Алматыда жыл сайынғы Еуропа кинофестивалі өтеді

5-7 қараша аралығында Қазақстанның мәдени ордасы Алматы қаласында жыл сайынғы Еуропа кинофестивалі өтеді.
Алматыда жыл сайынғы Еуропа кинофестивалі өтеді

Сізді ғажайып премьералар, еуропалық режиссерлер Ренарс Вимба (Латвия) және Каролин Тирион (Бельгия) атынан арнайы мастер-класс пен баспасөз кездесулері күтеді!

Биыл көрермендер назарына Еуропалық Одақтың 16 елінен 16 үздік кинофильмдері ұсынылады. Кино туындылары арасында түрлі жанрдағы кино саласындағы халықаралық марапаттардың жүлдегерлері мен үміткерлері бар, атап айтқанда, үш «Сезар» сыйлығының жүлдегері – «Кішкентай фермер» (Bloody Milk), «Давид ди Донателло» сыйлығының иегері – «Чамбра» (A Ciambra), «Үміт айыбы» (The Vice of Hope) фильмдері, Канн фестивалінің сыншылар аптасының Гран-при иегері – «Диамантино» (Diamantino), Локарно кинофестивалінің әділқазы алқаларының арнайы сыйлық жүлдегері – «Рэй мен Лиз» (Ray & Liz), Венеция кинофестивалінің «Үздік актер» номинациясының жүлдегері– «Әулие Георгий» (Saint George), Карловы Вары кинофестивалінің «Үздік режиссер» номинациясының жүлдегері – «Шек» (The Line) , «Қысқы шыбын-шіркей» (Winter Flies) және Бухарест, Словения, Словакия, Монреаль, Токио, және Сандэнс кинофестивальдарының  бірқатар сыйлықтар иегерлері.

5-қараша күні фестивальді Берлин кинофестивалі мен Латвияның ұлттық кинофестивалінің жүлдегері, режиссер Ренарс Вимбаның «Мен осындамын» кинотуындысы ашады. Бұл фильм көші-қон, отбасы, қоғам, өсіп-есею мен табиғат жайлы оқиғаны баяндайды.

Фестиваль аясында 6-қараша күні Еуропаның көрнекті кинорежиссерлері – латвиялық Ренарс Вимба мен бельгиялық Каролин Тирион арнайы мастер-класс береді. Олар мастер-класс қатысушыларына өздерінің жүлдегер туындыларын ұсынып, фильм шығару, питчинг, және деректі фильм түсіру бойынша кеңестер мен тәжірибесімен бөліседі. Семинарлар Тұран Университетінде өтеді (Алматы, Сәтбаев к-сі 16).

Фестивальді 7-қараша күні Каролин Тирионның «Мбудха» деректі фильмі тамамдайды. Кинофильмде Энн Лодисуаның қорғауға алуға тиіс бай әрі сирек биологиялық саналуандылық туралы мағлұмат жинау мақсатымен Конго Демократиялық Республикасына жасалған экспедициясы көрсетілген.

Фильмдер орыс тіліндегі субтитрлермен бірге түпнұсқа тілінде көрсетіледі (Мбудха фильмі ағылшын тіліндегі субтитрлермен көрсетіледі).

Барлық көрсетілімдерге кіру тегін (тегін билеттерді көрсетілім күні кинотеатр кассаларынан ала аласыз).

Фестивальдің ашылу күні мен уақыты: 5-қараша, 18:00

Өтетін орны: Chaplin Mega Park Алматы, Мақатаев көшесі 127/1, Алматы.

Сізге қызық болуы мүмкін: