындары жеке отау тігіп, шаңырақ көтерді. Бұдан кейін де ашылған Республикалық музыка мектептері, колледждермен концерттік ұйымдары Чайковский атындағы музыка колледжінің қамқорлығымен көмегін көрді.
Колледжд түлектері арасында кейіннен атақтары әлемге тарап, ұлттық музыка мәдениетіміздің мақтанышына айналған тұлғалар өте көп. Атап айтар болсақ, әншілер: Ермек Серкебаев, Әлібек Дінишев, Муслим және Ришат Абдуллиндер, Шабал Бейсекова, Нағима Есқалиева, Люция Тулешева, Сауле Курмангалиева, Надежда Юмашева, Елена Дороховская; дирижерлер: Фуат Мансуров, Ғазиз Дугашев, Тургут Османов, Шамгон Кажгалиев, Абзал Мухитдинов, Алексей Кутунов; композиторлар: Нургиса Тлендиев, Еркеғали Рахмадиев, Газиза Жубанова, Сыдык Мухамеджанов, Бакытжан Байкадамов, Куддус Кожамьяров, Мансур Сагатов, Анатолий Бычков, Нагим Мендыгалиев, Кенжебек Кумысбеков, Мукагали Койшибаев, Базарбай Джуманиязов, Артур Мейтус, Кенес Дюйсекеев; домбырашылар: Тұяқ Шамелов, Айгүл Үлкенбаева, Салтанат Құдайбергенова, Билял Искаков, Жолгасбек Бегендиков.
Қазіргі таңда коллежде оқыту фортепиано, шекті, үрме және ұрма, қазақ, орыс, ұйғыр халық аспаптары, жеке ән салу, хор дирижері, эстрада өнері қатарлы мамандықтар бойынша өткізіледі.