II Республикалық қысқаметрлі «Байқоңыр» кинофестиваліне қатысуға өтініштер қабылдануда

II Республикалық қысқаметрлі «Байқоңыр» кинофестиваліне қатысуға өтініштер қабылдануда

II Республикалық қысқаметрлі «Байқоңыр»  кинофестивалі қатысушылардан өтініштерді қабылдау жұмыстарын бастады. Фестивальге 2016-2017 жылдары Қазақстан азаматтары түсірген, ұзақтығы 30 минуттан аспайтын қысқаметрлі фильмдер қатыса алады.

Жұмыстар үш бағыт бойынша қарастырылады: көркемсуретті, деректі және анимациялық кино. Қатысушыларға ешқандай жас шектеуі қойылмаған. Сондай-ақ, биылғы жылы «Үздік қоюшы-суретші» жаңа номинациясы қосылды.

Өтініштер 2017 жылдың 15 маусымынан 15 тамызына дейін кинофестивальдің Baikonur.brod.kz ресми сайты арқылы қабылданады.

II Республикалық қысқаметрлі «Байқоңыр»  кинофестивалі 15-16 қыркүйек күндері «Көк-Төбе» демалыс саябағында өтеді.

Сізге қызық болуы мүмкін: