Алматыда «Ағын бойымен / ағынға қарсы. заманауи фотоинтервенциялар» атты көрме ашылады

2018 жылдың 2 наурыз күні сағат 18.00 де Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Ағын бойымен / ағынға қарсы. заманауи фотоинтервенциялар» көрмесінің ашылу салтанаты өтеді.
Алматыда «Ағын бойымен / ағынға қарсы. заманауи фотоинтервенциялар» атты көрме ашылады
Викторя Биншток "Телефонға телмірген үшеу"

Флориан Эбнер

Кристин Мюллер


Көрмені Қазақстан Гёте-Институты мәдениет саласындағы Халықаралық қатынастар институтымен (ifa -Штутгарт, Германия) және Германияның Алматы қаласындағы Бас консулдығымен бірлесе отырып ұсынады. Көрме германиялық екі заманауи фотографтың – Виктория Биншток пен Михаэль Шефердің шығармашылығына арналған. Бұл авторларға ортақ сипат – бүгінгі «сандық» дәуірімізде БАҚ-тағы бейнелерді саралауға деген талпыныс. Жұмыстарды Алматыда 2 сәуірге дейін тамашалауға болады. 

Михаэль Шефер "Бас тарту"

«Ағын бойымен / ағынға қарсы. заманауи фотоинтервенциялар» деп аталатын ifa көрмелер топтамасы фотография өнерінің жаңа қырларын ашып, өзіндік бейнелі тілді дамытып жүрген Германияда өмір сүретін фото-суретшілермен таныстырады. Бұл топтама үшін көркем түрде араласу тәсілі қолданылған фото-жұмыстар таңдап алынады. Ол тәсіл бойынша фото-суретшілер өз кадрларының материалына немесе сыртқы нақтылықтың түріне өзгеріс енгізеді.

Бұл жолы Алматы тұрғындары Виктория Биншток пен Михаэль Шефердің шығармашылығымен танысатын болады. Көрмеге медиа-кадрларды жаңғыртып, олардың функциясына сараптама жасайтын жұмыстар қойылған. Михаэль Шефер жаңалықтар мен ойын-сауық бағдарламалардан алынған бейнелерді зерделеуге, Виктория Биншток жаңа арналар мен визуалды бейнелердің ғаламтор дәуіріндегі жұмыс істеу жолдарын зерттейді. Сөйтіп олар 1970-жылдарда туған суретші қауымның БАҚ әлеміне деген табанды қызығушылығына қатысты дәстүрді дамытады. Екі фото-суретшінің еңбектері өзіндік және сәтті табылған көркем формаларды, өзін-өзі визуалды түрде көрсетудің заманауи мүмкіндіктерін болашақтың мүмкіншіліктерімен байланыстырады. Қос суретші де табылған материалмен жұмыс істейді – олар бұған дейін медиада бар суреттерді олардың қабылдану құрылымдарын қозғау арқылы өңдейді, мақсат – суреттердің жасырын әлеуетін ашыққа шығару. Көрменің жетекшілері: Флориан Эбнер, Кристин Мюллер.

Виктория Биншток "Баттерсон терезесі"

Виктория Биншток 1972 жылы Мәскеуде дүниеге келген, Батыс Германияда өскен. Лейпциг графика және кітап өнері жоғары мектебінде фотография өнерін оқыған. Қазір Берлинде тұрып, жұмыс істейді. Жұмыстары көптеген неміс және халықаралық көрмелерде – мәселен, «C/O Berlin» галереясында, Гёттинген суретшілер одағында, Помпиду орталығында (Мец), Липсиусбау көркемөнер музейінде (Дрезден), Arts Santa Monica (Барселона), Франкфурт суретшілер одағында, «Арль кездесулері» фестивалінде – қойылған. 2013 жылы aperture foundation қорының FirstPhotoBook Award жүлдесіне ұсынылған «Тетіктер әлемі» кітабы жарық көрген.

Михаэль Шефер "Ойлану"

Михаэль Шефер 1964 жылы Зигмарингенде дүниеге келген, қазір Берлинде тұрып, жұмыс істейді. Дортмунд жоғары техникалық мектебінде фотодизайн және Лейпциг графика және кітап өнері жоғары мектебінде фотография өнерін оқыған. Хартфорд көркемөнер мектебінде (Коннектикут) және Өнер университетінде (Берлин) сабақ береді. Жұмыстары Констанц суретшілер одағында, «Зефир» галереясында (Мангейм), Лейпциг суретшілер одағында қойылған. Шефер, сонымен қатар, Гамбург өнер және қолөнер музейінде, «C/O Berlin» галереясында, Зальцбург фотоауласы мен Женева фотография орталығында өткен көптеген біріккен көрмелерге де қатысқан. 2011 жылы Fotohof баспасынан «Үлгілер» кітабы жарық көрген.