Мақала / #студентСөзі
"Қызыл трактор" немесе "Шымкенттік-трансавангард" арт-тобы
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 26.05.2018
Авторы: Айдана Марат
Мақала
"Қызыл трактор" немесе "Шымкенттік-трансавангард" арт-тобы
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 26.05.2018
Авторы: Айдана Марат
"Қызыл трактор" немесе "Шымкенттік-трансавангард" арт-тобы

Қазақстан кәсіби бейнелеу өнерінде 1960-70 жылдарда жеке шығармашылығымен танылған суретшілер 1980 жылдың екінші жартысынан бастап ойлары бір жерден тоғысқан, сол кездің ситуациясына қарай дөп басып айталатын суретшілер бірігіп өз концептуалды идеяларын халықпен бөлісті. Тұрақты өнер сипатына үйренген көрермен суретшілердің селт еткізетін концептуалды идеялары таң қалдырды.

Суретшілер барша жұрттың алдында кенепке салынған классикалық композицияның орнына қорқынышты, дене түршіктірер қойылымдармен, ерсі, мәнсіз көрінетін құрылымдармен, ебесіз, ебелең киімдермен шықты. Сырт көздерде – бұл не, неге деген сұрақтар маза бермеді. Суретшілер өз тарапында бірінен соң бірі топтасып көшеде, бұзылған ғимараттарда, жертөледе акцияларын баса көрсетіп жатты. Сондай арт топтардың бірі «Қызыл трактор» (Шымкенттік-Трансавангард арт-тобы).

1990 жылдары құрылған Қызыл тракторшылар тобында Шымкент қаласындағы Әбілхан Қастеев атындға көркемсурет училищесінің ұстаздары мен студентері еді. Топтың құрылуына 1989 жылы ұстаздар мен студентердің шет елдерге технологиялық тәжірибие алмасу жолдамалары себеп болған. Олар Польшаға, Варшаваға, Белостокқа, Люблинге барып, олардың ұлттық мәдениетін, музейлерін, қала өмірін, ұлтшылардың концлагерін өз көзімен көріп, өздеріне тәуелсіз жердің атмосферасының қандай екенін сезіп келген болатын.

Кеңес дәуірі мен ол жақтың ауасын салыстырған 70 жыл бойы қазақстандықтар бір жерді айналып таптап жүргенін сезінген. Содан, олар елге оралған соң студенттердің училище қабырғасында академиялық өнерден және кеңестік идеологиядан аспайтын білімдеріне көңілдері толмай, күндіз мемлекеттік оқу жоспары бойынша білімдерін жалғастырып, кешке жатаханаға жиналып өнердің басқа әдіс-тәсілдері мен техникаларын зерттеп, танысты. Өнердің басқа әлеміне деген қызығушылықтары мен құштарлықтары оянады. Сонымен қатар училищеге 1970 жылы Уфадан келген суретші, оқытушы Витали Симаков кеңес кезінде тиым салынған материалдар бойынша дәріс оқыды. Айталық «Модерн»-ағымы және оның бағыттарын, ондағы мақсат, түсінік, форма, фактурасы сияқты мәнер мен әдістері туралы. Суретші Витали Симаков 1980 жылы Шымкент көркемсурет училищесінде «Модернизм» тақырыбында арнайы семинар ұйымдастырған. Семинарға қатыушылардың ішінде болашақ «Қызыл трактордың» мүшелері де болды. Шығармашылық ізденіс, көздеген мақсаттарын негіздеу, дәріптеу жолдарын қарастырды. Суретшілердің еуропаның ХХ ғасырдағы бейнелеу өнер тарихын зерттей отырып, 70 жыл ұмыт болған ұлттық тарихымызға, мәдениетімізге, көшпелі халықтың этномәдениетіне деген ізденіс құштарлықтары оянды [1].

1990 жыл Шымкент қаласында «Трансавангард» арт тобы құрылып, оның құрамындағы суретшілер: Молдағұл Нарымбетов, Витали Симаков, Смаил Баялиев, Саид (Әбілсейт) Атабеков, Арыстанбек Шалбаев болды. Тұрақты төр суретшіден құралған бұл топ, сол 1990 жылы «Қызыл патша» атты алғашқы көрмелерін өткізді. Содан кейін Алматы қаласында «Шымкент Трансавангард» көрмесін ұйымдастырды. Көрмеден кейін суретшілердің әрмен қарай ұмтылыстары екі есеге артып, халқына айтары, көрсеттері көп арт топтың концептуалды идеяларға, ой тастайтын құбылыстарға толы болды.

Шымкент обылыстық тарихи өлкетану музейінде ұйымдастырылыған көрменің аттын «Қызыл трактор» деп суретші М. Нарымбетов ойлап тапқан екен. Өйткені сол музейдің алдында тың игеру саясатындағы алғашқы тракторлардың бірі - қызыл трактор тарихтың жаңғырығы ретінде ескерткіш етіп қойылған. Содан арт топ «Қызыл трактор» болып ауыстырылды. Арт-топ суретшілері сол тракторды қолдарымен жуып, тағзым етіп, көрме ашқан болатын.

Қызыл тракторшылар өз ретінде Тәңірлік қойылымдары мен көшпенділер мәдениетін, осы заманғы көшпелілердің медитативті инсталляциясы мен қойылымдарды, қондырғылар мен мүсіндер арқылы ұлттық рухтың болмысы, ондағы тылсым дүниені даңғыра, дауылпаз, қобыз үнімен толықтырып, Орталық Азиядағы жаңа эстетика мен қазіргі заманғы өнердің жаңа тілін қалыптастыруға тырысты.

Ширек ғасырлық жолда Шымкент трансавангардшылар «Қызыл трактор» нышанымен көп этаптық кезеңдерді күтті. Олар сол 90-шы жылдардағы дағдарыс, қоғамда болып жатқан жағдайларды халықпен бірге көрді. Бірде шарықтау, бірде сынға түсіп еңсесі түскен тракторшы авангардшылар сынға қарамастан көздеген жобасының сызық бойымен қозғалыстарын тоқтатпады. Ұлттық аңыздан рух алған арт-топтың мүшелері еш қиындыққа мойынсынбай алға ұмтылды.

Қызылтракторшылар тобы Стамбул, Мәскеу, Пермь, Венеция және Нью-Йорктің көркем жерлеріне барып, өз өнерлерін паш етті. Шығармашылық концептуалдық идеаларында Қызыл тракторшылар өз ойларынан қиыстырып, өтірікті шындай қылып көрсететін тірліктен аулақ болды. Олар әрбір көрмеге тақырптары бойынша тарихты зерттеп, зерделеп ой-тұжырымдары бір жерден шыққан кезге дейін театр әктерлері сияқты үнемі дайындық жасады. Әрбір көріністің мазмұны, мағынасы болуына зер салды.

Қойылымдар (перформанс) көрсету үшін мейлі ол бақсылық, мейлі ол қоғамдық мәселелер болсын әрбір қимыл, әрбір іс-әрекет, әрбір сызық, әрбір көркемдік шешім және оларды көрсетудегі көрініс композициясының атрибуттарының өзіне айтар ойларының біртұтас тұжырымда мағыналы болуына аса мән берді. Мәселен қызыл тракторшылардың 1995 жылы «Шығысқа саяхат» инсталляция және перформанстық көріністегі көрмесін Шымкент облысы, Қазығұт тауының етегінде орналасқан Құрық Шелтер ауылында өткізді. Бұл акциялық көрмеде суретшілер мен бірге ауыл тұрғындары да ағаштан, бұтақтардан, маталардан, киіздерден инсталляция жасап тұрғызды. Арт топ мүшелері ұлттық аспаптарда ойнап, бақсылардың билерін билеп, зікір салды. Топ мүшелерінің әрбірі өз рөлдерін сезіммен орындап, ұлттық этномәдениетін де тыс қалдырған жоқ. Көшпенділердің өмір тіршілігін, болмысын шынайы көрсетті. Тұрмыс тіршілікте күнделікті болжап жасайтын ырымдарды да суретшілер өз ерекшелігімен көрсеткен. Айталық адраспан тұтату, онымен аластау, аналадағы шайтандар мен жаман энергияларды тазалау үшін қолданғандарында айтады. Олар осы перформанс қойлымдағы барлық рәсімдерді атқарып болған соң қазақ даласын жаман, лас энергиядан тазарту мақсатта рәсімді орындады. Мұндай әрекеттерін саяхат, рухқа табыну, қажылық деген ұғымда – номадттық мәдениеттің тарихынан сыр бөліскен еді. Шығармашылық ізденіс, қолтаңба, ерекшелік жағын о бастан ойлып, олар топтың құрылған сәтінен-ақ, қазақ бейнелеу өнерінде өз мектебін, өз тілдерін қалыптастыруды алдарына мақсат еткен.

Сыншы Жанат Баймұхаметов осы мәселе туралы мынадай пікір берген: «... Художники-акционисти - это, пожалуй, та единственная категория людей, благодаря которой опыт философствования проживается актуальным, в буквальном смысле действенным образом. Для них философствование – это не голое теоретизирование, т.е. созерцание себя на фоне своих порой причудливых артефактов. Это, прежде всего действе – лаконичный, уместный, удачно выверенный, драматичный по содержанию жест, имеющий как экзогенный, так и эндогенный характер. Художник здесь выступает в качестве своеобразной мембраны, пограничной структуры, чутко реагирующей на силовые линии либидинальной энергии коллективного тело» [2. 17 б].

Негізінде көпшілік «Қызыл трактор» шымкенттен шыққан әртістер ұжымы деп түсінді. Өйткені шығармашылықтарын музыкамен байланыстырды. Олар барлық акциялық көрмелерін қобыз үнімен, дауылпаздың дабылымен байланыстырып, тақырыптық мазмұн мен оның маңыздылығын көрерменге жеткізіп отырды. Айталық Трансавангард әлемдік ретінде, яғни еуро-атлантикалық–концептуализмге реакция ретінде туындаған тенденция. Бұл буржуазды әлемнің құбылысы, оған тауар ретінде қажет дәстүрлі станокты картинаның жандануы қажет. Шымкенттік жоба ретінде «өзге орында және өзге уақытта» туындады – ол артта поп-арт пен концептуализмді қалдырған жоқ, ол соцреализмді қалдырды. Егер трансавангард «дәстүрге бұрылу», өткенге оралу деп түсінсе, онда шымкенттердің авангардты жобасы «болашаққа оралу» ретінде қаралады.

Топтың әр қатысушы (Молдағұл Нарымбетов, Витали Симаков, Смаил Баялиев, Саид (Әбілсейт) Атабеков, Арыстанбек Шалбаев) өзінің жеке шығармашылығын жүзеге асырды – «тракторшылардың» стилистикалық еңбектері түрлі болды. Алайда ол мектептің принциптерін қатаң ұстануға міндетті болды. Егер де, құрылғаннан бастап осы күнгі өткен көрменің тізімін қарасақ: 1990 жылы «Қызыл патша», «Қызыл трактор». 1991 жылы «Шымкент-Трансавангард» Кафедральный собор көрме залы, Алматы. 1992 жылы «SaA» көрмесі ЦДХ, Ресей. 1995 жылы Көрме-акция «Шығыс еліне саяхат» Қазғұрт тауы, Құрық шелтер ауылы, Оңтүстік Қазақстан. «Қызыл трактор» ҚР Ә. Қастеев ат. МӨМ, Алматы. 1996 жылы «Көк перец» көрмесі Тенгри-Умай галериясы, Алматы. 1997 жылы Халықаралық биеналл «Азия Арт» Ташкент. 1998 жылы 1-ші Сорос-Алматы заманауи өнері орталығының жылдық көрмесі «Өзін-өзі индентификациялау: футурологиялық болжам», Алматы. «Өнер аумағы» ҚР Ә. Қастеев ат. МӨМ, Алматы. 1999 жылы «Тенгри Хат» заманауи өнер орталығы, Вильсон, Литва. 2000 жылы Үшінші Еуразиялық телефорум, Мәскеу, Ресей. Түркістанның 1500 жылдығына арналған көрме, Париж, Франция. 2-ші Сорос-Алматы заманауи өнері орталығының жылдық көрмесі «Коммуникациялар. Өзара әрекет тәжірибесі» Алматы. Халықаралық фестиваль «Мастер-класс», Алматы«Transzendenz», Кунстхалле, Вена, Австрия. 2001жылы «Қызғалдақ және Адам» фестиваль ҚР Ә. Қастеев ат. МӨМ, Алматы. «Қызыл трактор» арт-тобына 10 жыл Халықаралық бизнес академиясы, Алматы. 2002 жылы «Тенгри-Умай 2002» Халықаралық көркемсурет фестивалі, Айшық қала, Тенгри-Умай галериясы, Алматы. «Еуразиялық синдром» Халықаралық көрме, Дешт-и-Арт Орталығы, Қарағанды. Замануаи өнері орталығы, Екатеринбург, Ресей. Заманауи музыкалық фестивалі, Дерборенс, Швейцария. «Trans Forma» Заманауи өнері орталығы, Женева, Швейцария. «No Mad’s Land» Әлемдік мәдениет үйі, Берлин, Германия. 2003 жылы Прагалық квадриеннал, Прага, Чехия. 2004 жылы «BIG Kazakhstan expedition» Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан. 2005 жылы «Стоячие Носки» Орталық Азия фестивалі, Дүниежүзілік банк, Вашингтон 5-ші Бішкек, 1-ші сәуір конкурсы, Студия «Museum», Ұлттық Г. Әйтиев ат. Өнер мзейі, Бішкек, Қырғыстан. 2006 жылы «Автопортрет в натуре» 6-шы сәуір конкурсы, Студия «Museum», Ұлттық Г. Әйтиев ат. Өнер мзейі, Бішкек, Қырғыстан. «Barrel.kz», Сорос заманауи өнер орталығы, Алматы. «Polycentral» фестивалі Гамбуг, Германия. «Жасыл дауыл» барабаншылар фестивалі, Алматы. «Кульплатформа» мәдениет және өнер фестивалі, Астана. 2010, 2011 жылы ARNBAT FEST фестивалі болды, Астана. 2012 жылы ARNBAT FEST фестивалі, Астана (Суретші Молдағұл Нарымбетовтің дүниеден озғаннан кейін, оның инсталляциялық сұлабаларын жасап, көрме өткізілді). 2013 жылы «Ақ түн» заманауи өнер фестивалі, Пермь. «АртБатфест» фестиваль. 2014 жылы «Қызыл трактор 777» көрме, Алматы Тенгри-Умай галериясы, Алматы. 2016 жылы «SHYMKENT ART DAYS», Шымкент 2017 жылы «АртБатфест» фестиваль Астана.

Аталған «Шымкенттік Қызыл Тракторы» тобының көрмелері әлемнің барлық жерінде демонтрацияланды десек те болады. Әрбір ауқымды көрмені ұйымдастырып, ондағы суреттер мен қондырғылар соңғы бірнеше жылда туындаған әлеуметтік және саяси қиындықтарды нақты көрсетеді. Негізінде, көрменің әрбір жұмысы бір бірінен бөлек болуы мүмкін, бірақ тұтас тұжырымнан туындаған көріністер, қойылымдар топтың нағыз болмысын танытады. Сонымен қатар, қарапайым киім, қарапайым заттар, яғни тұрмыс тіршілікте қолданатын бұйымдардан тамыры тереңде жатқан ұлттық мәдениеттің, философиясын заманауи дәуірдің болмысымен байланыстыра отырып, жан-жақты қозғап, толығымен бейнеленген, айтылған шығармалар.

Қызыл трактор тұтас феномен ретінде танылады. Топтың шығармашылық тактикасы көркемдік реставрация деп түсіндіріліп жүрді. Демек бақсылардың архаикалық ғұрыптары, суфийлік практика, дәстүрлі қазақ өнері, яғни ұлттықты тікелей әрі оңай, ұлықтау және репрезентациялау тәсіл. Кейде мұндай бағалаусыз-бейтарап естіледі. Қызылтракторшылар кейде астарлы түрде экспортты бағыттағы, үстірт этнографизмде айтады.

