Мақала / #студентСөзі
«Сүйгендіктен» – жүрек қалауымен өмір сүруді насихаттаушы фильм
Жуырда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында Әсия Байғожина шеберханасының (4 курс «деректі кино режиссурасы» мамандандыруы) «Сүйгендіктен» (“Потому что люблю”) атты қысқаметрлі фильмінің көрсетілімі өтті.
Бөлім: Кино
Датасы: 09.12.2017
Авторы: Арайлым Рамазан
Мақала
«Сүйгендіктен» – жүрек қалауымен өмір сүруді насихаттаушы фильм
Жуырда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында Әсия Байғожина шеберханасының (4 курс «деректі кино режиссурасы» мамандандыруы) «Сүйгендіктен» (“Потому что люблю”) атты қысқаметрлі фильмінің көрсетілімі өтті.
Бөлім: Кино
Датасы: 09.12.2017
Авторы: Арайлым Рамазан
«Сүйгендіктен» – жүрек қалауымен өмір сүруді насихаттаушы фильм

Арайлым Рамазан

Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, кинотану, IV курс


Жуырда Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының кинозалында Әсия Байғожина шеберханасының (4 курс «деректі кино режиссурасы» мамандандыруы) «Сүйгендіктен» (“Потому что люблю”) атты қысқаметрлі фильмінің көрсетілімі өтті. Деректі кинотуындыны студенттер үстіміздегі жылдың жазында түсірген. Түсірілім тобының құрамында екі режиссер – Камилла Әбделдинова мен Камилла Бердімұратова, администратор – Әйгерім Бақыт, дыбыс операторы – Қанай Қойшын, директор – Бану Рамазанова болды.

Киношығарма дөңгелек үстел айналасында жиналған жастардың қазақ ұлты өкілдері мен басқа ұлт өкілдері арасындағы некелесу мәселесі бойынша пікір таласуынан басталады. Жастардың ойлары әртүрлі, әңгімелері қазақ тілінен орыс тіліне қандай жылдамдықпен ауысса, сол жылдамдықпен ұрыс, айғай-шудан біртекті сөйлесуге көшеді. Талқылау басына қойған тақырыптары өзекті, себебі бүгінгі күнде басқа ұлт өкілдері арасындағы махаббатқа деген көзқарас өзгеруде. «Ол қазақи мәдениетке жат!» - деген пікірлерді ғаламтор желісінен патриоттық сезімге толы жігіттердің жазғандарынан оқимыз. Неліктен жігіттер ғана? Қыз балаларымыздың көбірек толерантты болғанынан ба, әлде, осындай тақырыпқа қатысты ой білдіргілері келмегендіктен бе? Бұл сұрақты қойған себебім: қысқаметрлі фильмді қарау барысында екі ерлі-зайыпты жұп өздерінің хикаяларын айтып берді. Фильмдегі ерлі-зайыптылар бір үлгі бойынша таңдап алынған – қазақ әйел мен орыс ер адам. Кинотуынды барысында студенттердің дөңгелек үстел кезіндегі талқылау жұптардың баяндамаларымен бір ырғақта қабылданған. Жастардың ішінен жігіттер консервативті, яғни, біршама ұлтшыл болса, қыздар көбінесе «жүрекке әмір жүрмейді» деген ойды ұстанған.

Бірінші жұп – Василий мен Жазира. Екеуі студенттік кеште танысып, Жазира Василийді бір көргеннен-ақ «бұйра шашты періште» деп, ал Василий Жазираны «рокерша» деп қабылдайды. Екінші жұп – Дана мен Сергей, өнер саласында жұмыс істейді, атап айтсақ, олар кино түсірілім тобының мүшелері. Дана өзін, жұбайына қарағанда, орыстанған қазақ санайды, - «Күйеуім қазақшаға судай!», - деп күледі. Халқымыздың ана тілінде сөйле алмайтыны, немесе түсіне, біле тұра, басқа, шет тілін таңдауы бүгінгі күнде көп кездесетін, туған тілімізге қатысты ең маңызды мәселелердің бірі.

Киношығарма күрделі түрде араласып кеткен үш бөліктен тұрады: 1) дөңгелек үстел басында жиналған студенттердің еркін түрде, импровизация ретінде өткен біршама жиналыс; 2) ерлі-зайыптылардың әрқайсысы камера алдында өзін еркін ұстап сұхбат бере отыра, махаббатқа деген өзіндік көзқарасын, хикаяларын баяндайды; 3) сауалнама, яғни, көшедегі жолаушылардан «басқа ұлт өкілдері арасындағы некелесу мүмкіндігі» жайлы ойларымен бөлісуді фильм авторлары өтінеді. Қатысушылардың жасы, ұлты, жынысы әртүрлі болғанымен, көбісі – барлығы адамның өзіне байланысты – деген ұстаныммен бөлісті. Әлбетте, фильм кейіпкерлерінің еш қысылмай ашылуы түсірілім тобының жұмыс барысындағы көрсеткен кәсібилігінде де жатыр. Кинотуынды аты затына сай деген осы: «Сүйгендіктен», - жүрек қалауымен өмір сүруді насихаттаушы фильм.