"Жер тарихы – Ел тарихы" республикалық драмалық шығармалар байқауы жарияланды

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" бағдарламалық мақаласы жарияланғалы Алматы облысының мәдениет, арxивтер және құжаттама басқармасы тарапынан 28 ауқымды жоба қолға алынды. Сол жобалардың бірі "Жер тарихы – Ел тарихы" республикалық драмалық шығармалар байқауы.
"Жер тарихы – Ел тарихы" республикалық драмалық шығармалар байқауы жарияланды

"Жер тарихы – Ел тарихы" республикалық драмалық шығармалар байқауы, Жетісуда өткен тарихи оқиғалар мен осы өңірден шыққан ақын-жазушыларды дәріптеп, халыққа насихаттауды мұрат тұтады. Сонымен қатар, аталмыш байқау, бүгіннің ең өзекті мәселесіне айналған дәстүрлі емес діни ағымдар мен кенде қалып отырған балалар драматургиясын дамытып, осы тақырыптар негізінде жазылған драматургиядағы жаңа шығармалар легін қалыптастырып, жаңа заман драматургиясына оқырман мен көрермен назарын аударту болып табылады. Байқаудың аты айтып тұрғандай драмалық шығармалар Жетісу топырағында болған оқиғалар мен кейіпкерлерге негізделуі шарт. Осы үш тақырыптың төңірігінде жазылған пьеса қазылар алқасының көңілінен шықса жаңа театр ғимаратының ашылуы салтанатында тұсауы кесіліп, театрдың тарихында қалады.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • Жетісу өңірінде өткен тарихи-саяси оқиғаларды, мәдениет пен өнер қайраткерлерін халық арасында кеңінен насихаттау;
  • дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға әсерін азайту;
  • кенже қалған балалар драматургиясын дамыту;
  • бүгіннің эстетикалық талабына сай драмалық шығармалардың жаңа формаларын табу, олардың дүниеге келуіне ықпал жасау;
  • мәдениет пен әдебиет әлеміне үлесін қосып жүрген жазушылар мен драматургтердің шығармашылығын дамыту, оларға қолдау көрсету;
  • тарихи-мәдени мұраларға театралдық және мәдени жұртшылықтың назарын аудару;
  • жас ұрпақты патриотизм мен отансүйгіштік сезімге тәрбиелеу;

Драмалық шығармаларды бағалау критерийі:

Қазылар алқасы байқауға келіп түскен қаламгерлердің шығармашылық өтініштері мен пьесаларды мынадай өлшемдер бойынша бағалайды:

  • тақырыптың мазмұнын толық ашу;
  • шығарманың өзектілігі, жаңашылдығы;
  • ойлау дербестігі, авторлық ұстаным, баяндау реттілігі;
  • драматургиялық материалдың көркемдік маңызы;
  • тұтастық (ойдың, форма мен мазмұнның тұтастығы);
  • кішкентай бүлдіршіндердің дүниетанымы мен қиялына түсінікті образдар;
  • шығарма идеясы мен стилінің безендіру құралдарымен гармониялық үйлесімдігі;

Жеңімпаздарды марапаттау:

Байқаудың барлық қатысушылары дипломдармен, орындар бойынша жүлделер мен арнайы аталымдар бойынша және ақшалай сыйлықтармен марапатталады. Сонымен қатар, Гран-приді жеңіп алған пьеса Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында сахналатын болады.

Қатысу шарттары:

  • шығармашылық байқауға барлық тілек білдірген тұлғалар қатыса алады;
  • байқуға қатысам деушілер 2018 жылдың 10 мамырына дейін туындыларын ұйымдастыру алқасына тапсыруы керек;
  • шығарма лақап атпен қабылданады (псевдониммен);
  • пьеса келесі жанрлар бойынша жазылуы шарт:
    • драма
    • трагедия
    • комедия
    • ертегі
  • автордың толық аты-жөні және өмірбаяны арнайы бөлек конвертте жолдануы тиіс;
  • жұмыстар мерзімнен кешіктірілмей ұсынылады.
  • талаптарда көрсетілген байқау тақырыбына сәйкес келмейтін, ұсынылатын мерзім аяқталғаннан кейін келіп түскен материалдар байқауға жіберілмейді;
  • қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді және қайта қарауға жатпайды;

Өтінімдер ұсыну:

Өтінім электрондық түрде biken2006@mail.ru мекен-жайға ұсынылуы керек. Сұрақтар туындаған жағдайда мына телефондар бойынша байланысуға болады:

Анықтама телефоны: 8 (7282) 24-50-46, 24-18-62

"Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы" ММ, "Б.Римова атындағы Талдықорған драма театры" МКҚК

Сізге қызық болуы мүмкін: