Фотосурет өнері Таймас Нұртаевтың өмірінде ерекше орын алады. ҚР Мемлекеттік Орталық музейінде өтетін аталмыш көрме алматылықтарды әлемнің әсемділігін паш ететін әдемі де әсерлі фотосуреттерімен таныстырмақ.
Таймас Нұртаев Бішкек қаласының тумасы, мамандығы құрылысшы, ал, 60-жылдардан бері Алматы қаласында тұрып келеді. Фотоөнерге деген қызығушылығы мен сүйіспеншілгі оның екінші мамандығына айналған. Оның алғашқы фотокамерасы кеңестік «Зенит» фотоаппараты болса, кейіннен ол оны кәсіби камераға алмастырған.
Автор 2006 жылы алғаш рет Хан-Тәңірі тау шатқалына барғанында, Қазақстанның әсем табиғатына тәнті болып, сол кезден-ақ фотосурет өнеріне деген алғашқы қадамдарын бастап кеткен. Таймас Нұртаевтың тек Қазақстан бойынша ғана емес, сондай-ақ алыс-жақын шетел саяхаттары оның тың туындыларының пайда болуына шабыт берді.
Таймас Нұртаев әлемнің көптеген елдерінде болған. Атап айтсақ, Ресей, Біріккен Араб Әмірлігі, Непал және т.б. Фотосуретші үшін бұл кездер ұмытылмас сәттер еді. Фотосуретшінің туындыларынан Жер бетіндегі ең ірі шөл дала – Сахараны, әдемі аралдардың бірі – Гренландияны, тарихи Италия мен «мұзды ел» Исландияның әсерлі жерлерін көруге болады. Ал оның Қытай елінде түсірген суреттерінен Ұлттық Цзючжайгоу паркіндегі жасыл-сары Ли өзені, Хуанлунгтың көгілдір көлі, «ұшқыш» таулар Аватарды ерекше атап өтуге болады.
2017 жылы Т. Нұртаев солтүстік алқаптағы Шпицберген аралы аумағын аралап, оның табиғаты мен жануарлар әлемін суретке тартқан. Әсіресе, ақ аюлар, итбалықтар, морждар мен киттердің фотосуреттері ерекше. Сол жылы Таймас Қуанышұлы Норвегиядағы Лофотен аралының табиғатын да түсірген. Сонымен қатар, Аргентина мен Бразилия табиғатын, Жердің оңтүстік аймағы – Чилидегі Гаучо салт аттыларын, Торес Ұлттық саябағын, Грей көлі мен Пайн жерін фотоға түсіру арқылы олардың ерекшеліктерін көрсете алған. Ал Кенияда болғанында дүниежүзіне белгілі Масаи Мара Ұлттық қорығына барып Африканың жан-жануарлар әлемін суретке тартқан – пілдер, жолбарыстар, барыстар, керіктер, бегемоттар, қолтырауындар мен зебраларды және Накура көлінен әдемі күлгін қоқиқаздарды түсірген.
Фотосурет шебері жылдар бойы әлемнің ең әдемі жерлері мен алыс шалғайларын аралаған: ұшақпен Камчатканы; атақты Коряк, Авачин, Козел жанартауларын; Тынық мұхитындағы Қорым және Авачин шығанағын; Соловец аралдарын; Кижи және т.б. Біріккен Араб Әмірлігінде әуе шарынан Аравия шөліндегі таңсәрі суреттерін де түсіріп алған. Жаяу жүріп Гималайды (Непал) сонымен қатар, дельтапланнан Дхаулагири (8167 м), Анапурну (8091 м) және Фева көлі мен табиғаттың басқа да тамаша жерлерін фотоға түсірген.
Көрменің ерекше бөлігін еліміздің көрікті жерлерінен жиналған «Қазақстан табиғатының маржандары» атты фотожұмыстары құрайды. Онда автор, туған өлкесі мен Іле Алатауының әсем жерлерін, Алматы мен Алматы облысы аумағын, Көлсай, Хан-Тәңірі, Шарын көлі мен Шарын шатқалы, «Алтынемел» Ұлттық қорығы, «Баянауыл» Ұлттық саябағы, Жасыбай, Марқакөл, Бурабай, Зайсан, Қара-Су, Қара-Көл, Қайыңды, Ұлкен Алматы өзені, Бұқтырма суқоймасы, Каспий теңізі, Киин-Керіш таулары, Ақ-Тау, Шакелмес, Айғайқұм, Маңғышлақ, Үстірт шатқалы, Шақпақ пай Сай шатқалы, Үшқоңыр жайлауы, Ақкергешін, Ақтолағай қырқасы және т.б. түсірген фотожұмыстарын ұсынады.
Көрмеге 150-ден аса фотосуреттер ұсынылған.
Көрме 2018 жылдың 9 мамырына дейін жалғасады.
Байланыс телефондары: 264-46-50, 264-55-7