Мақала
Пикассо және оның әйелдері
“Мен суретшімін, қалай көрсем, солай жазам”. Бұл сөздің авторы әйгілі испандық суретші, кубизм ағымының негізін қалаушылардың бірі Пабло Пикассо. Өз өмірін суретке айналдыра алған жиырмасыншы ғасырдың айтулы мэтрі өнерде бөгенайы бөлек образы мен формасын жасап, асқан табандылықпен өнер көкжиегіне кең құлаш сермей алды. Өзінің ұмытылмас бейнесін ел есінде қалдырды
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 22.10.2017
Авторы: Тілек Ырысбек
Мақала
Пикассо және оның әйелдері
“Мен суретшімін, қалай көрсем, солай жазам”. Бұл сөздің авторы әйгілі испандық суретші, кубизм ағымының негізін қалаушылардың бірі Пабло Пикассо. Өз өмірін суретке айналдыра алған жиырмасыншы ғасырдың айтулы мэтрі өнерде бөгенайы бөлек образы мен формасын жасап, асқан табандылықпен өнер көкжиегіне кең құлаш сермей алды. Өзінің ұмытылмас бейнесін ел есінде қалдырды
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 22.10.2017
Авторы: Тілек Ырысбек
Пикассо және оның әйелдері
"Жағажай жағалай жүгірген екі әйел" 1922

Пикассо1881 жылы 25 қазанда Испанияның Малаге қаласында дүниеге келіп 1897 жылы Мадирд қаласындағы өнер академиясына оқуға түседі, бірақ одан өзіне қажетті білімді ала алмайтынын ерте түсінген ол Барселонаға аттанып кетеді. Өзінің түбінде ұлы суретші болатынына шексіз сенген оның жасы, сол кезде небәрі он алтыда болатын. Ол, алғашқы суреттерін бүркеншік атпен жариялап, асқан табандылықпен шығармашлық жолын Парижде жалғауды өзіне мұрат етеді. Айтқандай-ақ, 1900 жылы Париж қаласына келіп, араға төрт жыл салып қоғамға суретші ретінде таныла бастайды. Ол сурет өнеріндегі алғашқы қадамын солғын, көңілсіз, суық көкшіл реңдерге бояп бастаса, кейіндеп көп өтпей, бояуларын қызғылтым реңедерге алмастырады. Оның шығармашалығындағы геометриялық бейнелердің көңілге үрей, және қорқыныш ұялата отырып тұрпайы жалаңаш денелерді жазып, сезім мен пішіннің үйлесімдігін картиналарында шебер орындайды. Сонымен қатар заттардың көлемін үлкейтіп кенептегі жазықтықтың шетін қия отырып кеңістікке жалғайды. Бұдан кейінгі өзгерісі оны өзін әлемге танымал еткен кубизм стилімен жалғасын табады. Ол жалғыз өзі оңашалана жүріп, түрлі ұлттардың кескіндемелік бейнелерін зерттеп, әртүрлі суретшілердің мәселен, Тулуз Лотректің, Гогеннің және де грек суретшілерінің жұмыстарын, өз шығармашылығына тәжірибе жүзінде жасайды. Оның көкшіл немесе көгілдір кезеңдегі жазғандарында, жоқшылық пен кедейшіліктің және жезөкшелердің күйзелген, шаршаған дәрменсіз бейнесін іздеп сызғанын анық байқата алса, кейіндеп қызғылтым кезеңінде, қаңғыбастар мен циркачтардың өмірін бейнелейді. Ол өмірінің соңына дейін өзінің шығармашылығына сынақтар мен зерттеулер жасаумен болған. Оның шығармашығына тағы бір өшпес әсерін тигізген үлкен мектеп оның жеке өмірі болатын.

