Батыс Қазақстан облыстық драма театрына Хадиша Бөкееваның есімі берілді

Батыс Қазақстан облыстық драма театрына Хадиша Бөкееваның есімі берілді
Батыс Қазақстан облыстық драма театры

24-ақпан күні Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен облыстық драма театрға КСРО және Қазақстанның халық артисі, КСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты, профессор Хадиша Бөкееваның есімі берілді. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Хадиша Бөкеева 1917-жылдың 21-ақпанында Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы, Казталовка ауылында дүниеге келіп, 31.01.2011-жылы 31-қаңтарда Алматы қаласында қайтыс болған. Қазақстан және бұрынғы советодағының кино және театр актрисасы, театр қайраткері, профессор. КСРО және Қазақстанның халық әртісі. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасының ең жоғарғы «Отан ордені» мен марапатталған (2000 жылы).

Хадиша Бөкеева

Биыл Хадиша Бөкееваның туғанына 100 жыл. Актрисаның жүз жылдық мерейтойы құрметіне М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма театры «Театр көктемі-2017» фестивалін Хадиша Бөкееваға арнап өткізбекші.

Фестиваль 13-18 наурыз аралығында  М.Әуезов театрында өтеді.

Фотолар М.Әуезов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық драма
театрының сайтынан алынды.