Мақала
"Шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ"
Алматыда «Шебер» атты республикалық қолөнершілер байқауының фестивалі тоғызыншы рет өткен болатын
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 09.12.2017
Авторы: Тоғжан Құттығай
Мақала
"Шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ"
Алматыда «Шебер» атты республикалық қолөнершілер байқауының фестивалі тоғызыншы рет өткен болатын
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 09.12.2017
Авторы: Тоғжан Құттығай
"Шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ"
А. Бекқұлова, Ә. Сағынаева ортақ этникалық киім топтамасының қөрсетілімі

«Шешеннің тілі ортақ, шебердің қолы ортақ», дейді қазақтың мақалы. Расында кісінің өзінен гөрі, ісі әрқашан озық. Оған Алматыда өткен «Шебер» атты республикалық қолөнершілер байқауының фестивалі дәлел. Тоғызыншы рет өткен байқауға биылғы жылы тоқсаннан астам шеберлер ұсыныс берген екен, оның ішінен білікті әділқазы мүшелері отыз алты үздік жұмысты таңдады.

Олардың арасынан он бір жеңімпаз ерекшеленді. Жеңімпаздардың арасында жас зергер – Талшын Көкенова байқау және өзінің жеңісі туралы былай дейді:

- Менің осы байқауға қатысқан себебім, зергерлікте өзімнің жеке стилімді тапқым келді. Басынан-ақ бұл байқауға оңайлықпен қатысу, ерекшелену оңай емес екендігі белгілі болатын. Дегенімен мен үшін, байқауға қатысу үлкен сынақ және кемелге жету жолындағы маңызды тәжірибе болды. Биылғы қатысуым – екінші әрекетім, бірақ бұрын жұмысым финалға өтпесе де, биыл тағы қатысуға шешім қабылдадым. Жеңімпаз атанғаныма қуаныштымын, мен үшін ол маңызды. Байқаудың басты мақсаты – шеберлерді қолдау, даму жолында үлес қосу.

Финалисттер мен жеңімпаздар

«Шебер 2017» байқауының жеңімпаз атанғандар: «Дарынды бастау» номинация бойынша Талшын Көкенова, Төлей Қуандықов, Есбол Маулітов;  «Асыл ұстаз» – Гүлмира Терлікбаева; «Жаңашылдық» – Қайырбек Жексембаев; Бауыржан Жетпісәлиев; «Төлтумалық» – Мереке Айдарша; «Жоғары шеберлік» – Жолаушы Тұрдығұлов, Еркін Байсұлтанов, Сағындық Бейсенбаев Сейфулла Рыстан.

Үстіміздегі жылы, фестивальдің бас ұйымдастырушысы Қолөнершілер Одағының бес жылдығына орай екі үздік және Қазақстанның қолөнеріне үлесін қосқан Бибижар Симова және Мұхамеджан Зейнелханға «Хас Шебер» атағы берілді, күміс медальдары мен сертификаттарымен марапатталынды. Мерейтой қарсаңында еңбек сіңірген, «Хас шебер» атағының иегері, әйгілі зергер Аман Мұқажановтың жұмыстары жинағының, қолөнершілер одағының төрағасы Айжан Бекқұлова және хас шебер Әуес Сағынаеваның ортақ этникалық киім топтамасының, сондай-ақ, «Ұлы дала шеберлері» атты қазақстанның танымал ісмерлердің портреттік жинақтамасының ашық хаттары шығарылды.

Илья Казақовтің зергерлік бұйымдар топтамасының қөрсетілімі

Үш күндік фестиваль кезінде өтетін, дәстүрге айналған киім топтамалардың көрсетілуінде танымал Илья Казаков өзінің зергерлік жаңа бұйымдарының жинағын, «Қазақтар теңіз саяхатшылары болған кезде...» атты Айжан Бекқұлова және Әуес Сағынаеваның ортақ этникалық киім топтамасын, Алматы Технологиялық Университетінің студенттері мен оқытушылары төрт киім топтамаларын ұсынды. «Шебер» фестивалінің барысында топтамалардан басқа көптеген қызықты іс-шаралар жүргізілді, мысалы Shine Show жарықтық көрсетілімі, шеберлердің мастер-класстары, профессор К.К. Муратаевтің дәрісі, American Space Almaty өкілі Гаухар Мукаммамның фото-курсы, финалистері мен жеңімпаздардың жұмыстарының көрмесі және қолөнершілердің жәрмеңкесі.

Алматы Технологиялық Университеті студенттер мен
оқытушылардың киім топтамасының қөрсетілімі

Соңғы тоғыз жыл бойы «Шебер» байқауы Шеврон компаниясының қаржылай көмегімен өткізілуде. Осы жолы да фестиваль Қазақстан Республикасының Мәдениет және Спорт Министрлігі, Шеврон компаниясы, Трансформа театры, Impact HUB, ФЕЦА, Ә.Қастеев атындағы Өнер Мұражайы, American Space Almaty, Алматы құрылыс және халықтық кәсіпшілік колледжі, City Nomads, ҚҚ «Our Heritage», Алматы Технологиялық Университеті, Shine Show, Еріктілер Лигасы сияқты серістестердің қолдауымен өтті.