Алматыда Бірінші Орталық Азия деректі кино Форумы өтеді

Т.Қ. Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының ширек ғасырлық тарихы бар «Кино және ТВ» факультеті 5-7 желтоқсан аралығында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына арналған Бірінші Орталық Азия деректі кино Форумын өткізеді.
Алматыда Бірінші Орталық Азия деректі кино Форумы өтеді

Кино және телевизия саласында маман даярлауда елімізде басты оқу орны саналатын Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясы,  «Кино және ТВ» факультеті биыл өзінің ширек ғасырлық мерекесін атап өтіп жатыр!  Факультет көркем фильм, телевизия, анимациялық, деректі фильм және дыбыс режиссерларын, операторларды әрі арт–менеджерлер мен продюсерларды шығарады. Академияның ұстаздары, шеберхана жетекшілері  – әлі де өндірістен қол үзбеген кәсіби мамандар: өз шәкірттерімен иық тіресе жүріп жұмыстан қалмаған жандар. Біз кино және телевизияға мамандар даярлауда алғашқы болғанымызды мақтан етеміз. Бүгінде Жүргеновті бітірген түлектер республиканың барлық телеканалдары мен студияларында еңбек етіп жүр. Сонымен қатар, факультеттің қазіргі деканы Г.А.Мурсалимова танымал кинотанушы Бауыржан Нөгербековтің шәкірті.

Бірінші Орталық Азия деректі кино Форумының өтуіне мұрындық болған сценарист,  режиссер- документалист, ҚазҰӨА доценті Асия Байгожина.  Оған қатысушылар ортаазия аймағының белгілі  документалисттері: КСРО Мемлекттік сыйлығының лауреаты, режиссер  Шухрат Махмудов, Өзбекстандық сценарист және кинотанушы  Разика Мергенбаева, кинотанушы, ХКФ арт-директоры, философия ғылымдарының докторы Садулло Рахимов, Тажікстаннан режиссер және продюсер, ХКФ лауреаты  Орзумурод Шарипов, кинотанушы, НЕТПАК пен ФИПРЕССИ әділқазылар мүшесі Гульбара Толомушова, Қырғызстаннан жас документалисттердің көшбасшысы Жанышбек Дадабаев, сол сияқты әріптестік оқу орындары –  «Туран» және Қазақ ұлттық өнер университетттері - еліміздің ең атақты документалист режиссері Владимир Тюлькин,  Сулеевтер-Райбаевтар кинодинастиясының жалғасы, режиссер Ануар Райбаев, кинотанушы, Қазақстанның деректі киносы туралы диссертацияның авторы Александра Лумпова, жас және жемісті режиссер Евгений Лумпов.

Форумға іріктеліп алынған фильмдер біздің Азия киносының бүгінгі бағыты. Бүгінгі мен болашақты жалғастыратын көптеген үзіктерден құралған портрет.  «Өз тарихыңды барша қырымен әрі соншама жетістігімен ұғыну әрі қабылдау» - Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласынан алынған үзінді шынымен де  документалистер жұмысының девизі болса керек.

Форумның мерекелік әрі салтанатты ашылуы - 5 желтоқсан 2018 жыл.

9.00–9.45      Форумға келген қонақтарды тіркеу.

10.00–10.45  БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-конференциясы

(Т.Қ. Жүргенов ат. ҚазҰӨА кинозалында).

11.00-12.30   Форумның салтанатты ашылуы (Т.Қ. Жүргенов ат.ҚазҰӨА оқу театры).

Форумның айтулы шарасы – режиссер  Баходыр Юлдашевтың (Өзбекистан)  «Улугбек. Человек, раскрывший тайны Вселенной») фильмінің орта азиялық тұсаукесері. 74-ші Венеция кинофестивалінің «Ең үздік деректі фильм», номинациясы бойынша  2017 жылдың жеңімпазы. Фильмде  Венсан Кассель мен Арманд Ассанте ойнаған. Арнайы көрсетілімге Ислам Каримов атындағы қоғамдық қор мүшелері   Умид Азизов пен Бекзод Саъдуллаев келеді деп күтілуде, фильм продюсерлары Лола Каримова–Тилляева мен Тимур Тилляев. Фильм тұңғыш рет үлкен экранда Алматыда форумның бірінші кешінде көрсетіледі.

Форум бағдарламасында – соңғы екі жылда түсірілген деректі фильмдердің көрсетілімі мен талқылаулар өтеді.

Бірінші күні өзбек бағдарламасына, екінші күні - қырғыз бен тәжік бағдарламаларына беріледі.  7 желтоқсан күні қазақ бағдарламасы көрсетілімі, сонымен қатар аталған күні сағат 15.00 қорытындыда Дөңгелек үстел «Орталық Азия кеңістігіндегі бүгінгі деректі кино: тақырыптары, кейіпкерлері, мәселелері, даму бағыттары» атты тақырыпта болады. Дөңгелек үстел отырысында (Т.Қ.Жүргенов атын. ҚазҰӨА ректораты) қатысқан қонақтар, сол сияқты студенттер, академия педагогтары, кинотанушылар, режиссерлар, журналисттер пікір бөліседі. Бұл мәселеге қызығушылық білдірген мамандар түгел шақырылады. Форум материалдарының жинағы басылып шығу жоспарланып отыр.

Форумның жабылуында көрсетілетін  фильм – жаңа қазақстандық картина, аты мен режиссерын ұйымдастырушылар құпияда ұстап отыр.

Форумның өткізілетін мекен-жайы: Т.Қ.Жүргенов ат. ҚазҰӨА кинозал

ҚР, Алматы, Панфилова көшесі, 127,  ҚазҰӨА., «Кино және ТВ» факультеті.

Телефон:  8 (727) 261 13 19 – «Кино және ТВ» факультеті деканаты

Форум бағдарламасы бойынша анықтама:

Байгожина А.М. amakhtai@yandex.kz . тел. +7 707 150 37 07. WhatsApp

Рамазанова Б.К. ramazanova.banu@gmail.com, тел. + 7 702 888 12 25. WhatsApp