"Алтын тобылғы" байқауының жеңімпаздары анықталды

2017 жылдың 13 желтоқсанда Назарбаев орталығында жас жазушыларға арналған «Алтын тобылғы» жыл сайынғы республикалық байқауының қорытындысы бойынша Қазақстанның ең үздік жас жазушылары марапатталды. Іс-шара ҚР Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылды.
"Алтын тобылғы" байқауының жеңімпаздары анықталды

Байқау жыл сайын ҚР
Тұңғыш Президенті – Елбасының қорымен, сонымен қатар
Қазақстан
Жазушылар одағы мен Мемлекеттік тілді дамыту қорының қолдауымен
өткізілуде.

Байқаудың негізгі
мақсаты – ұлттық әдебиетте жаңа есімдерді қалыптастыру және жас қаламгерлердің
өмірлік философиясын көрсететін қазіргі заманғы әдебиетке қоғамның
қызығушылығын арттыру болып табылады.

Байқауға еліміздің 18-35 жас аралығындағы жас дарындар қатысты. Бұдан бұрын еш жерде
жарияланбаған туындылар ғана қабылданды.
«Алтын Тобылғы»
сыйлығы «Үздік проза», «Үздік поэзия»,
«Үздік драматургия», «Үздік балаларға арналған шығарма» және «Туған ел»
арнайы номинациялары бойынша беріледі.

Марапаттау рәсімі барысында ҚР
Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының атқарушы директоры Жұмабаев Қанат былай деді:
«Алтын тобылғы» б
айқауы Қазақстанның жас
таланттарын қолдауға бағытталған және олардың әдебиет саласындағы шығармашылық
әлеуетін көпшілікке танымал етуге мүмкіндік береді. Жас ақын-жазушылар,
прозаиктер мен драматургтердің жаңа есімдері елге танымал болып, шығармалары қазіргі
заманғы әдебиетте лайықты орынға ие болуда. Осындай байқаулардың көмегімен қазақтың
атақты ақын – жазушылары Абай Құнанбаев, Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезов сияқты болашақта
жарық жұлдыздар шығады деген үміттемін. Биыл біз
«Алтын тобылғы»
байқауының
2015 және 2016
жылғы үздік жұмыстарынан тұратын кітап басып шығардық. Ал бүгін 2017 жылдың
үздік қаламгерлерін марапаттап отырмыз. Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймын!»
    

Шығармаларды еліміздің танымал мәдениет
қайраткерлері, ақын-жазушылар және журналистерден құрылған Қазылар алқасы
сараптады. Қазылар алқасын Қазақстанның жазушылар одағының басқарма төрағасы
Оразалин Нұрлан басқарды. Байқауға ұсынылған жұмыстар жанрға сәйкестік, ойлау дербестігі, авторлық
ұстаным, баяндау реттілігі мен мағыналылығы, идея ерекшелігі, әдеби-көркем
құндылығы, көркемдік қиял мен шығармашылық көзқарас, эстетикалық әсер тереңдігі
сияқты өлшемдер бойынша бағаланды. Байқауға ұсынылған туындыларды бағалау
әділдігі барынша жоғары болу үшін шығарма лақап атпен қабылданып, сараптау
кезінде қазылыр алқасы шығармалар авторларының есімдерін білмеді.

Байқауға 132 қатысушы өз туындыларын жіберді. Соның
ішінде үздік деп келесі қаламгерлер таңдалды:

1) «Үздік проза» номинациясы
бойынша - Сарыбаев Бейбіт Шегебайұлы атанды.
Сыйлық қоры - 1 000 000 тг;

2) «Үздік поэзия» номинациясы
бойынша - Қарт Мерей Мейртайұлы және
Нұрғалым Ұларбек
атанды. Сыйлық қоры – әрбір жеңіпмазға 750 000
теңгеден;

3) «Балаларға арналған үздік
шығарма» номинациясы бойынша - Әлмаш
Айсұлу Жолтайқызы және Туреханова Зауре Галымбековна
атанды. Сыйлық қоры –
әрбір жеңімпазға 750 000 теңгеден;

4) «Туған ел» тақырыбына арналған үздік әдеби туынды бойынша - Мақпал Мазаққызы Мыса атанды. Сыйлық
қоры - 1 500 000 тг.

Бас жүлде иегері Мақпал Мыса

Биыл, өкінішке қарай, «Үздік
драматургия»
номинациясы бойынша байқаудың барлық шарттарына сәйкес келетін жұмыстар
болмады.

Іс-шараға танымал мемлекеттік және қоғам қайраткерлері қатысты: ҚР
Парламентінің Мәжіліс депутаттары - Сұлтанов
Қуаныш, Сейдуманов Серік, Ахметов Сапар, Мамыраев Бейбіт
; Қазақстанның
Жазушылар одағының төрағасы - Оразалин Нұрлан,
композитор, қоғам қайраткері -
Мұхамеджанов Төлеген,
М.Горький атындағы театр директоры - Қасенов Еркін, «Қоғамдық келісім»
РММ директоры - Тараков Александр,
ақын - Сарин Қалқаман және басқалар.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры «Алтын
Тобылғы» әдебиет сыйлығын  алғаш рет 2015 жылы тағайындады. Байқау
еліміздің шығармашыл дарынды жастарын қолдауға арналған Тұңғыш Президент
қорының жобаларының бірі болып табылады.

ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қорының баспасөз қызметі