Мақала / #студентСөзі
Карикатура тарихы жайлы не білесіз?
Карикатура – ащы айтылған сын, тұрмыс-тіршілігімізге деген көзқарас, жанымызды ауртқан дертке дауа іздеу. Карикатура жеке адамдардың не өмірдің көлеңкелі жақтарын, кереғарлық пен кертартпалықты шарж бен гротеск арқылы типтендіріп, аяусыз сынап-мінеуге құрылады
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 03.12.2017
Авторы: Балерке Елтай
Мақала
Карикатура тарихы жайлы не білесіз?
Карикатура – ащы айтылған сын, тұрмыс-тіршілігімізге деген көзқарас, жанымызды ауртқан дертке дауа іздеу. Карикатура жеке адамдардың не өмірдің көлеңкелі жақтарын, кереғарлық пен кертартпалықты шарж бен гротеск арқылы типтендіріп, аяусыз сынап-мінеуге құрылады
Бөлім: Бейнелеу өнері
Датасы: 03.12.2017
Авторы: Балерке Елтай
Карикатура тарихы жайлы не білесіз?

Карикатура – ащы айтылған сын, тұрмыс-тіршілігімізге деген көзқарас, жанымызды ауртқан дертке дауа іздеу. Карикатура жеке адамдардың не өмірдің көлеңкелі жақтарын, кереғарлық пен кертартпалықты шарж бен гротеск арқылы типтендіріп, аяусыз сынап-мінеуге құрылады.

Карикатура өнерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері тамыры тереңде жатқан Ежелгі Мысыр елінен бастау алған. Карикатура ежелгі дәуірлерден белгілі, оның көне үлгілерін Ежелгі Мысыр өнерінен кездестіре аламыз, оған дәйек ретінде «Рамзес ІІІ»-ге арналаған карикатуралық каритинасын және «Қаз қорыған мысық» деп аталатын карикатураны айта аламыз.

Неге біз мысал ретінде осы екі ғана карикатуралық туындыны алып отырмыз, оның бір емес бірнеше себебі бар, біріншіден біздің заманымыздан бұрын 4-5 мыңжылдықтарда билік еткен адамдардың карикатуралық бейнелерін салу суретші-карикатуристің өзін өлімге итермелегенмен бірдей болған. Егерде қандай да бір суретші мысқылдап, келемеждеп сурет салар болса, суретші ғана емес оның бүкіл отбасын өлім жазасы күтіп тұрған. Соның әсері болар, ол замандағы суретшілер карикатуралық суреттерді тек тапсырыспен ғана салып, тапсырыс берушінің өз қолына өткізіп отырған. Екіншіден, бұл екі ғана карикатураның бізге, қазіргі заманға жетуіне әсер еткен ондағы қолданылған материалдың әлсіздігінде деп атап өткен мамандар. Яғни ол заманда көп каритиналарды мата бетіне немесе ұзын папурыстарға түсіріп отырған. Мата бетіне түскен карикатуралық каритиналардан тек қана майда қалдықтары ғана қалған. Мата көп жағдайда шіріп кетіп отырған. Ал жоғарыда аталып өткен карикатуралық жұмыстар папирустарға кескінделіп, арнайы қобдишаларда сақталуының арқасында ғана біздің заманымызға жетіп отыр.

Ежелгі Мысыр елінде бейбітшілік, тыныштық және тәртіпті жиырма бір жыл бойы ұстап, анархия дәуірін басқарған Рамсес ІІІ-нің карикатуралық бейнесі Лондон қаласында орналасқан Британ музейінің «Ежелгі Мысыр» бөлімінің қорында сақтаулы тұр. Папирусқа кескінделген бұл карикатуралық картинадан арыстан мен бөкеннің қандай да бір ойын ойнап отырғанын байқаймыз. Бұл кескін неліктен осылай бейнелегенін біз тек оның тарихына қарап аша аламыз. Рамзес ІІІ өзінің бейнесін варварларды жеңген жеңімпаз етіп көрсететіндей кескіндеуін суретшілерге бұйырған. Рамзес ІІІ тапсырыс беру кезінде суретшіге мынаны ескертеді :«ондағы бейнелеген мен екенімді ешкім білмейтін болсын, сен мені танымастай етіп халыққа ұсын».

Ал суретші болса адамды жануар ретінде алып, бейнелеген жануарларының символикалық артықшылығына жіті мән береді. Мұндағы Рамзес ІІІ арыстан бейнесінде ал варварлар елі болса бөкен (антилопа) бейнесінде сомдалған. Ойнап отырған ойынды арыстаның жеңгені және бөкеннің ақша алып, қуанып отырғаны айқын көрсетілген.

Мысыр елінде орналасқан Трин атты мұражайда сақталған екінші карикатуралық картина «Қаз қорыған мысық» деп аталады. Папирусқа орындалған бұл жұмыс жайлы тарихи мәлімет жоқ. Алайда бұл жерде де билік басындағы адамның тапсырамасы және суретші адам бейнесін символикалық тұрғыдан қарастыра келе жануар етіп бейнелегенін байқаймыз.[2,25-79]

Карикатураны дамытуға үлес қосқан ежелгі мемлекеттер қатарына Грек мемлекетін атап айтуға болады. Комедия атасы- Аристофан өмір сүрген дәуірде және сол елде пародия, келемеж, әжуә болғаны айдан анық дүние.Грек халқы өз өнерлерін сүйе білді және бағалап, құрметтей білді. Алайда сол өнерпаздардың ішінен де халыққа мезі болған жандарға тікелей бейнелеу өнерімен пародия салғандар да болды. Яғни, карикатура және шарж сынды бейнелеу өнерінің белгілі саласы да қарқынды дамыды сол заманда. Суретші-карикатуристер көп жағдайда құдайлар мен ауқатты адамдарды кескіндеді, олар құдайдың қаһарынан еш қорықпаған. Оған мысал келтірер болсақ: «Геркулесті сүйреген арба» , «Юпитер Альменада», «Эней құдайы Троянда», «Парис соты» және де сол замандағы философтарға арналған шарждар. Бұл аталған жұмыстардың авторлары белгісіз себебі барлығы дерлік храм немесе ғимарат қабырғаларна және қандай да бір құмыраға кескінделген болатын.

Кейінгі орта ғасырларда және Қайта өрлеу дәуірі өнерінде де үлгілер қолданылған. Орта ғасырдағы карикатура кейіпкерлері сиқыршылар мен жындар болды. Себебі халық дінге толықтай берілген болатын.

Карикатура өнері қайта өрлеу дәуірінде толықтай пайда болған, халық әжуәлық шығармаларды қабылдай алған. Әлемдік өнертанушылардың айтуы бойынша қайта өрлеудегі ең алғашқы суретші-карикатурист, италияндық ұлы суретші әрі ғалым, «Әмбебап адам» италияндық Ренессанс мұратының жарқын үлгісі- Леонардо да Винчи. Леонардо өзінің карикатуралық туындыларында адамдардың күлкілі дене мүшелеріне көбірек тоқталған. Сондай каритиналарының бірі «Әйел және еркектің бастары» деп аталады. Мұнда бейнеленген кейіпкерлер театр актерлері, суретші бір-біріне қарама-қайшы жандарды бейнелеу арқылы әйел адамды да, еркек адамды да өте күлкілі құбыжық ретінде көрсеткісі келген. [3]

Ал негізі карикатура Хогард Уильям есімімен тығыз байланысты. Хогард Уильям (1697—1764 жылдары өмір сүрген), реализмдік бағытта жұмыс жасаған және әлеуметтік-политикалық сатираны өмірге алып келген суретші-карикатуршик ретінде тарихта аты қалған ірі тұлға. Ол көбінесе буржуазиялық заңдылықтарды, феодалдардың заң бұзушылығын, қара халықтың жағдайын сынап , ащы шындық арқылы үкіметке қарсы шыға білген бірден бір жан. Оның барлық графикалық жұмыстары оның ішінде карикатуралық туындылары да Лондон қаласында орналасқан Соун мұражайында сақтаулы тұр. Атап өтер болсақ: «Сыраланған көше» 1751 жылы, «Парламентке таңдау» 1752 жылы , «Алдыңғы ұйқы» 1754 жылы және тағы да басқа гравюралық жұмыстары бар.

Ол заманда билікке қандай да бір нұқсан келтіріп, қарсы шыққан адамды бірденен халық жауы деп көзін жойып отырған. Сондықтан да ащы шындықты ашып айтуға көп адамдар қорыққанды.

Ең алғашқы сатиралық карикатуралар италяндық шеберлер Агостино Карраче және Лоренцо Бернинидің туындылары болып саналады.Олар юморлық каритиналарды сала отырып халықтың көңіл күйін көтерген. Каритиналарында кішкетай денеге өте үлкен және қорқынышты бастарды әрқилы етіп бейнелеп отырған.

Карикатура қатырмада қағаздарда ,алғашында плакат ретінде қолданылды, кейін газет-журналдарда сызыла бастады. Ондағы басты тақырып әлеуметтік күрес пен ұлт-азаттық қозғалыстар және реформация, 18 ғасырдың аяғындағы Француз революциясы, 1812 жылғы Отан соғысы, (Бұл соғыс империялық Франция мен Ресей империясы арасындағы саяси және экономикалық қайшылықтарға, әсіресе Наполеон жүргізген басқыншылық соғыстарға байланысты басталды. Соғыс Напелон әскерінің Ресей империясының аумағына шабуыл жасауынан бастау алады) 1830 және 1848 – 1849 жылдардағы Еуропа елдеріндегі төңкерістер, Париж коммунасы, 1905 – 1907 жылдардағы Ресейдегі толқулар секілді көптеген саяси тақырыптар болды.Ал карикатуралық шығармаларды суретшілер идеологиялық қару ретінде қолданды.