Пикассо сүйген сұлулар

1904 жылы Париждегі Бато-Лавр студиясына келіп ол сурет моделі, өмірдегі алғашқы әйелі Фернандо Оливемен танысып, онымен некелеседі. Ол Пикассо туралы «Аласа бойлы, қарторы, арықтау келген қатыгез, сабырлы, әрі тік мінезді өткір көк көзді болатын...»,-деп естелік қалдырады. Ал суретшінің испандық қызу қандылыққа тән қырсық-қыңыр мінезі, бойжеткендерді өзіне бірден баурап алатын қасиетке ие болатын. Сол тік мінезі үшін де әйелдер қауымы оны еріксіз ерекеше жақсы көре білді. Мұндағы оның 19 жасында өзінің автопортретіне салған суретінің үстіндегі қара бояумен «Мен корольмін» деп қалдырған асқан тәкәппарлығының өзі және әйелдер туралы сөзінде «әйел затының екі түрі болады, бірі періште болса, екіншісі мен үшін аяқ кірін тазалағыш» деген болатын. Онымен некелі болған әйелдердің барлығына дерлік, оның өткір қатыгез мінезіне бола шексіз күйзеліске ұшырап, тіпті есінен алжасып, өз-өздеріне қол жұмсағандар да болатын. Сонымен бірге оған таласып бір-біріне жұдырық ала жүгірген әйелдеріне сүйсіне қарап тұрған бейнесі бұның өр көкіректігіне толық дәлел бола алатын.

«Авиньон бикештері» 1907

«Фернанденің портреті» 1909

Пикассоның алғашқы сүйіп қосылған әйелдерінің бірі, Париждегі француздық сурет моделі жоғарыда аталған Фернанде Оливье болды. Сол кездегі Пикассоның жасы небәрі 18 де болса, Фернандо 23 жаста болатын. Суретші мен модель арасындағы шығармашылық байланыс, олардың махаббатасыуына толық себеп болған еді. Және Пикассоның ізденіс жолындағы қайталанбас туындылардың бірі «Авиньон бикештерін» де сол кездің өзінде, өз әйелінің образы мен өзіне тән қолтаңбасымен тудырған болатын. Дегенмен, екеуінің арасындағы отбасылық тұрмыстың нашарлығы, тіптен қаражаттың жеткілісіздігінен жейтін азықтарын ұрлап күн көруі, және әйелінің оның шығармашылығына деген немқұрайлығы мен үмітсіздігі, күн өткен сайын отбасылық түсінбеушіліктердің жанжалына әкеліп соқтырып, арадағы он жылдық некеден кейін, бірін-бірі тастап, екеуара кетіп қалуына толық себеп болды.

«Қалпақты әйел (Ольга)» 1935

Пикассоның екінші шынайы сүйіп қосылған әйелдерінің бірі, биші балерина ұлты орыс Ольга Хохлова болатын. Екеуінің арадағы таныстығы 1917 жылы Шатле театрында болған «Парад» балетінің тұсаукесерінде басталады. (Ол кезде Пикассо аталған театрдың киімдер жөніндегі көркемдеуге жауапты қызыметкер болып істейтін). Бұлардың арасындағы таныстықтың қимас ғашықтықпен жалғасуы, оны өзінің отаны Испанияға алып кетіп қалуы және отбасымен, анасымен таныстыруы, бұлардың 1918 жылы үйленулеріне толық негіз болатын. Бірақ өзі шетелдік және биші орыс қызы Пикассоның анасының көңілінен еш шыға қоймайды. Расында анасы айтқандай-ақ, Ольганың ақшаға деген ысырапшылдығы, жөнсіз талап қойғыштығы мен шығармашылық еркіндігіне кедергі келтіруі жұбайлар арасындағы жағдайды тіптен шиеленістіріп жібереді. 1921 жылы ақпанда Пауло есімді ұлының дүниеге келгеннен кейінгі арадағы түсінбеушліктің кесірінен жанжалдардың жиілеуі, ерлі-зайыптылдардың арасын мүлдем алшақтатып жібереді. Осыдан кейінгі отбаслық ұрыстардан әбден қажыған Пикассо, жағымсыз бейнедегі ашу шақырған Ольганың бейнесін, сурет қылып салып оны тіптен көбейтіп кубизмдегі өнерін жайбырақат жалғастыра береді. Ол өмірнің соңына дейін өзінің биші әйелінің бейнесін суретші көзімен болшаққа мәңгілік сол ұсқынсыз қалпында ел есінде қалдырды. Тіпті істің одан әрі насырға шабуына түрткі болған негізгі оқиға 1927 жылы 46 жасында 17 жасар жас қыз Мария Тереза Вальтерге ғашық болып, өзінің сонда еш ескертусіз кетіп қалып, заңды әйелінен ажыраспай тұрып Терезаның жүкті болып қалуы, Ольгаға тіптен ауыр соққы болып тиеді. Қолынан ештеңе келмегеннен кейін, ол 1955 жылы жалғыздықта қасіреттен жазылмас рак ауыруына шалдығып қайтыс болады. Мойынынан ауыр салмақ түскендей тынысын терең алған Пикассо, тіпті оның жаназасына барудан да бас тартады. Осылай екінші әйелімен болған махаббаты да сәтсіз тәмәмдалады.

«Мари-Терезаның портреті» 1937

Мари-Тереза мен Пикассо арасындағы махаббат, мэтрдің шығармашылық кеңістігіне өзгеше серпін сыйлайды. Оның өнердегі алдағы қадамы, жұмыстарының өзгеше реңдер стилімен дараланып, оның өзінің қызы дүниеге келгенге дейін, өз шедеврлерінің биігіндегі шығармашлық табыстарға қол жеткізді. Бірақ Пикассо қызы дүниеге келгеннен кейін Мариға деген сезімі тез суып, және өзіне тағы бір махаббат, яғни 29 жасар суретші Дора Маар атты бойжеткенге ғашық болып қалады. Көп ұзамай бұл оқиға белгілі болған соң, Дора мен Мари-Тереза Пикассоның шеберханасында кездейсоқ кездесіп қалады. Бұл суретшінің атақты «Герника» суретнің жазылу үстіндегі кез болатын. Қатты ашуланған әйелдер оған өздерінің бірін таңдауын және сол әйелімен мәңгілік бірге болуын талап етеді. Ал Пикассо болса орлардың осы талабы орындалуы үшін бір-бірімен күресу керек екенін айтып қылжақ қылғандай қарап тұрады. Осыдан соң әйелдерінің бір-біріне жұдырық ала жөнелген төбелес басталып та кетеді. Осының бәріне куә болып отырған суретші әйелдеріне өзінің өміріндегі ең жарқын оқиға болғанын айтып мәз-мейрам болады. Бұдан кейін аз уақыттан соң Мари-Тереза көп ұзамай асылып өледі.

Пикассоға деген құмарлық, Дораның өміріне толықтай үлкен ауыр соққы болып тиеді. Қатты күйзелістен Париждегі әулие Анна атындағы психиатрлық ауыруларды емдейтін ауруханаға түсіп, осындағы емдеудің ауыр түрі басына тоқ соқтырып жазу секілді ауыр азаптарды басынан кешіреді. Бұл жағыдайдан кейінгі Дораның өмірі тіптен ауырлай түседі. Ауыруханадан шыққан соң өз-өзінен оңашаланып париждегі Гран-Огюстен көшесінің маңындағы пәтерде астрономия мен мистикамен айналысып шығармашалығындағы стилін түбегейлі өзгертеді. Люберондағы табиғат көрінісі мен Сена теңізінің пейзаждарын жазып, өнерін қайта жалғастыруға барынша күш салады. Тіптен жақын достары оның жазған барлық жұмыстарын Лондонда көрме ұйымдастырып бергенмен де Дораның өзі оған қатысудан бас тартады және көрме де еш елеусіз өтеді. Ол 1997 жылы 90 жасында аштық пен жалғыздықтың уысында, бақытсыздықтан дүние салады. Арада бірнеше жыл өткен соң оның атақты «Боздаған әйел» атты портреті аукционда 37 милион франкке сатылып, тағдыры, махаббаттан қасірет тапқан француз әйелдерінің мәңгілік символына айналады.

