Ретроспективада Ержановтың келесі картиналары көрсетіледі:
- 01.02 — «Үкілі Камшат» (2014) 16:00
- 02.02. — «Қаратас ауылындағы оба» (2016) 16:00
- 03.02. — «Түнгі Құдай» (2018) 19:00
- 04.02 — «Әлемнің мейірлі енжарлығы» (2018) – 19:00. Көрсетілімнен кейін режиссер Әділхан Ержановпен сұрақ-жауап сессиясы өтеді.
- 05.02 — «Қап-қара адам» (2019) 19:00
Әділхан Ержанов, режиссер және сценарист, 1982 жылы 7 тамызда Жезқазған қаласында дүниеге келген.
2009 жылы Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын "режиссура" мамандығы бойынша бітірген.
Әділхан Ержанов - Канн халықаралық кинофестивалінің ресми бағдарламасының екі дүркін қатысушысы ("Үкілі Камшат", 2014, және "Әлемнің ерке енжарлығы", 2018 жыл "Ерекше көзқарас" бағдарламасы).
“Қап-қара адам” фильмі үшін “Asia Pacific Screen Awards-2019” (Азиялық “Оскар”) жүлдесінің “Үздік режиссер” номинациясының жеңімпазы
EFA Еуропалық киноакадемиясының мүшесі.
APSA Азиялық-Тынық мұхит кинопремиясы академиясының мүшесі.
* 2017 жылы Брисбенде APSA халықаралық қазылар алқасының құрамында болды.
"Үкілі Камшат" және "Әлемнің ерке енжарлығы" фильмдері APSA сыйлығын алуға "Үздік фильм", "Үздік сценарий" және "Үздік қоюшы оператор" санаттарында ұсынылды.
Ә.Ержановтың жұмыстары көптеген халықаралық кинофестивальдерде бірнеше рет мойындалды.
"Үкілі Камшат" фильмі әлемдік жетекші киносыншылармен жоғары бағаланып, 2015 жылы Бусан Халықаралық кинофестивалінің "100 үздік азиялық фильмдер" каталогына кірді.
2014 Atelier Cinefondation Канн халықаралық кинофестивалінің, Берлин Халықаралық кинофестивальдің Berlinale Talents'2014 шеберханасы және Locarno Open Doors-2010 бағдарламасының қатысушысы.