Түркия Республикасы Мәдениет және Туризм министрлігінің және Түркия Республикасының Алматыдағы бас консулдығының қолдауымен, Ұлттық ой-пікір қауымдастығы тарапынан ұйымдастырылатын «V Түрік фильмдерінің апталығы» іс-шарасы 2019 жылдың 28-қазан мен 31-қазан аралығында өтеді.
Биылғы жылы 5-рет ұйымдастырылып отырған «Түрік фильмдерінің апталығын» 28-қазан күні Шүкрү Алачамның «Тұрғын үй» фильмі ашты. Көрсетілім бағдарламасында «Ішімдегі қазына», «Шеф» және «Рафадан Тайфа» фильмдері көрерменге көрсетілетін болады.
Фестиваль аясында Түркиядан келген режиссерлер мен қазақстандық режиссерлер арасында жиындар өткізіліп, екі ел арасындағы сабақтастықты нығайту, кино саласы мамандарының қатысуымен бірлесіп фильм түсіру мәселелері қарастырылады.
Сондай-ақ, аталмыш шараға Түркия Республикасының сыртқы істер министрінің орынбасары Явуз Селим Кыран, Әділет және даму партиясының Орду депутаты және «Yerli Düşünce Derneği» ұйымының президенті Метин Гундоғду қатысады.