Шәкен Айманов кинофестивалі аясында "Айтматов және Кино" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

19 қараша сағ 11:00-де Алматы қаласындағы Ұлттық кітапханада Халықаралық Шәкен Айманов кинофестивалі аясында Шыңғыс Айтматовтың 90-жылдығына орай «Айтматов және Кино» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Шәкен Айманов кинофестивалі аясында "Айтматов және Кино" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Іс шараға қазақ ақыны, драматург, аудармашы, сазгер, Қазақстан жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Түркі поэзиясы халықаралық фестивалінің лауреаты – Ысраил Сапарбай; совет және қырғыз кинорежиссері, сценарист, ССР және Қырғыз ССР Халық әртісі – Болотбек Шамшиев; совет, түркімен кинорежиссері, сценарист, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Түркімен КСР еңбек сіңірген өнер қайраткері – Ходжакули Нарлиев; «Ш.Айтматов атындағы халықаралық Ыстықкөл форумының» вице-президенті А.Молдакматова, ақын А.Нысаналин, Қазастандық дипломат В.Толмачев, режиссер, Шәкен Айманов Халықаралық кинофестиалінің бас директоры Ермек Тұрсынов және философия және өнертану ғылымдарының докторы, Еуразияның ғаламдық байланыс жөніндегі агенттігінің бас директоры - Светлана Слапке қатысады.

совет және қырғыз кинорежиссері, сценарист, ССР және Қырғыз ССР Халық әртісі – Болотбек Шамшиев

Модератор: Ананьева Светлана – М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аналитика және сыртқы әдеби байланыстар бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты.

Ұлттық кітапханаға келген қонақтар Ш.Айтматов шығармаларының көрмесімен танысып, көшпелі халықтардың мәдени бұйымдарын тамашалап, көне түркі жауынгерлерінің соғыс айлаларын паш ететін кішігірім көріністі бақылады.

Содан кейін дөңгелек үстел басталып, келген қонақтар Шыңғыс Айтматовпен болған қызықты оқиғаларын еске алып, пікір алмасты.

«Әлемдік деңгейде әр ұлттың, әр елдің өзінің бір алға салатын, тарихтың өзі, өмірдің өзі, алға қоятын адамдары болады. Сондай адамдардың бірі Шыңғыс Айтматов. Биылғы жыл міне сол Шыңғыс Төреқұлұлының жылы.

Мен жақында ғана фейсбукте отырып, Айтматовтың тойы Өзбекстанда аталып өтілгенін көрдім. Мен оған өз басым қатты қуандым. Өйткені, біз мұндай мерекелерді өзіміздің деңгейде ғана тойлаймыз. Бірақ, сондай деңгейге сыймайтын адамдар болады. Соның бірі Шыңғыс ағамыз. Осындай тұлғалардың түркі әлемінде әлемдік масштабта алатын орны ерекше»,  - деді өз сөзінде ақын Ысраил Сапарбай.

«Мені Айтматовпен 10-шы класста ақын әкем таныстырды. Мен, ол кездегі әдебиетке қарсы едім, жаспын ғой. Бірақ, анам мені көндірді, сол кездегі газетті қолыма берді. Ол жерде Айтматовтың «Бетпе бет» шығармасы тұр екен, соны оқып таң қалдым. Таң қалғаным сонша, отыра салып осы шығармаға сценарий жазып тастадым. Мектеп оқушысы не жазады дейсіздер, бірақ, әкем менің қолымнан ұстап Айтматовқа алып барды. Сол кезде мен оны бірінші рет көрдім. Арық, үлкен мұрынды. Мұрынынан басқа ешнарсе көрінбейді. Ол менің жазбамды алып оқыды. Содан бері мен Айтматовпен елу жылдай бірге болдым, төрт киносын экранизацияладым және ол ешқашан ешкімнің қолын қақпаған», - деді шамшиев мырза.

«Әр елдің күші мен намысы -  сол елдің абыройлы балалары» дейтін мақал бар түркімен елінде. Айтматов тек қана қырғыз елінің мақтанышы емес, бүкіл түркі елдерінің, бүкіл әлемнің мақтанышы.» - деп түйіндеді Нарлиев ақсақал.

Кездесу соңында фестивальдің бас директоры Ермек Тұрсыновта Айтматовпен Бельгияда болған кездесуін еске алып, жақсы әңгімемен бөлісті.

Отырысты қорытындылай келе модератор Светлана Ананьева осындай кездесулер арқылы Ұлы Айтматовтың есімі, оның шығармашылығы ешқашанда ұмытылмайтынын айта кетті.

Қосымша ақпарат бойынша кинофестивальдің баспасөз қызметіне хабарлассаңыздар болады: Жангелди Омиралиев, менеджер +7 707 347 8359

Почта: press@aimanoviff.com

www.aimanoviff.com