Шәкен Айманов кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

21 қарашада, Алматы қаласында 14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің салтанатты жабылу рәсімі өтті. Салтанатты кеш Абай атындағы Мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті. Жабылу рәсіміне әлемдік және қазақстандық кинематоргафтың жарқын жұлдыздары қатысты.
Шәкен Айманов кинофестивалінің жеңімпаздары анықталды

14-ші Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалінің жеңімпаздары болып:

«Жол түйісі» халықаралық конкурстық байқауда:

Гран-при ең үздік фильм – «Канделария» (Колумбия), режиссер Джонни Хендрикс Инестроса

Үздік режиссер  – Бенедикт Эрлингссон, «Соғыстағы әйел» (Исландия)

Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Күнбағыс» (Қытай), режиссер Чжан Лопин

 

 «Ата-бабалар мекені» түркі әлемі елдерінің конкурстық байқауында:

Гран-при ең үздік фильм – «Патша Құс» (Якутия, РФ), режиссер Эдуард Новиков

Үздік режиссер  – «Талан» (Қазақстан), режиссер Болат Қалымбетов

Үздік сценарий – «Шынар» (Туркия), режиссер Мустафа Карадениз

Қазылар алқасының арнайы сыйлығы – «Тұлғалық өсу дәрісі» (Қазақстан), режиссер Фархат Шарипов

Ең үздік актриса – Феруза Саидова «Әкем ауырып қалды» (Өзбекістан), режиссер Зульфикар Мусаков

Ең үздік актер – Акылбек Абдыкалыков, «Түңгі көлік апаты» (Қырғызстан), режиссер Темирбек Бирназаров

 

НЕТПАК арнайы жүлдесі «Тұлғалық өсу дәрісі» (Қазақстан), режиссер Фархат Шарипов

Әлемдік кинематографқа қосқан үлесі үшін арнайы жүлдеСердар Гёкхан, актер (Туркия)

Шараны ұйымдастырушы – ҚР кинематографистер одағы.

Құрылтайшы – ҚР мәдениет және спорт министрлігі.

Алматы қаласы әкімшілігінің қолдауымен.