«Боздаған әйел» 1937

Пикассо Дораны да тез ұмытады. Ол небәрі 21 жасар уыздай жас қыз Франcуаза Жиломен мейрамханада кездесіп қалады да, оны шеберханасына шақырып жиі-жиі кездесе бастайды. Бір қызығы Пикассо оны өз үйіне ванна қабылдауға шақырады. Анығырақ айтар болсақ сол кездерде ыстық су Парижде тым тапшы болған көрінеді. Ол тек танымал адармдардың ғана үйінде болған деседі. Пикассо Франcуазаға басқаларға жасағандай өз әмірін қалауынша жүргізе алмады. Ол өз ғұмырында кездескен әйелдердің ішіндегі жалғыз, өзіне қол жұмсамаған, жынданбаған, өзіне сенімді, өмірін ойрандауға еш мүмкіндік бермеген, тіпті кейіндеп Пикассоның өзін, өз еркімен тастап кете алған ерекше әйел болатын. Пикассо оны сол үшін де шексіз сүйді, шығармашлығына да жаңаша шабыт сыйлап теңіз жағасында, және өзгеде жерлерде саяхт жасап көңілді сәттерді басынан кешіреді. Оған өз құрсағынан екі бала силап, оларға Пикассоның тегін береді, ол отбасылық бақыттың шын мәніндегі құдіретін және оған ештеңенің жетпейтінін сездіре білді. Бірақ кейіндеп оның махаббатқа тұрақсыздығын сезе бастаған ол арадағы қатынасын үзіп, 1953 жылы балаларын алып кетіп қалады. Алдағы өмірін бай және бақытты оқиғаларға толы етіп өткізеді. Ол кейінгі уақыттарда Пикассо туралы «Менің Пикассомен өткен өмірім» атты кітап жазып, аталған кітаптың желісімен кейін кино да түсіріледі. Осы кітап арқылы оның аты әлемге танымалдыққа ие болады.

Пабло Пикассо, Франсуаза Жило және ұлдары Клод, 1952

Пикассоның өмірінің соңғы жылдардағы әйелі Жаклин Рокпен ол 1961 жылы үйленеді. Олардың отбасылық өмірі де жараспаған деген пікір бар. Пикассо өмірінің соңғы он жылында да үздіксіз шаршамай, жұмыс жасайды. Көп ұзамай 1973 жылы 91 жасында дүние салады. Ол өмірінің соңында адамдар арасынан оңашаланып, түгелге жуық жұмыстарын Барселонадағы ашылған өз атындағы мұражайға табыстаған. Оның аты әлемде аңызға айналып жеке өмірі мен шығармашылығы туралы көптеген мақалалар жазылып, көрмелер мен кинолар және кітаптар жарыққа шықты. Оның денесі 1958-1961 жылдар аралығында тұрып, жұмыс жасаған ескі үйі Вовенаргқа қойылады.

«Жаклин мен гүлдер» 1954

Пикассоның даналық сөздері

Тамаша талғам – өнердің ең сорақы дұшпаны.
Мен ақшасы көп, кедей адам болғым келеді.
Адамдар арасында түпнұсқадан қарағанда, көшірмелер өте көп.
Құстың салған әнін түсінбей тұрып, өнерді түсінгісі келетіндерге таң қалам.
Бәрі де өзгеруге қақылы, тіпті суретші де.
Сурет салу үшін көзіңді жұмып ән айту керек.
Махаббат – адамды қайта қалпына келтіретін сезім.
Біз қартаймаймыз, қайта жетілеміз.
Жақсы суретші көшіреді, ал ұлы суретші ұрлайды.