Кітап белгілі кинотанушы, көрнекті ғалым, профессор, Қазақстандағы кәсіби кинотанудың негізін қалаушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, ұлағатты ұстаз Бауыржан Рамазанұлы Нөгербектің өмірі мен шығармашылығына арналған.
Жинақта Бауыржан Нөгербектің қазақ кино өнері, оның қалыптасу және даму тарихы, ұлттық кино өндірісінің ерекшеліктері туралы әр жылдары баспасөз бетінде басылған мақалалары мен сұхбаттары, мұрағат құжаттары мен фотосуреттері жинақталған. Сондай-ақ ұлттық киноның туын көтерген көрнекті ғалым, кинотанушы, өткір ойлы сыншының өмірі мен шығармашылығы, азаматтық ажары мен қайраткерлік келбеті туралы әріптестері мен шәкірттерінің, дос-жарандары мен туған-туыстарының естеліктері берілген. Кітап Алматы қаласындағы Қазақ университеті баспасынан шығып отыр. Құрастырушылары – Бауыржан Рамазанұлы Нөгербектің жары, белгілі театртанушы Гүлжаhан Бекхожина және ұлы, белгілі кинотанушы, Phd докторы, Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының доценті Баубек Нөгербек.
Өтетін күні: 29 сәуір, 2021 жыл
Өтетін орны: ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы
Басталуы: 11.00
Мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі, 11
F:LIVE Тікелей эфир FACEBOOK: https://www.facebook.com/www.nabrk.kz ZOOM: 8805768725
Байланыс телефондары: + 7 701 508 0843; + 7 702 487 8400
Бауыржан Рамазанұлы Нөгербек – бүкіл саналы ғұмырын қазақ киносының өзекті мәселелерін зерттеуге арнаған көрнекті ғалым. Қазақ анимациялық, көркемсуретті киносына арналған ғылыми еңбектері мен отандық кино өнерінің дамуына үлес қосқаны үшін Қазақстанның Ленин комсомолы сыйлығымен (1978), КСРО кинематографистері одағының сыйлығымен (1985), «Құлагер» ұлттық кинеатографиялық сыйлығымен (2008) марапатталған.
«Очерки истории казахского кино» («Қазақ киносы тарихының жылнамасы», авторлар ұжымы. Алматы: «Ғылым», 1980), «Когда оживают сказки: мультипликационное кино Казахстана» («Ертегіге жан біткенде: Қазақстанның мультипликациялық киносы». Алматы: «Өнер», 1984, монография), KASACH FILM (ГДР, Берлин, 1985), Cinema Kazakho – Kazakh Cinema (Италия, 2002); «Кино Казахстана» («Қазақстан киносы». Алматы: Ұлттық продюсерлік орталық, 1998), «Қазақ киносының тарихы» (қазақ тіліндегі оқулық, Г.Қ. Наурызбекова және Н.Р. Мұқышевамен бірлесіп жазған, Алматы, 2005), «На экране «Казахфильм» («Экранда «Қазақфильм», Алматы: «RUAN», 2007), «Экранно-фольклорные традиции в казахском игровом кино» («Қазақ көркемсуретті киносындағы экрандық-фольклорлық дәстүрлер». Алматы: «RUAN», 2008), ДД атты кітаптардың авторы. Сондай-ақ, қазақ, орыс, ағылшын, неміс, корей, голланд, серб-хорват, италиян тілдерінде жарық көрген 250-ден астам мақала, рецензия мен эссенің авторы.