Айталық суретші Молдағұл Нарымбетов «Рух» галериясында кескіндеме және кеңістік нысандары қойылған жеке көрмесінде (1995) келген көрермендерге экспозицияны көру алдында қолдарын жуу рәсімін жасады, одан кейін ағаштан өрілген дарбазадан өтуді ұсынды. Экспозициядағы тоталды инсталляция алмалармен және алмұрттармен жабылған еді. Әр келуші сол жемістерден дәм тату керек. Ал суретші бұл сәтте домбырада өз импровизациясын тартып отырды. Ол домбыраны қобызға айналдырған бірінші бақсы.

Негізінде сол 80-ші жылдардың екінші жартысында құрылған арт топтар мен суретшілер инсталлияция, перформанс немесе контемпрари арт дегенді білмеген және түсінбеген. Жалпы алғанда суретшілер модернизм ағымы, авангард, трансавангард, абстракция, кубизм сияқты бағыттармен терең таныс болды. Қазіргі кезде постмодернизм деп аталатын өнер ағымындағы жаңа өнер – концептуализм тарихта белгілі болғанмен кеңес дәуірінде нақты ашық айтылған жоқ. Сондықтан да суретшілер интуитивті жасап жүрген дүниелерін «ізденіс» деп түсінді. Өнертану тарихында тек 2000 жылдардың бас кезінде ғана енді түсінікті бола бастады.

Қалыптасқан көркемдік жүйенің жалпы заңдылығын құрайтын структура – форма. Сол қалыптасқан заңдылық шығарма құрылымына, форманың образ жасаудағы сипаттық ерекшелігіне бірдей әсер етеді. Суретшілер жұмыстың мазмұнын ашу барысында нақыш, сурет және форма, ұғымдарын пайдаланады. Мәнсіз өнер мен фигуратив, авангардтың жаңа толқыны және классикалық реализмге деген кенеттен пайда болған қызығушылық, неопримитивизм мен таза абстракция, символизм мен экспрессионизм, прокескіндемелі абстракция, геметриялық абстракция, минимализм, поп-арт және тағы басқа мәнерлер адам үшін қабылдау күрделі бола бастағанмен адамның өзін-өзі және қоршаған ортаны тану үдерісін жеңілдету мүмкіндігіне жетеледі. Адамның шындықты қабылдануының мүмкін болатын вариациялары суретшілердің қаламы арқылы авторлық біртұтас әлемге, метафоралар мен пластикалық кодтар жүйелеріне ауыстырылуда.

Ұлттық тарихқа, түркілік, еуразиялық архаикаға деген қызығушылық арты. Оған нысандардың шартылық таңбалары және шешімдердің әсемділік көріністері де сәйкес келу үшін көне тарих, мәдениет, этнография философия, психология салаларына терең үңіле қайта парақтауға тура келді. Айтар ойын дөп басып көрсету үшінде танымы мен білімі тең болуды талап етеді. Осы қағидаларды ұстанған арт-топтың суретшілері кескіндеме, мүсін, графика, қолөнер салаларынан заманауи өнердің шыңын көрсетті.

Қызыл трактор тобының өнерін

">мына сілтемеден көре аласыздар.

Қолданылған материалдар:

  1. О. Шаталова, А. Гирик. Полутороглазый стрелец: партия на кобызе // статья о творчестве Молдогула Нарымбекова. Журнал «Тамыр» №8 2006.
  2. Ж. Баймухаметов. Провинциональная самоидентичность: универсали идиолекты. // Актуально об актуальном // сборник статей казахстанских искусствоведов. Алматы, АИК-2000
  3. Ж. Джанабаева Алма-атинская художественная среда. // Художественный журнал №19-20 1998
  4. Е. Малиновская. Хроника художественной жизни Казахстана начала 90-х гг. // Актуально об актуальном // сборник статей казахстанских искусствоведов. Алматы, АИК-2000