Мақала
Адамзат тарихындағы ең ықпалды 100 фото (I топтама)
2016-жылы америкалық "<a href="http://100photos.time.com">Time</a>" журналы адамзат тарихындағы ең маңызды әрі ықпалды 100 фотосуретті анықтаған болатын. Бір ғасырлық тарихы бар танымал журнал ұжымы бұл жобаны жүзеге асыру үшін 3 жыл уақытын арнаған екен. Сол суреттерді түсірілу мерзімі бойынша іріктеп, тарихы туралы танымдық ақпаратты назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Ақпараттық материал он-оннан топтастырылған сериялық мақала ретінде жарық көріп отыратын болады.
Бөлім: Фото өнер
Датасы: 06.03.2017
Авторы: Айымгүл Оралқызы
Мақала
Адамзат тарихындағы ең ықпалды 100 фото (I топтама)
2016-жылы америкалық "<a href="http://100photos.time.com">Time</a>" журналы адамзат тарихындағы ең маңызды әрі ықпалды 100 фотосуретті анықтаған болатын. Бір ғасырлық тарихы бар танымал журнал ұжымы бұл жобаны жүзеге асыру үшін 3 жыл уақытын арнаған екен. Сол суреттерді түсірілу мерзімі бойынша іріктеп, тарихы туралы танымдық ақпаратты назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Ақпараттық материал он-оннан топтастырылған сериялық мақала ретінде жарық көріп отыратын болады.
Бөлім: Фото өнер
Датасы: 06.03.2017
Авторы: Айымгүл Оралқызы
Адамзат тарихындағы ең ықпалды 100 фото (I топтама)

Айымгүл Оралқызы

Журналист


1.  VIEW FROM THE WINDOW AT LE GRAS

ТЕРЕЗЕДЕГІ КӨРІНІС. ЛЕ ГРА

1826 жыл

Жозеф Нисефор Ньепс

Бұл ашылу ГЕЛИОГРАФИЯ деп аталады және ол - жарық әсері арқылы жасалған бір
мезеттік әрекеттің нәтижесі.

Жозеф Ньепс

 

Адамзат
тарихындағы ең алғашқы фотосуретті жасаған адамның нағыз өнертапқыш екені
айтпаса да түсінікті. “Терезедегі көрініс” аталатын бірінші гелиогравюраны
Жозеф Нисефор Ньепс есімді француз азаматы түсірген. Өнертапқышты бейненің көшірмесін
алудың жаңа жолдары қызықтыратын. Сол жолдарды табу мақсатында Ньепс шығыс
Францияның
Сен-Лу-де-Варенн қаласындағы Гра елді мекенінде
орналасқан шеберханасына арнайы құрылғы орнатады. Ол обскур камерасы деп
аталатын. Аталмыш құрылғы күн сәулесі арқылы бейненің тікелей көшірмесін
жасайтын. Шеберхана терезесіндегі көріністі фотосуретке түсіру Ньепс мырзаның 14
сағат уақытын алыпты. Тынымсыз елгезектік пен төзім нәтижесінде адамзат
тарихындағы ең алғашқы фотосурет алынды.

Ньепстің еңбегі
фотоөнер саласының негізін қалады десек артық айтқандық болмас. Кейін ол Луи Дагер
есімді суретшімен бірлесе жұмыс жасады. Суретшінің дагеротипті аталып кеткен
түсірілімдері фотоөнер саласының даму үдерісін жаңа деңгейге көтерді.

Ал, тарихи
суреттің түпнұсқасы қазіргі таңда Техас штатының Остин қаласындағы зерттеу
орталығында сақтаулы тұр.

2.  BOULEVARD DU TEMPLE

ТАМПЛЬ БУЛЬВАРЫ

1839 жыл

Луи Дагер

Мен жарықты аулап алып, қапасқа қамап қойдым. Күн мен үшін сурет салуға
мәжбүр болды.

Луи Дагер

Париждің Тампль Бульварында жұмыс істеп жүрген аяқ киім
тазалаушы өзінің адамзат тарихындағы ең ықпалды фотосурет түсіруші атанарын
білді ме екен?! Оның есімі Луи Дагер болатын. 1839 жылы Луи жасаған сурет –
адам сұлбасы бейнеленген алғашқы  фото
туынды еді. Дагерге дейін адам келбеті тек қылқалам шеберлерінің картиналарында
ғана бейнеленген болатын.

Аталмыш суретті түсіру үшін Луи өз объективін бульварға
бағыттап, кейін, бірнеше минут бойы күміс жалатылған мыс дискіні жақын ұстап
тұрған. Ал, суреттің өңделуі химиялық заттардың көмегімен жүзеге асырылған
екен. Тампль бульварында түсірілген бұл сурет – айнамен шағылысу нәтижесінде алынған
бірінші фотосурет (mirror-image photograph).

3.  THE VALLEY OF THE SHADOW OF DEATH

ӨЛІМ КӨЛЕҢКЕСІНІҢ АЛҚАБЫ

1855 жыл

Роджер Фентон

Адамдар соғыста өледі. Бірақ, бұл суреткер олардың бейнелерін сақтап,
мәңгілік ғұмыр сыйлап үлгереді.

‘Қырым суреттері’, Қыркүйек 1855

Қырым
соғысы
немесе Шығыс соғысы 1853 және 1856 жылдар
аралығында Ресей империя
сы мен Ұлыбритания,
Франция, Түркия, Сардиния одақтары арасында өткен.
Үш жылға созылған соғыста Роджер Фентон есімді британ фотографы Қара теңіз
жағалауына тұрақтап, әскери репортер ретінде фотосуреттер түсірген екен. Әдетте
соғыстан еш тәжірибе алмай, сол қателікті қайта-қайта кешетін күллі адамзат
Фентонның суреттерін көрген соң соғысқа деген көзқарасын өзгерткендей сезіледі.

Сол 360 фотодерек ішінде “Өлім көлеңкесінің алқабы” аталатын
суреттің алар орны ерекше. Англия фото қоғамының негізін қалаушы, сондай-ақ,
Виктория ханшайымның жеке фотографы болған Роджер Фентон - адамзат тарихындағы
алғашқы әскери репортер.

“Өлім көлеңкесінің алқабы”  фотосуретінде жол үстінде шашылып жатқан
жарылғыш заттар бейнеленген. Бір қызығы, бұл суреттің екінші нұсқасы да бар
болып шықты. Онда жарылғыш заттар жол жиегінде жатыр екен. Бұған қатысты
көптеген фотосурет сыншылары жол жиегінде жатқан жарылғыш заттарды Фентон әдейі
өз қолымен жолға шашып тастаған деседі. Қалай болғанда да, “Өлім көлеңкесінің
алқабының” берер әсері айрықша екені анық.

4.  ABRAHAM LINCOLN

АВРААМ ЛИНКОЛЬН 

1860 жыл

Мэтью Брэди

Табиғи суреттер түсіру мен үшін аса қиын болатын.

Мэтью Брэди

 

1860 жылдың ақпан айында Авраам Линкольн Нью Йорк қаласына арнайы Купер
Одағының алдында сөз сөйлеу үшін келген. Ол кезде фото өндірістің танымалдығы
шарықтап тұрған кез болатын. Линкольн президенттікке үміткер ретінде мінсіз
сөйлеу керек екенін жақсы білетін. Одақ жиынында сөз сөйлемес бұрын болашақ
президент Бродвейдегі Брэдидің фотостудиясына кіріп, жоғарыдағы суретін
жасатады. Брэди болса Эдгар Аллан подан бастап, Джеймс Фенимор Куперге дейінгі
танымал тұлғалар бейнесін жасаған портретист еді.
 

Линкольн сырт
көзге тым ұзын көрінетін мойнын жейдесінің жағасымен жасырып, дайын болған соң,
нағыз саясаткерге тән қалыпта суретке түсті. Кейін, президент атанған соң,
Линкольн “Мені президент қылған Брэдидің суреті” – деп қалжыңдаған екен.

 

5.  CATHEDRAL ROCK, YOSEMITE

КАТЕДРАЛЬ РОК, ЙОСЕМИТИ

1861 жыл

Карлтон Уоткинс

Еуропалық көркем суреттермен салыстыруға келетін мінсіз өнер туындысы .

Оливер Холмс, 1862

 

Йосемити паркінің ұлттық қорық атануына XIX ғасырдың танымал натуралисі Джон Мюирдің сіңірген еңбегі
зор. Алайда, жоғарыдағы “Катедраль рок. Йосемити”
фотосуретін түсірген Карлтон Уоткинстың ықпалын да жоққа шығара алмаймыз. 

Ландшафт фотографы ретінде Уоткинс аталмыш парктің табиғи
сұлулығын суретке түсіріп, құнды деректер жинастырған. Ол өзінің кең форматты
фотоаппараты арқылы жасаған суреттерімен көпшілікті таңқалдырды. Өйткені,
Йосемити табиғатының сұлулығы ешкімді бей-жай қалдырмады. Суреттерді көрген АҚШ
президенті  Авраам Линкольн 1864 жылы
Йосемитиді коммерциялық мақсатта пайдаланудан шектейтін заң жобасын жасаған
болатын. Соның нәтижесінде көптеген парктер мен ұлттық қорықтар сақталып қалды.

Табиғат-Ананың теңдессіз сыйын сақтап қалуға әсер еткен суреттің
ең ықпалды 100 фотосурет тізімінен табылуы өте орынды.

 

6.  THE DEAD OF ANTIETAM

ЭНТИТЕМ МӘЙІТІ

1862  жыл

Александр Гарднер

Мистер Брэди сұрықсыз шындық пен соғыс қорқынышын ұғындырды. Ол өліктер мен
мәйіттерді алып келіп, табалдырығымызға тастағандай болды.

New York Times

Шарпсбергтегі Энтитем шайқасы — АҚШ-тағы Азамат соғысы кезінде орын алған шайқас. 1862 жылы 17 қыркүйек
күні Джордж Макклеллан басшылық еткен федералды әскер мен Роберт Ли
жетекшілігіндегі Конфедерация әскері арасында орын алды. Энтитем-Крик өзені
жағалауында болған бұл шайқас “америка тарихында
ең көп қан төгілген біркүндік текетірес
” деген атаумен
белгілі. Нәтижесінде 3600 адам мерт болды.

Жоғарыдағы суреттің авторы Александр Гарднер шайқас
орнына екі күн өткеннен кейін келген. Ол кезде фотограф Мэтью Брэдидің қараында
жұмыс істейтін. Өліктер мекеніне айналған өзен жағалауында бірнеше сурет жасайды.
Гарднер Нью Йорк қаласына қайтып келген соң, Брэди оның суреттерінен “Энтитем мәйіті” деген атаумен көрме ұйымдастырады.

Гарднер суреттерінің анық болғаны сонша, ондағы мәйіттер
сұлбасынан әскердің жүзін анық көруге болатын. Көрмеге келген жұртшылық
суреттер арқылы еміс-еміс дауысы ғана естілетін соғыстың алыста емес, дәл қасында екенін, ал, ондағы мерт болған адамдар өз
досы, бауыры, қандас жақыны екенін ұғынды. Азамат соғысы, шын мәнісінде, өз
туғаныңды өлтіру екенін шын көңілімен сезінгендей болды.

 

7.  THE HORSE IN MOTION

ШАУЫП БАРА ЖАТҚАН ЖЫЛҚЫ

1878 жыл

Эдвард Мейбридж

Біз шындықты табиғаттың өзінен іздемейінше, көрініс мінсіз болады деп
өзімізді алдай береміз.

Эдвард Мэйбридж

Америкалық фотограф Эдвард
Мейбридж қозғалыс барысындағы суреттер жасау жолдарын қарастырған.
Әсіресе, жануарлардың қозғалысы. Ол шауып бара жатқан жылқыны бірнеше фазалық фиксация арқылы суретке түсіріп отырған. Бұл тәжірибе жұмыстары
1872 және 1878 жылдар аралығында жүргізілді. Ол, жоғарыдағы суреттегідей
нәтижеге жету үшін бірнеше фотоаппаратты қатар қолданған екен.

Динамикалық қозғалысты
суретке түсіру мүмкіндігіне қол жеткізген Эдвард Мейбридж, шын мәнісінде,
кинемотографтың пайда болуына үлкен ықпалын тигізді.

Бір қызығы, мұндай елеулі
жаңалық бар болғаны сөзталастың көзіне айналған екен. Деректер бойынша,
Калифорния штатының губернаторы Лиланд Стэнфордтың: “Жылқы шапқан кезде оның
төрт аяғы қатар жерге тимейді”- деген пікіріне ат жарыс тамашалауға келген бір
адам келіспей қояды. Ал, губернатордың сөзі дұрыс болғанын Мейбридж 4 жылдан
кейін дәлелдепті.

 

8.  BANDIT'S ROOST, 59½ MULBERRY STREET

БАНДИТТЕР БАҚАНЫ, МАЛБЕРРИ КӨШЕСІ, 59½ 

1888 жыл

Джейкоб Риис

Қаланың қараңғы әрі лас түкпірлерімен
жүргізілетін соғыста біз не жеңеміз, не жеңілеміз. Басқа шешімі жоқ.

Джейкоб Риис

Джейкоб Риис 1870 жылы Даниядан АҚШ-қа қоныс аударады. Нью
Йорк қаласын мекен еткен
21 жасар жігіт басқа да эмигранттар секілді жоқшылықта өмір
сүрді. Кейін жаңалықтар бюросына жұмысқа орналасып, өзін нағыз журналист
ретінде көрсетеді. Джейкоб өз мақаларына байланысты суреттер түсіру мақсатында
фотоаппарат алады. 1877 жылы Риис «New York Tribune» газетінде репортер
қызметін атқарды. Фотожурналист жасаған репортаждардың негізгі тақырыбы эмигранттар
өмірі болды.

Оның 1990 жылы жарық көрген кітаптары Нью Йорк қаласының
полиция шефі, болашақ президент Теодор Рузвельттің назарына ілігеді. Кейін
журналист пен тәртіп сақшысы жақын дос болып кетеді. Екеуі қала көшелерін бірге
аралайтын. Бірі ақпарат жинаса, екіншісі тәртіп орнататын.  

Шынайы өмірден сыр шертетін Джейкоб Риистің фотосуреттері  репортаждық фотоөнердің жетілуіне өз ықпалын
тигізді.

9.  THE HAND OF MRS. WILHELM RONTGEN

МИССИС РЕНТГЕННІҢ ҚОЛЫ

1895 жыл

Вильгельм Рентген

Мен ойлаған жоқпын. Мен зерттеумен айналыстым.

Вильгельм Рентген

Рентгенология ғылымының атауы Вюрцбург университетінің профессоры
Вильгельм Конрад Рентгеннің есімімен тығыз байланысты.

Ол 1895 жылы қараша айының сегізінде ашқан жаңалығы үшін Нобель сыйлығын алды. Бұл ашылу да өзгелер секілді кездейсоқ орын алған. Жаңа өнертабыста алғаш болып профессордың әйелі Бертаның қолының рентген кескіні жасалыпты. Қол
сүйектерінің кескінін
көргеннен
кезде Берта ханым: “Мен өз өлімімді көрдім” – деген екен. Ал,
қазір ол, керісінше, көпшіліктің ауруын анықтауға көмектесіп, өмірін сақтап
келеді.  

Медицина үшін үлкен қадам болған рентген сәулесінде
жасалған алғашқы сурет 1895 жылдың 22-желтоқсаны күні түсіріліпті.

 

10.  MOONLIGHT: THE POND

АЙ СӘУЛЕСІ: ТОҒАН

1904 жыл

Эдвард Штайхен

Шын мәнісінде, әр фото басынан аяғына дейін жалған.

Эдвард Штайхен

«Ай сәулесі: Тоған» — адамзат
тарихындағы алғаш түнде түсірілген түрлі-түсті фотосурет. Бұл суретті ф
отограф Эдвард Штайхен 1904 жылы Лонг Айлендте түсірген. Қазір бұл суреттің үш данасы бар екені анықталып отыр. Түсірілген уақыттан екі жыл өткеннен кейін Эдвард олардың біреуін досы Джон Аспинволға 75 долларға сатқан екен.

Ал 2006 жылы «Ай сәулесі: Тоған»  фотосуреті Sotheby’s
бәссауда үйінде $ 3 млн.-ға сатылды. Осылайша, фотоөнер туындылары өнердің басқа салаларының құнды шедеврлерімен бірдей деңгейде бағаланатын болды.