XVIII ғасырдың бірінші жартысынан бері қарай карикатура жүйелі түрде дами бастады. ХVIII ғасырдың ІІ-жартысы мен ХІХ ғасырдың бас кезі Дж.Гилрей, Ф.Гойя, О.Домье сынды тағы басқа суретшілер карикатураның дамуына үлкен ықпал етті.

Ресейде карикатурашы-суретшілер 1905 жылғы төңкеріс тұсында көбейе түсті. Олар: М.А. Врубель, Б.М. Кустодиев, В.А. Серов, тағы басқа. Ал 1920 – 1930 жылдарда сатиралық журналдардың ашылуына байланысты уытты қыл қалам шеберлерінің есімдері кеңінен танылды.Олар: И.А. Малютин, Ю.А. Ганф, Б.Е. Ефимов, Б.И. Пророков, В.Денисов және Д.Орлов тағы басқа.

Карикатура Ұлы Отан соғысы жылдары (1941 – 1945) фашист басқыншыларына қарсы күресте халықты патриоттық рухта тәрбиелеуде ерекше рөл атқарған өнер түріне айналды. Соғыстан кейінгі жылдары карикатуралық тақырыбының аясы кеңи түсті: халықаралық және ішкі жағдайда, күнделікті өмір-тұрмыста кездесетін кейбір келеңсіз жайларды өткір сынға алған елеулі туындылар өмірге келді.

Қазақ халқының карикатура өнері Ш.Уәлихановтан басталады. Оның азды-кемді графикалық суреттері уытты әзілге арналған. Олар: «Салпаң мұртты қарт», «Балдан кейін», «Қоғалдай мен Тоғолдай» сынды карикатуралық картиналары. Шоқан салған карикатура , шарждық жұмыстар Ыстық көл мен Замандастырың портреттеріне жатады. Шоқан Уәлихановтың карикатуралық жұмыстары көбіне туш және қалам арқылы сызылып, халыққа ұсынылған болатын.

Қазақстанда карикатура, негізінен, 1920 – 1930 жылдары В.И. Антощенко-Оленев, Ә.Ысмайылов, Қ.Қожықов, Б.А. Чекалин, тағы басқа тұлғалардың ықпалымен қалыптасты. Бейімбет, Сәкен сияқты қазақ әдебиеті классиктерінің шарждарын салды.

1956 жылы республикалық «Ара-Шмель» сатиралық журналының шығуына байланысты, қазақтың ұлттық әзіл-оспағы мен уытты шешендігін негіз еткен карикатурашылар А.Р. Ахметов, П.Бейсенов, Н.М. Казанцев, Е.Қалиасқаров, Ж.Қанапиянов, А.И. Латинин, тағы басқалары өсіп жетілді.

Қазіргі жаһанданған ХХІ ғасырда Қазақ жерінде карикатуристер жоқ емес. Еркін Нұразхан 2003 жылы елімізге белгілі 250 адамның карикатурасы бойынша көрмесін өткізген болатын. Еркін Нұразханның ізін жалғастырушылар Нұрлан Тазабек, Сағи Ахтанов, Айдарбек Ғазиз, Ғалым Смағұл, Бақытбек Сияев, Өмірсерік Нұртаев секілді өнерпаздардың карикатураға тереңдеп барып, халыққа жақын жүргендері қуантады.

Ендеше, болашақта Қазақстанда мұсылмандық рухтағы карикатурамен кәсіби түрде айналысушылар шығатыны анық. Яғни дініміз бекіткен қалыптан шықпай­тын, нақты бір орындағы нақты жағдайға арналған сапалы, сенімді карикатура арқылы да Исламға қызмет етуге болады. Ол үшін қағаз және электронды түрдегі бұқаралық апқпарат басшылары «карикатура бетін» ашудан бастап, болашақта конкурстар мен көрмелер өткізетіндей жағдайға жетсе, адамдардың, әсіресе, жастардың карикатура туралы таным-түсінігін байытып, қоғам­дағы бейбітшілік пен келісімге қызмет ететін болады. Себебі, әлемдік қауымдастық ха­лықтардың өзара байланысында жаңа толеранттық тәсілдерді іздеп тауып отырудың қажеттілігін жыл санап, ай санап, тіпті күн санап сезінте түсуде. Бұл мәселеде қоғамдағы қиын сұрақтардың шешімін жеңіл табуға септесетін кари­катураны идеалды көркем құрал деуге болады.

Сізге қызық болуы мүмкін: