"Айка" фильмі Қытайда екі марапатқа ие болды

“Алтын Әтеш және Жүз гүл” атты кинофестивальдің премиясы, Қытайдың ең ірі кинопремиясы болып табылады.

"Айка" фильмі қытайлық Golden rooster and hundredflowers кинофестивалінің екі марапатына ие болды. Сергей Дворцевойдың картинасы екі номинацияда, Bestleading actress by Audience Award ("көрермендер нұсқасы бойынша үздік актриса") және Best foreigndirector by Audience Award ("көрермендер нұсқасы бойынша үздік шетелдік режиссер") деген марапатқа ие болды. “Алтын Әтеш және Жүз гүлатты кинофестивальдің премиясы, Қытайдың ең ірі кинопремиясы болып табылады. Биыл ол Фуцзянь провинциясының Сямынь қаласында, 28-ші рет өткізілуде. "Алтын Әтеш" мүсіншесін кәсіби қазылар алқасы тапсырады, ал "Жүз гүл" сыйлығы көрермендердің дауыс беру нәтижесі бойынша беріледі.

Айка кинотуындысы Қырғызстаннан келген жас қыздың оқиғасын баяндайды. Ол Мәскеуге заңсыз келіп, жұмыс істеп жүреді. Бір күндері ол жүкті болып, баланы перзентханаға тастап кетеді. Алайда уақыт өте келе ана сезімі оянып, Айка өз тастанды баласын іздей бастайды.

Айта кетейік, қазақстандық әртіс Самал Еслямова"Айка" фильміндегі рөлі үшін 71-ші Канн кинофестивалінде үздік актриса атанған еді және азиялықОскарсыйлығына ие болды. Анталиядағы кинофестивальде Самал Еслямова үздік актриса атанды. Фильмнің өзі Қазақстаннан американдық "Оскар" сыйлығының қысқа-тізіміне іріктелді.