С.Қондыбайдың 50 жылдығына арналған қуыршақ көрме-конкурсы өтеді

<strong>С.Қондыбайдың 50 жылдығына арналған «Мифтік бейнелер» облыстық қуыршақ көрме-конкурсы өтеді.</strong> Серікбол Қондыбай (1968-2004) - ғұмырын қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-санасын жаңғыртуға арнап, сүбелі үлес қосқан және түбегейлі зерттеуде зор еңбек еткен қазақтың өлкетанушы, географ, публицист, этнограф-ғалымы. Көрнекті мифолог, мәдениеттанушы.
С.Қондыбайдың 50 жылдығына арналған қуыршақ көрме-конкурсы өтеді

С.Қондыбайдың 50 жылдығына арналған «Мифтік бейнелер» облыстық қуыршақ көрме-конкурсының ережесі

1.Жалпы ереже:

Конкурстың құрылтайшысы облыстық мәдениет басқармасы. Ұйымдастырушысы С.Қондыбай шығармашылығының облыстық мемориалдық музейі.

Қуыршақ тарихтың тереңінен танымал. Адам қай жерде мекен етпесін оның айырылмас серігі де болған – қуыршақ. Ол өте қарапайым, бірақ осы қарапайымдылықтың астарында жұмбақ сыр сақталып, жасырылған. Дәстүрлі қуыршақтар салт-жораларды атқаруға қызмет етіп, мерекелік және басқа да салт-дәстүрлік ырым-жораларды өткізудің міндетті атрибуты болды.

Қазақ мифологиясы антропоморфтық (Жезтырнақ, Жезкиік, Албасты, Алтыншаш, Дәу, Қонаяқ, Майқы би, Түлен, Су перісі, Мыстан кемпір, Жалмауыз, Қорқыт, Баба түкті Шашты әзіз, Нұртөле, Зеңгі баба, Қамбар ата, Шопан ата және т.б.), зоо және орнитоморфтық, фантастикалық (Құмай тазы, Қоңыр аң, Айбөкен, Суын айғыр, Пырақ, Самұрық, Ит ала қаз, Дегелен, Айдаһар,  Бапы хан, т.б) бейнелерге бай.

  1. Конкурстың мақсаты мен міндеті:
    1. С.Қондыбай шығармашылығы бойынша қазақ мифологиясын танымал ету, қызғылықты кейіпкерлерінің бейнелерін жасау;
    2. Жаңа шығармашылық жұмыстарды жасауда қатысушылардың кәсіби шеберлігін арттыруға ынталандыру;
    3. С.Қондыбай шығармашылығы бойынша жаңа ымтылыс пен ерекше идеяларды табу;
    4. Көркем және эстетикалық талғамды қалыптастыру;
    5. Дәстүрлі және сувенир қуыршықтарды жасаудың дағдысы мен дәстүрін насихаттау;
    6. Қазіргі қоғамда қолдан жасалған ойыншық-қуыршақтарды танымал ету және жас ұрпақты халықтық кәсіпке тарту.
  1. Қатысушылар:

Конкурсқа Ереженің шарттарына келіскен барлық тілек білдірушілер жасына, қызметі мен қызығушылығына қарамастан қатыса алады.

  1. Конкурстың номинациялары:
  • Қуыршақ – бейне – талисман (маскот) С.Қондыбай шығармашылығы бойынша облыстық мемориалдық музейге;
  • Ең қызғылықты мифологиялық бейне;
  • Үздік көркемдік орындау;
  • Үздік сюжетті композиция (бірнеше қуыршақтан тұратын мифологиялық сюжетті бейнелейтін композиция).
  1. Конкурс жұмыстарына қойылатын талаптар:
  2. Конкурсқа қатысушы өз материалы және құралдарымен берілген байқау тақырыптарына сай дайындаған шығармасын ұсынады.
  3. Конкурсқа қатысатын қуыршақ бұйымдар кез келген материалдардан (пластик, фарфор, папье-маше, тоқыма, ағаш, балшық, шыбық, сабан және т.б) және орындаудың неше түрлі техникасын үйлестіруі рұқсат етіледі.

Қуыршақ бұйым жасаған қатысушы туралы этикетпен әкелінеді:

- жұмыстың аты;

- автордың аты-жөні

- байланыс нөмірлері

- жұмыс орнының толық аты.

  1. Қуыршақтық өлшемі 25 см аз емес және 50 см биік болмауы керек.
  2. Ұсынылған қуыршақ міндетті түрде тиянақты тік қалпын сақтайтын арнайы тіреуішпен қамтамасыз етілуі керек.

5.Конкурсқа жеткізілетін жұмыстар шығыны жіберуші жақ есебінен болады.

  1. Жасалған жұмыстардың суреті мен сұраныс 2018 жылдың 15 сәуіріне дейін

shetpe.muzey.kz или konbal55@mail.ru эл. поштаға жіберіледі.

7.Конкурстың координаторы: Қондыбай Балсұлу Әділбекқызы (8 778 431 4625)

8.Дайын жұмыстар 2018 жылдың 25 сәуіріне дейін Маңғыстау ауданы, Шетпе селосындағы облыстық мемориалдық музейге тапсырылады.

  1. Бағалау белгілері:

* Мифологиялық бейнелердің конкурс тақырыбына сай болуы;

* Бейнелік айқындығы;

* Басқаларға ұқсамайтын өзіндігі;

* Техникалық деңгейі;

* Ашықтығы мен эстетикасы;

* Дәстүрдің сақталынуы.

Барлық жұмыстар Маңғыстау облыстық мемориалдық музейі сайтына және  Otuken.kz қазақ мифологиясы сайтына қойылады. Конкурс қорытындылары бойынша комикс байқауына қатынасушылардың үздік шығармаларының жинағын шығару жоспарланған.  Ұйымдастырушылар конкурстық шығармаларға авторлық құқты сактайды. Конкурстың үздік қатынасушылары болашақта С.Қондыбай шығармашылығын көпшілікке таратуға байланысты ірі жобаларға тартылады.

7.Конкурсты қорытындылау:

Конкурс қорытындысы бойынша көрме ұйымдастырылады. Сол сияқты төмендегі номинациялар бойынша жүлделі жұмыстар таңдалады:

  • Қуыршақ –бейне – талисман (маскот);
  • Ең қызғылықты мифологиялық бейне;
  • Үздік көркемдік орындау;
  • Үздік сюжетті композиция

8.Қорытынды  және марапаттау:

  • Қорытынды қазылар алқасы мәсілісінің хаттамасымен рәсімделеді.
  • Конкурс жеңімпаздарына I, II, III дәрежедегі «Лауреат», «Дипломант» атақтары беріледі.

1 орын            1 х 250 000 = 250 000

2 орын            2 х 150 000 = 300 000

3 орын             2 х 100 000 = 200 000

Ынталандыру 2 х50 000= 100 000
Қатысушылардың назарына: С.Қондыбай шығармалары бойынша кейбір үзінділерді төмендегі сайттардан табуға болады:

http://otuken.kz/topics/serikbolkondybai/

http://www.ikitap.kz/index.php/catalog/author/4139-serikbol_qondybaj және Oner.kz порталынан оқи аласыздар

Ал кітаптарын Ақтау қаласында konbal55@mail.ru электондық почтаға сұраныс беру арқылы алуға болады.

Ұйымдастыру алқасы