Мақала
Наталия Баженова. Виктор Мун: «Менің палитрамның қайнар-бұлағы – Бастөбе»
2017 жылы 18 қаңтарда сағ. 16.00 Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде корей ұлты өкілдерінің Қазақстанда тұрып жатқанына 80 жыл толуына арналған суретші Виктор Мунның «Менің палитрамның қайнар-бұлағы – Бастөбе» атты жеке көрмесінің ашылуы болды
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 19.01.2017
Авторы: Nataliya Bazhenova
Мақала
Наталия Баженова. Виктор Мун: «Менің палитрамның қайнар-бұлағы – Бастөбе»
2017 жылы 18 қаңтарда сағ. 16.00 Ә.Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде корей ұлты өкілдерінің Қазақстанда тұрып жатқанына 80 жыл толуына арналған суретші Виктор Мунның «Менің палитрамның қайнар-бұлағы – Бастөбе» атты жеке көрмесінің ашылуы болды
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 19.01.2017
Авторы: Nataliya Bazhenova
Наталия Баженова. Виктор Мун: «Менің палитрамның қайнар-бұлағы – Бастөбе»

Виктор Васильевич Мун КСРО және ҚР Суретшілер одағының мүшесі, республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелердің қатысушысы. 1951 жылы дүниеге келген. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін тәмамдады. Көрменің атауы бізді суретшінің кіші отаны болған, Алматы облысындағы Үштөбеге жақын жердегі Бастөбеге бастап алып барады. Суретші дәл осы жерден өзінің шығармашылық жолын бастайды, осы мекен оған шабыт пен күш құяды.

Көрмеге оның 80-нен аса кескіндемесі мен графикасы қойылды. Оның шығармашылығы ХХ ғасырдың басында кеңінен танымал болған кубизм бағытына тән. Бұл бағыттың негізін салғандар – П.Сезан, П.Пикассо және Ж.Брак.

1974 жылдан В. Мун Корей театрында бас суретші болып еңбек етеді. «Чун Хян туралы аңыз», «37-Транзит», «Ағашты сілкудің қажеті жоқ», «Жарылыс» және т.б. спектакльдерді безендірді. Оның «Тамұқ қоңыраулары» пьесасына жасаған декорациясы жоғары бағаланып, нәтижесінде суретші театр және кино шығармашылық бірлестігіне қабылданады. 1986 жылдан «Ара-Шмель» сатиралық журналында бас суретші болып жұмыс істейді.

1983 жылдан шығармашылық қызметпен қызу айналыса бастайды, Алматы, Ташкент, Рига, Ленинград, Мәскеу, Токио, Оңтүстік Кореядағы Сеул және Инчон (1999-2001) қалаларында өткен көптеген көрмелерге қатысады. Өзінің жеке көрмелері 1994 және 1996 жылдары Кванджу қаласында, ал 20104 жылы Сеулде өтеді.

Виктор Мун – жеке шығармашылық қолтаңбасы бар, өзінің туындыларымен бірден танылатын суретші. Суретшіні өз жұмыстарының формасы мен идеялық мазмұнына терең мағына беретін адам ретінде сипаттайтын туындыларының арқаулары жан-жақты және күрделі. Оның акварелі – мұқият бөлшектер  мен нюанстарға толы көп еңбектенгенді талап ететін жұмыстар. Кескіндемелік жұмыстарында пішіндік бедерлерді, көп қабатты бояу түстерін пайдалана отырып, фактурамен шебер «ойынға түседі».

Виктор Васильевич өз көрмесін корей ұлты өкілдерінің Қазақстанда тұрып жатқанына 80 жыл толуына арнап отыр. Жақындарын жалмап, туған жерінен айырған 1937 жылғы саяси қуғын-сүргін мен жер аударуға ұшыраған көптеген халықтардың басындағы осынау қасіретті оқиға әлі күнге дейін оларды ұйқысынан шошытып оятады. Алғашқы қоныстанушылардың үлесіне тиген сол қатыгез де қайғылы заманды еске түсіретін жұмыстар да бар. Тұтастай алғанда, суретшінің шығармашығы оң ниетті. Оның жұмыстары бір жерде пайда болғандай емес, жаратылыстың өзіндей табиғи байланысқа түсіреді.

Қазақстандағы корей диаспорасы суретшілерді қолдап, мүмкіндігінше көрмелері мен басқа да шараларды ұйымдастыруға қолын созып, ат салысып тұрады. 2007 жылы Ә. Қастеев атындағы ҚР МӨМ-де корей ұлты өкілдерінің Қазақстанда тұрып жатқанына 70 жыл толуына арналған «Коре Сарам» көрмесі болды, оған Виктор Мун өзінің жеті туындысын қойды. Бұл көрмеге өнертанушы Е.М. Ким жетекші болды.

В. Мун қазақстандық және әлемдік өнердің дамуына зор үлес қосып, мазмұнды келбет берді. Оның туындыларын Ә. Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінің, ҚР Мемлекеттік Орталық музейінің қорлары мен Қазақстан, Корея, АҚШ, Англия, Германия, Франция, Ресей, Мысыр, Жапония және әлемнің тағы да басқа елдерінің галереялары мен жеке коллекцияларынан кездестіруге болады. Суретшінің алға қойған шығармашылық жоспарлары мен жобалары көп.