Асанәлі Әшімов - кинорежиссер

Асанәлі Әшімовтың кинорежиссер ретінде түсірілген фильмдерінің ретроспективасы өтеді.
Асанәлі Әшімов - кинорежиссер

"Көзімнің қарасы" мәдени-танымдық клубы мен Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясы, "Кино тарихы мен теориясы" кафедрасының ұйымдастыруымен белгілі театр және кино әртісі, М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актері және көркемдік жетекшісі, режиссер, Қазақстанның халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980), Қазақстанның Еңбек Ері (2017) Асанәлі Әшімұлы Әшімовтың режиссерлігімен түсірілген фильмдерінің ретроспективасы өтеді.

Ретроспективаның ашылуы Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА кинозалында 4-сәуір күні, сағат 15:00 басталады.

Ретроспективаның бағдарламасы:

1.
«Жылан жылы», 1981ж
(«Год дракона», Цой Гук Инмен бірге) – бұл фильм 1982 жылы
Таллинде өткен
бүкілодақтық 15-кинофестивальдің дипломына ие болды

 2. Шоқан Уәлиханов (1984; 4 сериялы
телефильм)

 3.
«Дермене», 1994
(Д.Исабеков шығармасының желісімен)

 4.
Қозы Көрпеш - Баян
Сұлу
” (1995) 

5.
Дом у соленого
озера (2004)

 

Асанәлі Әшімұлы1937 жылы 8 мамырда Жамбыл облысыСарысу ауданыЖайылмада дүниеге келген. Қазақ киносын әлемдік деңгейге көтерген актерлердің бірі болып есептеледі. Оның кинодағы Бекежан (“Қыз Жібек”, 1971), Шадияров (“Атаманның ақыры”, 1971, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының, 1972), Мәмбет (“Сарқырама”, 1973), Қасымханов (“Транссібір экспресі”, 1977, бүкілодақтық 11-кинофестивальдің жүлдесі, 1978), Кемел (“Нан дәмі”), Нұрғазы (“Алатаудың ай мүйізі”), Қаражал (“Жаушы”, 1980), Шыңғыс хан (“Бұлғар даласынан ескен жылы жел”, 1998) рөлдері нағыз актерлік шеберліктің үлгісі іспетті. Әшімов режиссер ретінде кең танылды. Ол сахналаған Н. Гогольдің “Ревизор” (1979, өзі Дуанбасының рөлін ойнады), Ғ.Мүсіреповтың “Амангелді”, И. Оразбаевтің “Мен ішпеген у бар ма?!” (екеуі де 1987), С. Ванустың “Сұлтан болсам егер мен” (1988), жылы Ж. Аймауытовтың “Ақбілек” (1989) спектакльдері мен ол түсірген “Жылан жылы” (1981, Цой Гук Инмен бірге; 1982 жылы Таллинде өткен бүкілодақтық 15-кинофестивальдің дипломына ие болды), “Шоқан Уәлиханов” (1984; 4 сериялы телефильм, өзі Шыңғыстың рөлін ойнады), “Қозы Көрпеш - Баян Сұлу” (1995) фильмдер Әшімовтің режиссерлік шығармашылығының да кең ауқымын көрсетеді. Әшімов өнеріне арналған “Асанәлі” деректі фильмі (1986, реж. И. А. Вовнянко) түсірілді. Әшімов — Жамбыл және Шымкент университеттерінің құрметті профессоры. 1979—1982 жылы педагогикалық қызметпен шұғылданды. 1990 жылдан “Елім-ай” киностудиясының президенті. “Парасат” орденімен марапатталған.