Мақала
"Жат идеалы" көрмесі туралы
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 08.12.2020
Авторы: Галина Сырлыбаева
Мақала
"Жат идеалы" көрмесі туралы
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 08.12.2020
Авторы: Галина Сырлыбаева
"Жат идеалы" көрмесі туралы

«Біз қоғамнан бізге назар аударуды талап етпейміз, бірақ бізден де соны талап етпеуді сұраймыз»

«Есек құйрығы» шығармашылық бірлестігі

1920-30 жылдардағы кеңес өнері қашан да қызығушылық тудырады. Бұл түрлі теориялық және стилистикалық көркемдік концепциялардың күресу және бірігу уақыты. «Жат идеялы...» көрмесі біздің осы кезең өнері туралы ойымызды кеңейтуге бағытталған.

Көптеген суретшілер ХХ ғасырдың басындағы әр түрлі, кейде радикал бағыттардан өтіп, әлдеқашан өзге «әлем» болған Батыс Еуропа және орыс романтизмінің, символизмінің ықпалдарын басынан өткізіп, дәстүрлі картинаға «қайтып келеді»; өткен шақтың ұлы шеберлері ‒ Рембранд, Рубенс мұрасына қайта мән бере бастайды, антикалық мифологиядан шабыт алады. Олардың «реализмі» социализм дәуірі талап еткеннен гөрі басқаша сипатта болды. Олар кескіндемені кеңес тақырыбынан азат етіп, заманауи кеңестік өмірдегі фиксацяларға аса қажетті емес жанрлар ‒ портрет, натюрморт және пейзаж аясында қалып қойды.

Экспозицияның негізгі бөлігін Сергей Родонежский «Әулие Троицкая лаврасының іргесін қалаған» Ма́ковец дөңінің құрметіне символикалық атау берілген «Маковец» шығармашылық тобы (1921-1927) өкілдерінің туындылары құрайды. Олардың арасында Константин Зефиров, Сергей Романович, Николай Чернышевтер бар. Маковецтіктердің эстетикалық бағдарламасының негізінде «адамгершілік сезімді тәрбиелейтін және «өмірге үйлесімді енетін, әрі бәрін тегіс қамти алатын грация бере отырып», оның сырын ұғынатын өнердің рухани мәнін қайта жаңғыртсақ деген тілек жатты».

Топ тарағаннан кейін Зефиров, Чернышев, Романович жаңа ұйым ‒ Мәскеу суретшілерінің қоғамы (МСҚ) бірлестігінің құрамына кірді. Оларға, көрмеде жұмыстары қойылған суретшілер ‒ Роберт Фальк пен Надежда Удальцова қосылды. Қоғамның декларациясында МСҚ өкілдері реализмді кескіндеме формасының жетілген түрі және өмірдің шынайы көрінісі деп бағалады. Теориялық концепция ортақ болғанымен, әр суретші өз жолымен жүрді. Зефиров пен Фалькті кескіндеменің өзі, бояулардың үйлесімі мен оларды жағу тәсілдері жұмыстарында терең сезімдер мен көңіл-күйлердің ерекше жиынтығын құрай алатын күрделі кескіндемелік шешімдерді жетілдіруге деген ынта-ықыластары жақындатты. Олардың туындылары композициялық шешімдерінің ықшамдылығымен, көрерменімен «ақырын», ойланып сөйлесуімен, жақын адамдар және үйреншікті заттар әлеміне көзқарасымен ерекшеленеді.

Чернышев өзінің эстетикалық және рухани идеалын лас жерде жүрмей, көбелек сияқты оған аяғын әрең дірілдей тигізетін «балалықтан бойжеткен шаққа өтетін жастың сүйкімділігінен, қатаңдыққа, тазалық пен рақымға толы» нәзік жасөспірім қыздардың бейнелерінен тапты. Надежда Удальцова кубизм, футуризм, супрематизммен де әуестенді. Бірақ, 1920 жылдардың басында жанр пейзажын ұнатып, фигуративтік кескіндемеге бет қояды. Көрмеге 1930 жылдары таулы жердің қиын жағдайында өткен Алтай мен Шығыс Қазақстанға жасаған шығармашылық сапары кезінде жазылған графикалық жұмыстары қойылды. Онда суретшінің табиғат пен сонда тұратын адамдардың керемет әрі ерекше әлемімен жолықтырған эмоциялық әсерлерін беретін сызықтар мен кескіндемелік дақтардың айқындығына негізделген өзіндік мәнері қалыптасты.

С.Романович – кеңес дәуірінде антикалық және хистиандық тапқырыпты дәйекті жетілдірген аздаған суретшілердің бірі. Оның туындылары аяқталмағандай әсер қалдырады, бірақ суретшінің өзі үшін ең бастысы ойды білдіру болды, ал кескіндеменің айқындығы оны эмоционал түрде жүзеге асыруға көмектесті.

Александра Щекатихина-Потоцкая фарфорға өрнек салу шебері ретінде танылғанымен, ол өзін қондырғылы кескіндемеде де айқын, әрі өз жолымен көрсетті. Оның шығармаларынан икона жазу дәстүрлері, халықтық өнердің ықпалы, барокко элементтері ерекше көрініс тапты.

Көрмедегі жалғыз ленинградтық суретші «Аналитикалық өнер шеберлері» тобының негізін қалаушы Павел Филонов болар. Оны «ХХ ғасырдың ең жұмбақ суретшісі» деп атады. Ол туындыны жазудың өзіндік тәсілін жасады. Суретшінің ойынша, картина өсіп келе жатқан дән сияқты бір нүктеден дамуы керек – суретші объекттің сыртқы түрін ғана емес, ол туралы білетіндерінің бәрін де көрсетуі қажет.

Көрмеден сондай-ақ, мәскеулік суретшілер Климент Редьконың, Александр Лабастың, Алексей Моргуновтың және Лев Крамаренконың шығармалары да орын алды

Экспозиция 2021 жылға белгіленген Ресей Федерациясының өнеріне арналған көрмелер циклын ашады.